Меню

Страницы

Статья

Цифрландыру

Жұмыстарды басқару, есепке алу және мониторинг жүйесі (FSM-MobileKZ)

2020 жылы облыста ЖҚЖК іске асыру мониторингі жүйесінің пилоттық жобасы іске асырылды. Жоба Жұмыспен қамту орталығы арқылы ЖҚЖК 200-ден астам нысаны мен 75 мердігерлік ұйымда орындалған жұмыстар мен қызметкерлерді жалдау мәртебесінің мониторингін қамтамасыз етті. 2021 жылдың бірінші жартысында Екібастұз және Ақсу қалаларын қамту жоспарлануда.

 

«Мой Павлодар» мобильді қосымшасы

2021 жылдың қаңтар айында "Aitu" платформасында "Мой Павлодар" мобильді қосымшасы іске қосылды. Мобильді қосымша жаңалықтар арналарын, сауалнамалар мен дауыс беруді қарастырады.

Сондай-ақ мобильдік қосымшада өтініш беру функционалы, қала әкімінің жеке қабылдауына жазылу, төлемдер және пайдаланушының жеке кабинеті іске асырылған.

 

Павлодар облысының геоақпараттық порталы.

Осы жобаны іске асыру аймақ бойынша кеңістіктік деректер үшін бірыңғай платформа құруды, сондай-ақ жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы саласындағы мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды қамтамасыз етті.

Бүгінгі күні ашық картада Павлодар қаласы мен инженерлік желілердің бас жоспарлары, егжей-тегжейлі жоспарлау жоспары, қызыл сызықтар мен өзге де картографиялық деректері жарияланған.

 

Телекоммуникация және байланыс.

 

Интернет.

Қазіргі уақытта Павлодар облысында облыстың 352 ауылдық елді мекенінің 343 ауылдық елді мекені Интернет желісіне қосылған, 9-ы CDMA /EVDO технологиясы бойынша қамту аймағынан тыс жерде болуына байланысты Интернет желісімен қамтылмаған. Облыс бойынша қамту деңгейі 97% құрайды.

Телекоммуникация саласында облыстың барлық ауылдық елді мекендері 100% толық телефондандырылған.

 

Ұялы байланыс.

Ұялы байланысқа қолжетімділік 336 АЕМ-де қамтамасыз етілген, жалпы қамту 95,4% - ды құрайды. Қазіргі уақытта 16 АЕМ-де ұялы байланысқа қолжетімділік жоқ.

Телекоммуникация саласын одан әрі дамыту мақсатында 2021-2022 жылдары ҚР ЦДИАӨМ саны 250 адамнан кем АЕМ-ді қамту жөніндегі жобаны көздейді. Сондай-ақ ұялы байланыс операторлары ("Кселл" АҚ, "Мобайл Телеком Сервис" ЖШС, "КарТел" ЖШС) арасында меморандумға қол қою және ұялы байланысты қамту және жақсарту бойынша жоспар-кестені жасау көзделеді.

 

Дата публикации
30 апреля 2021
Дата обновления
30 апреля 2021
Тип

Сейчас читают

Ақпарат
17 октября 2026
Электронды БАҚ
Ақпарат
17 октября 2026
Бaспа БАҚ
Ақпарат
17 октября 2026
Интернет БАҚ

Социальные медиа

Facebook
Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы