2026 жылғы 1 шілдесінде Павлодар облысы әкімінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өткізілді. Отырыс барысында өмірлік қиын жағдайға тап болған отбасыларды анықтау және оларға кешенді әлеуметтік қолдау көрсету, сондай-ақ тұрмыстық зорлық-зомбылықтың, алкоголизм мен нашақорлықтың алдын алу мәселелері бойынша мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес ұйымдардың ведомствоаралық өзара іс-қимылын жетілдіру мәселелері қаралды.
Ведомствоаралық ынтымақтастықтың тиімділігін арттыруға, мүдделі мемлекеттік органдар мен азаматтық қоғам институттарының қызметін үйлестіруге, сондай-ақ отбасы институтын нығайтуға, әйелдер мен балалардың құқықтарын қорғауға, әлеуметтік қолайсыздықтың алдын алуға және халықтың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған практикалық шараларды әзірлеуге ерекше назар аударылды.