Партисипаторлық бюджеттеуді іске асыру шеңберінде халықты бюджет қаражатын бөлу жөніндегі шешімдерді қабылдау процесіне тарту үшін Павлодар, Екібастұз және Ақсу қалаларының жергілікті атқарушы органдары 2020 жылғы наурыздан бастап «Халық қатысатын бюджет» жобасын енгізді.
Бұл жаңашылдық азаматтарға жергілікті бюджетті қалыптастыруға жеке қатысуға, туған қаласын абаттандарыу бойынша өздерін қызықтыратын жобаларды іске асыруға ұсыныс білдіруге мүмкіндік береді.
Жыл сайын ақпан айында бұқаралық ақпарат құралдарында және әлеуметтік желілерде қалалардың уәкілетті органдары азаматтардың жобалық ұсыныстарын жинау туралы хабарландырулар жариялайды.
Кез-келген адам қалалық ортаны жақсарту туралы өз идеясын ұсына алады. Егер бастаманы басқа да тұрғындар қоғамдық дауыс беру процесінде қолдаса, ол қалалық бюджет қаражаты есебінен іске асырылады.
Әрбір қала деңгейінде жобаларды іріктеудің ашықтығын қамтамасыз ету және қоғамдық бақылауды күшейту, оларды іске асырудың орындылығы үшін сараптамалық кеңестер құрылды, олардың құрамына құзыретті мамандар ғана емес, қалалардың Құрметті азаматтары, қоғам қайраткерлері, мәслихат депутаттары кіреді.
Барлық ақпараттар қала әкімдіктерімен мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарының бірыңғай платформасында тиісті қалалардың «Халық қатысатын бюджет» бөлімдерінде орналастырылған.