|
№ |
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері |
Жою механизмі |
Мерзімі орындалды/орындалмады |
|
1 |
«Жер учаскелерін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобаларын бекіту» мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі жер учаскесін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобасын бекіту туралы бұйрық болып табылады. Көрсетілетін қызметті беруші өз кезегінде осы бұйрықты ақпараттық жүйе арқылы көрсетілетін қызметті алушының жеке кабинетіне жібереді. «Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекеттік меншіктегі жер учаскелеріне құқықтарды алу» мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларына сәйкес, атап айтқанда 2 кезеңді алған кезде көрсетілетін қызметті алушы бекітілген жерге орналастыру жобасын жіберуі қажет. Яғни, жер учаскесінің схемасын (жоспарын), жер учаскесінің ауданы, оның шекарасы мен орналасқан жері туралы мәліметтерді, жер учаскелерінің аралас меншік иелері мен жер пайдаланушылары туралы және жерге орналастыру жобасын бекіту туралы бұйрық емес, жер учаскелеріне ауыртпалықтар мен сервитуттар туралы мәліметтерді ұсыну қажет. ҚР Жер Кодексінің 43-бабының 7-тармағына сәйкес жер учаскесіне құқық беру туралы шешім қабылдау үшін уәкілетті орган бір жұмыс күні ішінде бекітілген жерге орналастыру жобасын жергілікті атқарушы органға жібереді. Жергілікті атқарушы органның жер учаскесіне құқық беру туралы шешімі бекітілген жерге орналастыру жобасы және жер комиссиясының оң қорытындысы келіп түскен сәттен бастап үш жұмыс күні ішінде қабылданады. Алайда, көрсетілетін қызметті алушылар жер учаскесін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобасын бекіту туралы бұйрықты алғаннан кейін үш күн мерзім өткеннен кейін жергілікті атқарушы органға жүгіне алады, өйткені «Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекеттік меншіктегі жер учаскелеріне құқықтарды сатып алу» мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларында шешім жер учаскесіне құқық беру туралы бекітілген жерге орналастыру жобасы келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде шығарылады. |
«Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін, мемлекеттік меншіктегі жер учаскелеріне құқықтарды сатып алу» мемлекеттік көрсетілетін қызметінің жер учаскесіне құқықтар берудің екінші кезеңіне барлық тәртібін енгізе отырып, «Жер учаскелерін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобаларын бекіту» мемлекеттік көрсетілетін қызметі алынып тасталсын. Бұл ретте құқықтарды сатып алудың екінші кезеңін көрсету мерзімін 3 жұмыс күнінен 4 жұмыс күніне дейін ұлғайту қажет. Анықтама: «Жер учаскелерін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобаларын бекіту» мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі – 4 жұмыс күнін, «Сауда - саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін, мемлекеттік меншіктегі жер учаскелеріне құқықтар алу» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің 2 кезеңі - 3 жұмыс күнін құрайды. Бұл өзгерістер мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерін 7 жұмыс күнінен 4 жұмыс күніне қысқарту жолымен мемлекеттік қызмет көрсету процесін жеделдетеді, сондай-ақ жер заңнамасына қатаң сәйкес жер учаскесіне құқық беру туралы шешім қабылдауға мүмкіндік береді. Ұсынысты жоғары тұрған органға жіберу |
Орындалды |
|
2 |
2022 жылғы мамырда 2020 жылғы 31 қаңтардағы № 39 / НҚ мемлекеттік қызметтер тізіліміне «Жалдау мерзімін ұзарту» мемлекеттік қызметі енгізілді. Алайда, бүгінгі күні осы қызметті көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық акт жоқ. |
Мемлекеттік қызметті уақтылы және сапалы көрсету мақсатында осы мәселені қысқа мерзімде шешу үшін орталық мемлекеттік органға хат жіберуді ұсынамыз. |
Орындалды |
|
3 |
Жер кодексінде заңды тұлғалардың жер алу кезінде олардың конкурстық ұсыныстарына қосымша балл берудегі құқық қабілеттілігін шектейтін бірқатар нормалар бар. Кодекстің 43-1-бабы 14-тармағының екінші абзацына сәйкес осы ауданда, қалада, ауылда, кентте кемінде 5 жыл тұратын адамдарға жер учаскесін алу кезінде олардың конкурстық ұсыныстарына қосымша балл беру түрінде артықшылық беріледі. Осылайша, жоғарыда аталған норма тек жеке тұлғаларға қосымша балл беру бойынша преференциялар белгілейді, өйткені заңды тұлғалар мемлекеттік тіркеуге жатады және тұрғылықты жері жоқ. Бұл жеке тұлғалардың заңды тұлғалардан артықшылығын көрсетеді, осылайша олардың құқықтарына нұқсан келтіреді. Жер кодексінде әкімшілік бірліктер – аудан, қала, ауыл, кент бойынша шектеулер бар, бірақ ауылдық округ түріндегі әкімшілік бірлік регламенттелмеген. |
Ауыл шаруашылығы жерлерін алу кезінде конкурстық ұсыныстарға қосымша балл беру түрінде кімге артықшылық берілетіні туралы бірыңғай түсінік қалыптастыру мақсатында Кодекске, атап айтқанда: 43-1-баптың 14-тармағының екінші абзацына мынадай мазмұнмен толықтыра отырып, өзгерістер енгізуді ұсынамыз – «Осы ауданда, ауылдық округте, ауылда, кентте, қалада кемінде 5 жыл тұратын немесе тіркелген адамдарға орталық уәкілетті орган айқындаған тәртіпке сәйкес жер учаскесін алған кезде олардың конкурстық ұсыныстарына қосымша балл беру түрінде артықшылық беріледі». Ұсынысты жоғары тұрған органға жіберу |
Орындалды |
|
|
Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 6 қарашадағы № 72 бұйрығымен бекітілген «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну қағидаларының» 21-тармағының 1-тармақшасына сәйкес (бұдан әрі – Қағидалар) көрсетілетін қызметті беруші көтерме жәрдемақы сомасын бір жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушылардың жеке дербес (ағымдағы шотына) шоттарына аударуға міндетті, бірақ Қағидалардың 10-тармағында бұл құжат көзделмеген, ал Қағидаларда көзделмеген басқа құжаттарды ұсыну талабына жол берілмейді. |
Ұсынылатын құжаттардың тізбесіне ағымдағы шот туралы хабарлама енгізу. |
|
|
4 |
2015 жылғы 30 наурыздағы Тракторларды және олардың базасында дайындалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерін, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін, жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды техникалық байқау жүргізу кезінде жыл сайынғы мемлекеттік техникалық байқау № 4-3/269 қағидаларының 16-тармағына сәйкес агрегаттар мен механизмдер диагностикалық аспаптар мен бақылау құралдарын пайдалана отырып, бөлшектемей тексеріледі. Тіркемелердің техникалық жай-күйі трактор поезының құрамында тексеріледі (тартқыш-ілінісу құрылғысының жарамдылығын бақылау және тежегіштерді бұғаттау үшін). Алайда бөлімде диагностикалық аспаптар мен бақылау құралдары жоқ, сатып алуға арналған құралдар көзделмеген. Осы қызметті көрсету кезінде техниканы көзбен шолып тексеру жүргізіледі, бұдан басқа, бөлім маманының арнайы білімі жоқ, бұл өз кезегінде үлкен сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін тудырады. |
«Тракторлар мен олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, оларға тіркемелерді жыл сайынғы мемлекеттік техникалық байқау» мемлекеттік қызметін бәсекелестік ортаға беру. Ұсынысты жоғары тұрған органға жіберу |
Орындалды |
|
5 |
Емтихандарды қабылдау және тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналарын, сондай-ақ өтімділігі жоғары арнайы машиналарды басқару құқығына куәліктер беру қағидаларында көлік құралын басқару құқығынан айыру мерзімі өткеннен кейін куәлікті беру тәртібі көрсетілмеген. |
Олқылықтарды жою мақсатында әртүрлі жағдайларда (айыру, куәлікті ауыстыру мерзімін өткізіп алу) берудің нүктелік тәртібін айқындай отырып, ережеге толықтырулар енгізу қажет. Ұсынысты жоғары тұрған органға жіберу |
Орындалды |
|
6 |
Тракторларды және олардың базасында дайындалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерін, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін, жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды мемлекеттік тіркеу қағидаларының 7-тармағына сәйкес машина иелері келіп түскен сәттен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде олардың меншігіне (иеленуіне) машиналар, олардың меншігінен (иеленуінен) шығу не мән-жайлардың туындауы, машиналарды тіркеу (қайта тіркеу) немесе тіркеу есебінен шығару қажеттілігіне әкеп соғатын машиналарды тіркеу (қайта тіркеу) немесе тіркеуден шығару үшін осы Қағидаларда белгіленген әрекеттерді жасайды. Алайда, көрсетілген мерзім кешіктірілген кезде мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі көрсетілмеген. |
Тіркеу мерзімдері кешіктірілген кезде қызмет көрсету тәртібін регламенттейтін Қағидаларға толықтырулар енгізуді ұсынамыз (қызмет көрсетуден бас тарту немесе көрсетілетін қызметті алушының жауапкершілігі) Ұсынысты жоғары тұрған органға жіберу |
Орындалды |
|
7 |
2022 жылғы 22 желтоқсанда Шарбақты ауданының прокуратурасы Шарбақты ауданының әкіміне заң бұзушылықтарды жою туралы ұсыныс енгізді. Экономиканың нақты секторы бөлімі сотқа «ДИСКОНТ» ӨК-нен мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушы деп тану туралы талап арызбен жүгінді, жауапкердің тиісінше орындамауына байланысты өзіне міндеттемелер қабылданды. Соттың 2022ж.03.02. шешімімен «ДИСКОНТ» ӨК талап қоюы мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушысы болып танылды. Мемлекеттік сатып алу саласындағы тізілімдерді қалыптастыру және жүргізу қағидаларының 18-тармағына сәйкес Тапсырыс берушілер веб-портал арқылы әлеуетті өнім берушіні немесе өнім берушіні мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушы деп тану туралы заңды күшіне енген сот шешімін алғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде уәкілетті органға сот шешімінің электрондық көшірмесін ұсынады. Заңның 12-бабына сәйкес мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылар тізіліміне енгізілген өнім берушілер оларды мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылар деп тану туралы сот шешімі заңды күшіне енген күннен бастап жиырма төрт ай ішінде мемлекеттік сатып алуға қатысуға жіберілмейді. Алайда, бөліммен жоғарыда аталған өнім беруші мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізіліміне уақтылы енгізілмеген. Сонымен қатар, «Дисконт» ӨК 2022ж.14.07. «Баянауыл ауданы Майқайың кенті әкімінің аппараты» ММ-мен 33 040 000 теңге сомасына және «Павлодар ауданы Мичурин ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-мен 480 000 теңге сомасына шарттар жасасты. Бөлімнің сектор меңгерушісінің түсіндірмесінен бұл бұзушылыққа жауапты маманның жоғарыда көрсетілген ережелердің талаптарын білмеуіне байланысты жол берілгені анық. |
Бөлім басшысы мемлекеттік сатып алу үшін жауапты қызметкерді біліктілікті арттыру семинарына жіберсін. |
Жұмыста |
|
8 |
Жарғыға сәйкес «Қайнар» келесі қызмет түрлерін жүзеге асырады: - су құбыры желісі мен кәрізді жарамды күйде ұстау бойынша жұмыстарды орындау; - сумен жылумен жабдықтау саласындағы шаруашылық қызмет; «Қайнар» МКК тұрғын үйлерді және тұрғын емес үй-жайларды сумен жабдықтау жүйесіне кезектілікке сәйкес қосады. Жеке және заңды тұлғаларды кезекке қою журналда «Қайнар» қызметкерлері еркін нысанда жүзеге асырылады. (2022 жылдан бастап 2023 жылдың 1-тоқсанына дейін 55 адам су бұруға кезекте тұрды, оның ішінде 22 адам сумен жабдықтау жүйесіне қосылды). Сондай-ақ, талдау жүргізу кезінде сумен жабдықтауға қосылған кезде «Қайнар» мен Тұтынушы арасында шарт жасалмайтыны анықталды. |
Кезектілік жасау кезінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмау мақсатында: - орталық сумен жабдықтау жүйесіне қосылуға кезекке қою мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне енгізуді; - сумен жабдықтау жүйесіне қосылған кезде міндетті түрде «Қайнар» мен тұтынушы арасында шарт жасасуды; - тоқсан сайын БАҚ-та, әлеуметтік желілерде кезекке тұрған адамдардың тізімін жариялауды; - БАҚ-та, әлеуметтік желілерде сумен жабдықтау жүйесіне қосылу құны мен есеп айырысулары туралы жариялауды қамтамасыз етуді ұсынамын. |
Орындалды |