Меню

Страницы

Статья

ЖСК туралы ереже

Павлодар облыстық аумақтық

сайлау комиссиясының

2025 жылғы «9» қыркүйектегі

№ 57 қаулысымен бекітілген

 

Павлодар облыстық аумақтық сайлау комиссиясы

жанындағы жас сайлаушылар клубы туралы

ереже

 

1. Жалпы ережелер

1. Павлодар облыстық аумақтық сайлау комиссиясы жанындағы жас сайлаушылар клубы (бұдан әрі-Клуб) жас азаматтардың, сайлау процесіне қатысушылардың еркін бірлестігі болып табылады және «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 14-бабының 11-1) тармақшасы негізінде және Павлодар облыстық аумақтық сайлау комиссиясының жұмыс регламентіне сәйкес құрылады.

Осы Ереже клуб қызметін жүзеге асыру тәртібін айқындайды.

2. Клуб өз қызметін жүзеге асыру кезінде Павлодар облыстық аумақтық сайлау комиссиясының (бұдан әрі – Павлодар облыстық АСК) мүшелерімен, сондай-ақ өзге де органдар мен ұйымдармен, азаматтармен өзара іс-қимыл жасайды.

3. Клуб туралы Ереже Павлодар облысының қаулысымен бекітіледі.

 

2. Жас сайлаушылар клубының мақсаты мен міндеттері

4. Клубты құрудың мақсаты жас және болашақ сайлаушылардың құқықтық мәдениеті мен сайлау белсенділігін арттыру болып табылады.

5. Клубтың негізгі міндеттері:

1) жас сайлаушылардың сайлау процесіне қызығушылығын арттыру;

2) жастар арасында сайлау заңнамасының нормаларын түсіндіру бойынша қазіргі заманғы тәсілдерді пайдалану;

3) жастардың сайлау процесіне қатысуының өзекті мәселелерін қарау және олардың бастамаларын қолдау;

4) жастардың белсенді азаматтық ұстанымын қалыптастыру және сайлауға қатысудың маңыздылығын түсіну.

 

3. Жас сайлаушылар клубы мүшелерінің құрамы мен құқықтары

6. Клубқа жастар ұйымдары мен бірлестіктерінің өкілдері, жоғары оқу орындары мен колледждердің студенттері, мектеп оқушылары, Павлодар облысының белсенді жас азаматтары, жастар ресурстық орталықтарының және басқа да мүдделі құрылымдардың өкілдері қатыса алады.

7. Клуб қатысушылары клуб отырыстарының күн тәртібіне енгізілген мәселелерді талқылау кезінде тең құқықтарға ие.

8. Клуб жетекшісі Павлодар облысының мүшесі болып табылады.

9. Клуб мүшелері құқылы:

1) Павлодар облысының мүшелеріне ұсыныстармен жүгінуге;

2) клуб отырысының хаттамасына қоса тіркелуге жататын клуб қатысушыларының өзге де пікірлерімен келіспеген жағдайда өз пікірін баяндауға міндетті.

 

4. Жас сайлаушылар клубының қызметін ұйымдастыру

10. Клуб өз қызметін түрлі форматтағы отырыстар түрінде жүзеге асырады.

11. Клуб отырысы қажеттілігіне қарай, бірақ жылына кемінде екі рет өткізіледі.

12. Клуб жұмысын үйлестіреді және әдістемелік көмек көрсетеді.

13. Клубтың қызметін, іс қағаздарын жүргізуді қамтамасыз етуді және отырысты дайындауды ұйымдастыруды Павлодар облысының мүшелері жүзеге асырады, оның ішінде:

1) клуб қатысушыларын кезекті отырыстың Күні мен күн тәртібі туралы ол өткізілгенге дейін бес күннен кешіктірілмейтін мерзімде хабардар етеді;

2) клуб отырысы барысында, оның ішінде фото-, аудио-, бейнежазба құралдарын пайдалана отырып хаттама жүргізеді;

3) клубтың өткізілген отырысы туралы ақпаратты және өзге де материалдарды әлеуметтік желілерде орналастыруға құқылы.

 

5. Қорытынды ережелер

14. Осы Ережеге өзгерістер мен толықтырулар Павлодар облысының қаулысымен енгізіледі.

15. КлубқызметіПавлодароблыстықаумақтықсайлаукомиссиясыныңшешімібойыншатоқтатылады.

Дата публикации
19 мая 2026
Дата обновления
19 мая 2026
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
21 октября 2026
Видеоролики
Ақпарат
21 октября 2026
Аудиоролики
Ақпарат
21 октября 2026
Онлайн платформаларды пайдаланушылар

Социальные медиа

Facebook
Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы