Меню

Страницы

Статья

Павлодар облысында «Мерейлі отбасы – 2026» ұлттық байқауының облыстық кезеңінің жеңімпаздары мен жүлдегерлерін, сондай-ақ қатысушыларын салтанатты марапаттау рәсімі өтті

Биылғы байқауға өңірдің барлық қалалары мен аудандарынан отбасылар қатысты. Павлодар облысы бойынша байқауға 172 өтінім келіп түсті. Алдын ала іріктеу қорытындысы бойынша облыстық кезеңге 13 отбасы жолдама алып, өздерінің отбасылық тарихын, жетістіктерін, дәстүрлері мен қоғамдық өмірге қосқан үлесін таныстырды.

Салтанатты марапаттау рәсіміне Павлодар облысы әкімінің орынбасары Айгүл Маликова қатысты. Ол отбасыларды облыстық кезеңнің жеңімпаздары мен жүлдегерлері атануларымен құттықтап, берік әрі бақуатты қоғам қалыптастырудағы отбасының ерекше рөлін атап өтті.

«Отбасы – адам өміріндегі басты құндылықтар қалыптасатын, үлкенге құрмет, кішіге ізет пен жауапкершілік тәрбиеленетін орта. Бүгін мұнда бірлік, өзара түсіністік пен қолдаудың отбасылық берекенің негізі екенін өз үлгісімен көрсетіп жүрген жанұялар жиналды. Байқауға белсенді қатысып, жас ұрпаққа үлгі болған әрбір отбасына алғысымды білдіремін», – деді Айгүл Маликова.

Облыстық кезеңнің қорытындысы бойынша Бас жүлдеге Ақтоғай ауданынан Кенжебаевтар отбасы ие болды. Бірінші орынды Павлодар қаласынан Дубай отбасы, екінші орынды Май ауданынан Бисмильдиндер отбасы, үшінші орынды Шарбақты ауданынан Кармановтар отбасы иеленді.

Бас жүлде иегері Кенжебаевтар отбасы Павлодар облысының атынан «Мерейлі отбасы – 2026» ұлттық байқауының республикалық кезеңіне қатысады.

Облыстық кезеңге қатысқан отбасылар өзара сыйластық пен берік отбасылық қарым-қатынастарды, ұрпақтар сабақтастығын ғана емес, сонымен қатар белсенді азаматтық ұстанымын, кәсіби жетістіктерін, қоғамдық өмірге қатысуын және ұлттық дәстүрлерді сақтауға қосқан үлесін көрсетті.

Салтанатты шара барысында байқаудың жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне арнайы дипломдар, алғыс хаттар және бағалы сыйлықтар табысталды.

Дата публикации
03 сентября 2026
Дата обновления
03 сентября 2026
Тип

Сейчас читают

Ақпарат
21 октября 2026
Видеоролики
Ақпарат
21 октября 2026
Аудиоролики
Ақпарат
17 октября 2026
Электронды БАҚ

Социальные медиа

Facebook
Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы