Меню

Страницы

Статья

Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі облыстық комиссияның отырысы

Ағымдағы жылғы 10 сәуірінде Павлодар облысы әкімінің орынбасары А.Қ. Маликованың төрағалығымен Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі облыстық комиссияның отырысы өтті. Жиынға комиссия мүшелері,  қалалар мен аудандар әкімдіктерінің орынбасарлары, сондай-ақ қоғамдық ұйымдар қатысты.

Отырыста бірқатар өзекті мәселелер қаралды. Атап айтқанда, жастар арасында отбасылық құндылықтарды насихаттау, саналы ата-ана болу мәдениетін қалыптастыру және Әкелер кеңесінің жұмысын күшейту мәселелері талқыланды. Сонымен қатар әйелдердің репродуктивті денсаулығын сақтау, ана мен нәресте өлімі көрсеткіштерін төмендету, Денсаулықты қолдау орталықтарының қызметін жетілдіру бағыттары қаралды. Бұдан бөлек, әйелдер арасындағы жұмыссыздық деңгейін төмендету бойынша атқарылып жатқан шараларға назар аударылды. Баяндамашылар өз салалары бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы есеп беріп, қолданыстағы өзекті мәселелерді көтерді. 

Талқылау барысында бірқатар ұсыныстар айтылып, алдағы кезеңге нақты міндеттер айқындалды. Жиын қорытындысы бойынша мемлекеттік органдарға тиісті тапсырмалар беріліп, аталған бағыттардағы жұмысты күшейту тапсырылды.

Дата публикации
21 июля 2026
Дата обновления
21 июля 2026
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
21 октября 2026
Видеоролики
Ақпарат
21 октября 2026
Аудиоролики
Ақпарат
17 октября 2026
Электронды БАҚ

Социальные медиа

Facebook
Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы