Меню

Страницы

Статья

2021 жылғы қаңтар-наурыздағы Павлодар облысы әлеуметтік-экономикалық дамуының қысқаша қорытындылары

 

 

 

www.stat.gov.kz

Баспасөз хабарламасы

           № 5-30/32

           2021 жылғы 14 cәуір

 

2021 жылғы қаңтар-наурыздағы Павлодар облысы
әлеуметтік-экономикалық дамуының қысқаша қорытындылары

 

ЭКОНОМИКАЛЫҚ СЕКТОР

Қысқа мерзімді экономикалық индикатор 2021 жылғы қаңтар-наурызда 2020 жылдың қаңтар-наурызына қарағанда 99,6% құрады. Қысқа мерзімді экономикалық индикаторды есептеу жеделділікті қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылады және ЖІӨ-ң 60%-ын аса құрайтын ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, құрылыс, сауда, көлік және байланыс сияқты негізгі салалар бойынша шығарылым индекстерінің өзгеруіне негізделеді.

2020 жылғы қаңтар-қыркүйектегі өндірілген жалпы өңірлік өнімнің көлемі 1891,6 млрд. теңгені және
2019 жылғы сәйкес кезіңімен салыстырғанда 97,4%-ды құрады.

2021 жылғы қаңтар-наурызда негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 66,6 млрд. теңгені, немесе
2020 жылға қаңтар-наурызбен салыстырғанда 119,2%-ды құрады. Инвестициялардың негізгі көзі меншікті қаражат болып табылады 55,7 млрд. теңге, немесе жалпы инвестиция көлемінің 83,6%-ын құрады.

2021 жылғы қаңтар-наурызда құрылыс жұмыстарының көлемі 14,7 млрд. теңгені құрады, нақты көлемінің индексі – 101,3%.

Тұрғын ғимараттардың жалпы алаңы 38646 шаршы метр пайдалануға берілді, немесе 2020 жылғы қаңтар-наурызбен салыстырғанда 80,6%-ды құрады.

2021 жылғы қаңтар-наурызда өнеркәсіп өндірісінің көлемі 573,7 млрд. теңгені құрады, өнеркәсіп өндірісінің индексі – 103,7%.

Тау-кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазуда нақты көлемінің индексі – 97%, өңдеу өнеркәсібінде
– 104,6%, электр энергиясымен, газбен, бумен, ыстық сумен және ауаны кондициялаумен жабдықтауда – 108,5%, сумен жабдықтау; қалдықтарды жинау, өңдеу және жою, ластануды жою бойынша қызметінде – 131,3% құрады.

Өнеркәсіп өндірісінің қызмет түрлерінің бөліктері мынаған сай келеді, 61% – өңдеу өнеркәсібіне, 21,5% – тау-кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазуға, 16,7% – электр энергиясымен, газбен, бумен, ыстық сумен және ауаны кондициялаумен жабдықтауға, 0,8% – сумен жабдықтау; қалдықтарды жинау, өңдеу және жою, ластануды жою бойынша қызметіне.

2021 жылғы қаңтар-наурызда ауыл, орман және балық шаруашылығының жалпы өнім көлемі
31,6 млрд. теңгені құрады, нақты көлем индексі 103,2%, соның ішінде мал шаруашылығы бойынша тиісінше
29,9 млрд. теңге және 103,3%, өсімдік шаруашылығы бойынша тиісінше 1,5 млрд. теңге және 100%.

2021 жылғы қаңтар-наурыздағы жүк айналымының көлемі 4,8 млрд. ткм, немесе 2020 жылдың сәйкес кезеңіне 110,7% -ды құрады.

2021 жылғы қаңтар-наүрыздағы  «Байланыс» саласы бойынша нақты көлемінің  индексі 100,1% құрады.

2021 жылғы қаңтар-наурыздағы бөлшек сауда көлемі 88,3 млрд. теңгені құрады, нақты көлемінің индексі – 96,8%.

Көтерме сауда тауар айналымының көлемі 86,9 млрд. теңгені құрады, нақты көлемінің индексі – 106,1%.

2021 жылғы қаңтар-ақпандағы Павлодар облысының ЕАЭО мүше-мемлекеттермен өзара саудасы
186,4 млн. АҚШ долларын құрады. Өзара сауда құрылымында импорт басым болды және 50,6%-ды құрады (облыстан 94,3 млн. АҚШ долларына тең тауар шығарылды), экспорттың үлесі 49,4%-ды құрады (облысқа әкелінген тауарлардың көлемі 92,1 млн. АҚШ долларына тең).

2021 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша тіркелген заңды тұлғалардың саны 16828 бірлікті құрады, оның ішінде 16488 бірлік жұмыскерлерінің саны 100 адамнан кем. Жұмыс істейтін заңды тұлғалардың саны
13434 бірлікті құрады, оның ішіндегі шағын кәсіпорындар (100 адамнан кем) 13094 бірлікті құрады.

2021 жылғы наурыздағы тұтыну бағасының индексі 2020 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 101,7%-ды,
азық-түлік тауарларының бағасы – 102,8%-ды, азық-түлік емес тауарлары – 101,5-ды, ақылы қызметтер – 100,6%-ды құрады.

2021 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша облыстың бизнес құрылымындағы шағын және орта кәсіпкерлік (ШОК) жұмыс істеп тұрған субъектілерінің саны 46233 бірлікті немесе 2020 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 103% құрады, соның ішінен 10970 бірлік – шағын кәсіпкерліктің заңды тұлғалары, 109 бірлік – орта кәсіпкерліктің заңды тұлғалары, 31664 бірлік – жеке кәсіпкерлер, 3490 бірлікті шаруа немесе фермерлік қожалықтары құрады.

2020 жылғы қаңтар-желтоқсандағы ШОК субъектілерімен өнім (тауарлар мен қызметтер) шығару
895,3 млрд. теңгені немесе 2019 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 93,1% құрады.

2021 жылдың 1 қаңтарына ШОК жұмыспен қамтылғандар саны 132 мың адам немесе 2020 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 95,4% құрады.

 

ӘЛЕУМЕТТІК СЕКТОР                                                                  

2021 жылғы 1 наурызға Павлодар облысы халқының саны 750488 адамды құрады. Қала халқы – 530079 адам (70,6 %), ал ауыл халқы – 220409 адам (29,4%) саналады.

2020 жылғы IV тоқсандағы (алдын ала деректер бойынша) халықтың орта есеппен жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табыстары 129209 теңгені құрады, бұл 2019 жылдың сәйкес кезеңіне қарағанда 12,5%-ға артық көрсеткіш. Көрсетілген кезеңдегі нақты ақшалай табыстары 4,5%-ға артты.

2020 жылғы IV тоқсандағы қызметкерлерге есептелген орташа айлық атаулы жалақы 209,8 мың теңгені, немесе 2019 жылдың сәйкес тоқсанына 118,3%-ды құрады. Нақты жалақы индексі 109,8% құрады. Жалдамалы қызметкерлер саны 195,6 мың адам құрады.

2020 жылғы IV тоқсанда жұмыс күшінің саны 403,8 мың адамды немесе 15 жас және одан жоғары жастағы халық санының 69,8%-ын құрады. Жұмыссыздық деңгейі жұмыс күші санына 4,8%-ды құрады. Жұмыспен қамту органдарында жұмыссыздар ретінде тіркелгендер саны 2021 жылғы наурыздың соңына 6,8 мың адамды немесе жұмыс күшіне 1,7%-ды құрады.

 

www.stat.gov.kz/region/263009/ Басты бет > Жаңалықтар

 

Орындаушы:

С.Қ. Садвоқасова

Тел. +7 7182 53 30 86

 

Басқарма басшысы:

Г.С. Кереева

Тел. +7 7182 53 30 86

Баспасөз қызметі:

С.Қ. Садвоқасова

Тел. +7 7182 53 30 86

E-mail: PavlStatPress@mail.ru

Мекенжай:

140000, Павлодар қаласы

Ген.Дүйсенов к., 9

E-mail: modem.pavlodar@statdata.kz

 

© Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі
    Ұлттық статистика бюросының Павлодар облысы бойынша департаменті

Дата публикации
16 апреля 2021
Дата обновления
16 апреля 2021
Тип
БАҚ үшін

Сейчас читают

Ақпарат
17 октября 2026
Электронды БАҚ
Ақпарат
17 октября 2026
Бaспа БАҚ
Ақпарат
17 октября 2026
Интернет БАҚ

Социальные медиа

Facebook
Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы