2020 жылғы 27 қарашада Павлодар облыстық аумақтық сайлау комиссиясына "Ауыл" Халықтық-демократиялық патриоттық партиясы қоғамдық бірлестігінің Павлодар облыстық аумақтық филиалы өкілінен құжаттар келіп түсті:
- "Ауыл "ХДПП қоғамдық бірлестігінің жоғары басшы органының Павлодар облыстық мәслихатының депутаттығына кандидаттардың партиялық тізімін ұсыну туралы хаттамасынан үзінді көшірме.
- Партиялық тізім.
- Саяси партияны уәкілетті органда тіркеу туралы құжаттың көшірмесі 7 азаматтардың өмірбаяндық деректері бар партиялық тізімге енгізуге келісімі туралы өтініші
- Жеке куәліктің көшірмесі.
- Уәкілетті адам қол қойған және саяси партияның мөрімен расталған саяси партияның мүшелігін растайтын партиялық билеттердің көшірмелері.
Саяси партияның төрағасына партиялық тізімге енгізілген әрбір тұлға үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген ең төменгі жалақының бес еселенген мөлшерінде жергілікті атқарушы органның шотына сайлау жарналарын төлеу үшін банктің деректемелері ұсынылды.