Меню

Страницы

Статья

Әйелдер мен ерлер

Әйелдер мен ерлер

2021 жылдың 1 қаңтарына Павлодар облысында тұратын әйелдер саны 395 мыңға жуық адамды құрады, бұл еркектерге қарағанда 11%-ға көп. Бастапқыда қыздар ұлдарға қарағанда аз туады, (2020 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша) 0-4 жас шамасында 1000 ұлға 943 қыздан келеді. Олардың санындағы айырмашылық 30-34 жас аралығында байқалады. Осы жастан бастап келесі жас шамаларына қарай әйелдер саны басым бола бастайды: 1000 еркекке 1003 әйелден келеді. 35-39 жас шамасындағы 1000 еркекке 1044 әйелден, 40-44 жастағыларға 1091 әйелден келеді, ал 70 және жоғары жастағы әйелдер саны ерлерден 2,3 есе көп. Әйелдердің күтілетін өмір ұзақтығы ерлерге қарағанда 9,9 жылға жоғары болып, 77 жасты құрады.

2020 жылғы тіркелген актілерге сәйкес алдын ала деректер бойынша облыста 4870 неке жұбы құрылса,
1187 ажырасты (деректер тіркеу органдарында тіркелген ажырасулар бойынша қалыптастырылған некені  бұзу туралы сот шешімдері ескерілмеген). Некелік-отбасылық қатынастар туу деңгейіне тікелей әсер етеді. Өткен жыл ішінде 11861 сәбидің дүниеге келгені тіркелді, бұл 2019 жылдың деңгейінен 2,8% көп. Туғандардың 48,9% қыздар.

2020/2021 оқу жылы докторанттардың жалпы санындағы әйелдер үлесі 70,8%, магистранттар – 57,9%, ЖОО студенттері – 52,4%, колледж студенттері 45%-ды құрайды.

2020 жылғы IV тоқсанда жүргізілген халықтың жұмыспен қамтылуын іріктемелі зерттеу деректері бойынша жұмыс күшінің жалпы санында әйелдер 204,6 мың адамды немесе облыстың барлық жұмыс күші санының 50,7%-ын құрады.

 

Жұмыспен қамтылған халықтың жалпы санында әйелдер саны 2020 жылдын IV тоқсанында 194,8 мың адамды құрады (50,6%-ды), оның ішінде 164,9 мың әйел жалдамалы жұмыспен, 29,9 мың – жұмыспен қамтылған халықтың басқа санаттарында жұмыс істейді.

Экономикалық қызмет түрлері бойынша, әсіресі   тұру және тамақтану қызмет көрсету саласында 79,2%-ды әйелдер құрайды, білім беру саласында – 73,9%, көтерме және бөлшек сауда – 70,3%, денсаулық сақтау және халыққа әлеуметтік қызмет көрсету – 69,3%,  кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет – 65,2%. Көлік және қойма, құрылыс, ақпарат коммуникация, жылжымайтын мүлік  операциялары сияқты салаларда  әйелдерге сұраныс аз -  26-32%.

2020 жылғы IV тоқсанында жұмыссыздық деңгейі 4,8% құрады, оның ішінде әйелдер – 4,8%, ерлер – 4,7%.

2021 жылдың 1 қаңтардағы жағдай бойынша Павлодар облысында жұмыс істеп тұрған заңды тұлғаларды –29,8% әйел, жұмыс істеп тұрған дара кәсіпкерлік субъектілерді 49,9%-ы әйел басқарады.

www.stat.gov.kz/region/263009/ Басты бет > Жаңалықтар

 

Орындаушы:

Д.К. Макишева

Тел. +7 7182 53 29 97

Басқарма басшысы:

А.М. Досмухамбетова

Тел. +7 7182 53 29 97

Баспасөз қызметі:

С.К. Садвокасова

Тел. +7 7182 53 30 86

E-mail: PavlStatPress@mail.ru

Мекенжай:

140000, Павлодар қаласы

Ген. Дүйсенов көшесі, 9

E-mail: modem.pavlodar@statdata.kz

© Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі
    Ұлттық статистика бюросының Павлодар облысы бойынша департаменті

Дата публикации
04 марта 2021
Дата обновления
04 марта 2021
Тип
БАҚ үшін

Сейчас читают

Ақпарат
17 октября 2026
Электронды БАҚ
Ақпарат
17 октября 2026
Бaспа БАҚ
Ақпарат
17 октября 2026
Интернет БАҚ

Социальные медиа

Facebook
Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы