Несиелендіру
Облыс ауыл шаруашылығы басқармасы шағын қалалар мен ауылдық елді мекендерде шағын кредит беру және кепілдендіру бөлігінде нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту мемлекеттік бағдарламасының екінші бағытының әкімшісі болып табылады.
Бағдарламаны іске асыруға ағымдағы жылы республикалық бюджеттен 1 725 591 мың теңге бөлінді.
Бағдарламаның операторлары «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ және «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ болып табылады.
Бүгінгі күні барлығы 1 725 591 мың теңгеге 433 жоба қаржыландырылды (100% игерілді), 505 жұмыс орны құрылды.
- «АШҚҚҚ» АҚ ПФ – 1 035 354,6 мың теңгеге 284 жоба, 356 жұмыс орны;
- «АНК» АҚ ПФ – 690 236,4 мың теңгеге 149 жоба, 149 жұмыс орны.
Жалпы қаржыландырылған жобалардың негізгі үлесі немесе 80% - ы мал шаруашылығы саласын дамытуға және 20% - ы басқа бағыттарға, оның ішінде қызмет көрсету саласын дамыту үшін ауыл шаруашылығы техникасы мен жабдықтарын сатып алуға бағытталған.
Несиелендіру тәртібі, шағын несие беру мерзімі – 6,5 жылға дейін (78 ай). Негізгі борышты өтеу бойынша жеңілдікті кезең-кредит мерзімі ұзақтығының үштен бірінен аспайды (яғни, егер кредит 6,5 жылға ресімделген болса, 2,2 жыл). Сыйақыны өтеу бойынша жеңілдікті кезең-9 айдан аспайды.
Шағын несиенің максималды сомасы – 4,0 млн. теңгеге дейін, мал шаруашылығындағы зәкірлік кооперацияны дамыту үшін – 12,0 млн.теңгеге дейін, қаржы институты есебінен 30 млн. теңгеге дейін. Номиналды сыйақы мөлшерлемесі – жылдық 6%-дан аспайды. Өтеу мерзімділігі – ай сайын/тоқсан сайын/жарты жылда 1 (бір) рет/жылына 1 (бір) рет, несие беру мерзімі ішінде ішінара/толық мерзімінен бұрын өтеу мүмкіндігімен.
Кепілдендіру
«Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ ауылдық елді мекендер мен шағын қалаларда берілетін несиелерге/шағын несиелерге кепілдік беру бойынша жұмыс жүргізуде.
«Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ ПФ облыстың кредиттік серіктестіктері ұсынатын кредиттер бойынша кепілдіктер береді, онда ісін жаңа бастаған кәсіпкерлер үшін кепілдік мөлшері кредит сомасының 85% – ына дейін, жұмыс істеп тұрған кәсіпкерлер үшін – кредит сомасының 50% - ына дейін құрауы мүмкін.
Клиентке кепілдік тегін беріледі.
Кепілдік беру үшін комиссияны төлеуге арналған қаражат көлемі 2020 жылы 42,8 мың теңгені құрайды. Комиссия кепілдік сомасының 30% мөлшерінде болған кезде 2020 жылы болжанатын кепілдіктер көлемі 23 703 мың теңгені құрайды, оның 22 773 мың теңгесі (96%) игерілді.
«Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ филиалында кепілдік беру жөніндегі менеджер жүргізетін әлеуетті қарыз алушыларға кеңес беру бойынша жұмыс ұйымдастырылды. Филиал 75,9 млн. теңгеге 17 жобаның кепілгері болды, бүгінгі күні осы бағыт бойынша жұмыс жалғасуда.