Павлодар облысындағы шағын және орта кәсіпкерліктер мониторингі
2021 жылғы 1 қаңтарға жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 2020 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 0,7%-ға өсті және 45,8 мың бірлікті құрады. Оның ішінде: 10,9 мың – заңды тұлғалар,
31,5 мың – жеке кәсіпкерлер, 3,4 мың – шаруа немесе фермерлік қожалықтар.
2020 жылғы 1 қазанға шағын және орта кәсіпкерлікте жұмыспен қамтылғандардың саны 3,3%-ға азайды және 131,8 мың адамға жетті. 2020 жылғы қаңтар-қыркүйектегі шағын және орта кәсіпкерліктің субъектілерімен өнім (тауар және қызмет) шығару (салыстырмалы бағада) 7,2%-ға кеміді және 601,4 млрд. теңгені құрады. Республиканың өнім (тауар және қызмет) шығарудағы облыстың үлес салмағы 2,8%-ды құрады.
Шағын және орта кәсіпкерлік көрсеткіштері
|
|
2021 жылғы бірлік |
2020 жылғы қамтылғандар саны, адам |
2020 жылдың қаңтар-қыркүйектегі өнім шығару, млн. теңге |
|
Барлығы |
45 809 |
131 820 |
601 374 |
|
шағын кәсіпкерліктің заңды тұлғалары |
10 740 |
48 031 |
321 315 |
|
орта кәсіпкерліктің заңды тұлғалары |
113 |
17 908 |
156 289 |
|
жеке кəсіпкерлер |
31 549 |
58 319 |
54 288 |
|
шаруа немесе фермерлік қожалықтар |
3 407 |
7 562 |
69 482 |
www.stat.gov.kz/region/263009/ Басты бет > Жаңалықтар
|
Орындаушы: М.В. Сағынова Тел. +7 7182 53 27 73 |
Басқарма басшысы: М.В. Сағынова Тел. +7 7182 53 27 73 |
Баспасөз қызметі: С.К. Садвокасова Тел. +7 7182 53 30 86 E-mail: PavlStatPress@mail.ru |
Мекенжай: 140000, Павлодар қаласы Ген. Дүйсенов к., 9 E-mail: modem.pavlodar@statdata.kz |
© Павлодар облысының Статистика департаменті