Меню

Страницы

Статья

Тереңкөл ауданының жергілікті атқарушы органдарында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері бойынша анықталған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою жөніндегі іс-шаралар жоспары

«Тереңкөл ауданы әкімінің аппараты» ММ

 

Сыбайлас жемқорлық тәуекелі

Жою механизмі

Мерзімі

Орындалды/

орындалмады

 

1

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2023 жылғы 5 сәуірдегі № 71 бұйрығымен «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын үлгілік біліктілік талаптары бекітілді. Осы Үлгілік біліктілік талаптары осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салалардағы білім деңгейі бойынша талаптарды қамтиды.

Алайда, бұл нормада мамандыққа қойылатын талаптарға қатысты қандай да бір ерекшелік жоқ. Бұдан шығатыны, қандай да бір лауазымға қойылатын біліктілік талаптары бекітілген кезде мемлекеттік лауазымдарға тағайындауға құқығы бар лауазымды адамдар қандай да бір лауазымға не жұмыс берушінің мүддесіне сай келмейтін білімді көрсетуге құқылы. Бұл жағдайда жұмыс берушіні таңдау құқығы сыбайлас жемқорлық тәуекелін тудырады.

Аудан әкімі аппараты ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Павлодар облысы бойынша департаментіне мәселені қарау қажеттілігі туралы және белгілі бір мамандыққа қойылатын нақты талаптарды заңнамалық деңгейде айқындау туралы жоғары тұрған мемлекеттік органдарға тиісті хаттарды жіберу туралы ұсыныспен хатқа бастамашылық жасасын

2023 жылғы 31 тамызға дейін

Орындалды

 

2

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2021 жылғы 11 тамыздағы № 138 бұйрығымен бекітілген функционалдық блоктар бойынша «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарын бөлу әдістемесінің 9-тармағына сәйкес - мемлекеттік орган аппараты басшысының не «Б» корпусының қызметшілерін лауазымға тағайындау және лауазымнан босату құқығы бар адамның шешімімен мемлекеттік лауазымдар «А», «В» және «С» функционалдық блоктарына бөлінеді.

Мемлекеттік органдар «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарын мемлекеттік органның алдында тұрған басым міндеттерге, сондай-ақ қызметшінің мемлекеттік органның қызметіне қосқан үлесінің дәрежесіне қарай функционалдық блоктар бойынша дербес бөледі.

Сонымен қатар, Әдістемеде белгілі бір блокқа қатысты қандай да бір ерекшеліктер жоқ.

Бұл факт сыбайлас жемқорлық тәуекеліне әкеп соғады, яғни басшыларға «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарын функционалдық блоктар бойынша бөлу туралы мәселені өз бетінше шешу құқығы беріледі, яғни осы норманы өз қалауы бойынша орындау мүмкіндігі туындайды, бұл жағдай лауазымдық өкілеттіктерді теріс пайдалану түріндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне әкеп соғады.

Аудан әкімі аппараты «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарын функционалдық блоктар бойынша бөлу әдістемесіне өзгеріс енгізу туралы мәселені қарау және жоғары тұрған мемлекеттік органдарға тиісті хаттарды жіберу қажеттілігі туралы ұсыныспен ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Павлодар облысы бойынша департаментіне хатқа бастамашылық жасасын.

2023 жылғы 31 тамызға дейін

Орындалды

 

«Тереңкөл ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ

 

1

«Еңбекші көшіп келушіге рұқсат беру, ұзарту және кері қайтарып алу» мемлекеттік қызметін көрсетуде, атап айтқанда «Резидент/резидент емес» мәртебесін айқындау бөлігінде сыбайлас жемқорлық тәуекелі бар, өйткені осы мәртебені айқындау үшін еңбекші көшіп келушінің соңғы 12 айдағы ҚР аумағында болған күндерінің санын есептеу қажет («Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» ҚР Заңының 217-бабы 2-тармағына, 360-бабы 2-тармағына, 658-бабы 5-тармағына сәйкес).

Еңбекші көшіп келушінің ҚР аумағында болған күндерінің санын есептеу кезінде жеке табыс салығын төлеу сомасын айқындау үшін сыбайлас жемқорлық тәуекелі болуы мүмкін.

Қызмет ХҚКО (немесе ЭҮП) арқылы көрсетілетіндіктен, ХҚКО маманы құжаттарды қабылдау кезеңінде өтініш берушінің паспорты бойынша ҚР аумағында ЕК болған күндер санын есептеуге тиіс. Төлқұжатта шығу/кіру күндері әрдайым оқылмайды. Күндер санын есептеуге жеткілікті уақыт кетеді, ал ХҚКО маманының клиентке қызмет көрсету уақыты 15 минутқа дейін реттеледі. Осыған байланысты алдын ала есептеуді жұмыспен қамту бөлімінің маманы жүргізеді.

Екі жағдайда да адам факторы бар. ХҚКО маманы, жұмыспен қамту бөлімінің маманы ҚР аумағында ЕК болған күндер санын қате есептей алады, бұл өз кезегінде «Резидент / резидент емес» мәртебесін дұрыс анықтамауға және тиісінше жеке табыс салығын төлеу үшін қажетті АЕК мөлшерін дұрыс анықтамауға әкеледі (анықтама: 4 АЕК резидент-иммигранттар, резидент емес-иммигранттар 2 АЕК). Бұдан басқа, бұл рәсім көрсетілетін қызметті алушының уақытын алады. Бұл еңбек эмигрантының болу күндерінің санын есептеуді автоматтандыру қажеттілігін тағы да дәлелдейді.

Осы сыбайлас жемқорлық тәуекелін болдырмау үшін ҚР аумағында еңбекші көшіп келушінің болған күндерінің санын есептеу ақпараттық жүйе арқылы автоматтандырылған негізде жүргізу қажет деп санаймыз

Жоғары тұрған мемлекеттік органға хатқа бастамашылық жасау

2023 жылғы 31 тамызға дейін

Орындалды

«Тереңкөл ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» ММ

 

1

Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 6 қарашадағы № 72 бұйрығымен бекітілген «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну қағидаларының» (бұдан әрі -  Қағидалар) 21-тармағының 1-тармақшасына сәйкес көрсетілетін қызметті беруші көтерме жәрдемақы сомасын бір жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушылардың жеке шоттарына аударуға міндетті, бірақ Қағидалардың 10-тармағында бұл құжат көзделмеген, ал Қағидаларда көзделмеген басқа құжаттарды ұсыну талабына жол берілмейді.

«Павлодар облысы әкімінің аппараты» ММ-не мәселені қарау қажеттігі туралы және Мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларына тиісті өзгерістер енгізу туралы тиісті хаттарды уәкілетті мемлекеттік органдарға жіберу туралы ұсыныспен хатқа бастамашылық жасау

2023 жылғы 31 тамызға дейін

Орындалды

2

Барлық деңгейдегі бюджеттерді бекіту туралы шешімдер қабылдауды көздейтін заңға тәуелді НҚА жобалары бойынша жария талқылау үшін орналастыру мерзімі күнтізбелік бес күнге дейін қысқарады (Қазақстан Республикасы Әділет министрінің міндетін атқарушының 2021 жылғы 30 қыркүйектегі № 849 бұйрығымен бекітілген «Ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобаларын орналастыру қағидаларының» 5-тармағы).

Бұл ретте, «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңында 20-баптың 2-тармағында мыналар көрсетілген: «Азаматтардың құқықтарын, бостандықтары мен міндеттерін қозғайтын консультативтік құжат, нормативтік құқықтық актінің жобасы бойынша ұсынымдар беру үшін белгіленетін мерзім он жұмыс күнінен кем болмауы, ал заң жобалары бойынша қоғамдық кеңес оларды ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында орналастыру туралы хабарлама алған сәттен бастап – он бес жұмыс күнінен кем болмауы тиіс».

Павлодар облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасына «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгеріс енгізу туралы мәселені қарау және тиісті хаттарды жоғары тұрған мемлекеттік органдарға жіберу қажеттігі туралы ұсыныспен хатқа бастамашылық жасау

2023 жылғы 31 тамызға дейін

Орындалды

«Тереңкөл ауданының жер қатынастары бөлімі» ММ

 

1

ҚР Жер кодексінің 43-1-бабының 14-тармағына сәйкес осы ауданда, қалада, ауылда, кентте кемінде 5 жыл тұратын адамдарға жер учаскесін алған кезде олардың конкурстық ұсыныстарына қосымша балл беру түрінде артықшылық беріледі.

Жоғарыда көрсетілген норма қосымша он балл беру бойынша жеке тұлғаларға ғана преференциялар белгілейді, өйткені заңды тұлғалар мемлекеттік тіркеуге жатады және тұрғылықты жері жоқ.

Жер учаскелерінің конкурсы бойынша қорытындыларды шығару кезінде ҚР Жер кодексінде қосымша балл беру бойынша нақтылық жоқ, бұл жер комиссияларының мүшелері арасында даулы сәттерге ықпал етеді, өйткені қандай қатысушыға осы балл берілетіні, яғни ауданда, қалада, ауылда, кентте тұратын қатысушыға айқындық жоқ. Бұл жағдай бүкіл жер комиссиясының сыбайлас жемқорлық тәуекеліне алып келеді және жеке тұлғалардың заңды тұлғалардан артықшылығы туралы куәландырады, осылайша олардың құқықтарына нұқсан келтіреді.

ҚР Жер кодексінде әкімшілік бірліктер – аудан, қала, ауыл, кент бойынша шектеулер бар, бірақ ауылдық округ түріндегі әкімшілік бірлік регламенттелмеген.

Әкімшілік-аумақтық бірліктің құрамына («Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Заңның 1,2,3-бабы) сілтеме жасай отырып, конкурсқа жер учаскесі қойылған осы ауылдық округте кемінде 5 жыл тұратын қатысушыларға қосымша балл беру дұрыс деп санаймыз.

ҚР Жер кодексінің 43-1-бабының 14-тармағына сәйкес осы ауданда, қалада, ауылда, кентте кемінде 5 жыл тұратын адамдарға жер учаскесін алған кезде олардың конкурстық ұсыныстарына қосымша балл беру түрінде артықшылық беріледі.

Жоғарыда көрсетілген норма қосымша он балл беру бойынша жеке тұлғаларға ғана преференциялар белгілейді, өйткені заңды тұлғалар мемлекеттік тіркеуге жатады және тұрғылықты жері жоқ.

Жер учаскелерінің конкурсы бойынша қорытындыларды шығару кезінде ҚР Жер кодексінде қосымша балл беру бойынша нақтылық жоқ, бұл жер комиссияларының мүшелері арасында даулы сәттерге ықпал етеді, өйткені қандай қатысушыға осы балл берілетіні, яғни ауданда, қалада, ауылда, кентте тұратын қатысушыға айқындық жоқ. Бұл жағдай бүкіл жер комиссиясының сыбайлас жемқорлық тәуекеліне алып келеді және жеке тұлғалардың заңды тұлғалардан артықшылығы туралы куәландырады, осылайша олардың құқықтарына нұқсан келтіреді.

ҚР Жер кодексінде әкімшілік бірліктер – аудан, қала, ауыл, кент бойынша шектеулер бар, бірақ ауылдық округ түріндегі әкімшілік бірлік регламенттелмеген.

Әкімшілік-аумақтық бірліктің құрамына («Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Заңның 1,2,3-бабы) сілтеме жасай отырып, конкурсқа жер учаскесі қойылған осы ауылдық округте кемінде 5 жыл тұратын қатысушыларға қосымша балл беру дұрыс деп санаймыз.

«Павлодар облысының жер қатынастары басқармасы» ММ хат дайындау

2023 жылғы 31 тамызға дейін

Орындалды

2

Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 49-1-бабына сәйкес жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту мынадай тәртіппен жүзеге асырылады:

1) жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту туралы өтінішті қарауға қабылдау;

2) жер учаскесін сұрау салынатын нысаналы мақсаты бойынша пайдалану мүмкіндігін айқындау;

3) жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту туралы өтінішті мемлекеттік ақпараттық жүйелер арқылы не келісуші органдарда бұл жүйелер болмаған кезде қағаз жеткізгіштерде келісу;

4) жер комиссиясының қорытындысын дайындау;

6) жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту туралы құзыреті шегінде облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органының, аудандық маңызы бар қаланың, кенттің, ауылдың, ауылдық округтің әкімінің шешім қабылдауы;

7) жер учаскесіне сәйкестендіру құжатын дайындау.

Осы баптың 5-тармағында облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың уәкілетті органы не сәулет және қала құрылысы саласындағы функцияларды жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органның құрылымдық бөлімшесі құзыреті шегінде өтініш келіп түскен күннен бастап бір жұмыс күні ішінде жер учаскесін мәлімделген нысаналы мақсаты бойынша пайдалану мүмкіндігін айқындайтыны көрсетілген оны бір мезгілде барлық мүдделі мемлекеттік органдарға, тиісті қызметтерге келісуге жібереді.

Баптың 6-тармағына сәйкес келісуші органдар үш жұмыс күні ішінде мәлімделген нысаналы мақсаты бойынша жер учаскесін пайдалану мүмкіндігі туралы тиісті қорытындылар ұсынады. Алайда, нақты келісуші органдардың анықтамасы жоқ.

Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 49-1-бабына сәйкес жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту мынадай тәртіппен жүзеге асырылады:

1) жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту туралы өтінішті қарауға қабылдау;

2) жер учаскесін сұрау салынатын нысаналы мақсаты бойынша пайдалану мүмкіндігін айқындау;

3) жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту туралы өтінішті мемлекеттік ақпараттық жүйелер арқылы не келісуші органдарда бұл жүйелер болмаған кезде қағаз жеткізгіштерде келісу;

4) жер комиссиясының қорытындысын дайындау;

6) жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту туралы құзыреті шегінде облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органының, аудандық маңызы бар қаланың, кенттің, ауылдың, ауылдық округтің әкімінің шешім қабылдауы;

7) жер учаскесіне сәйкестендіру құжатын дайындау.

Осы баптың 5-тармағында облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың уәкілетті органы не сәулет және қала құрылысы саласындағы функцияларды жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органның құрылымдық бөлімшесі құзыреті шегінде өтініш келіп түскен күннен бастап бір жұмыс күні ішінде жер учаскесін мәлімделген нысаналы мақсаты бойынша пайдалану мүмкіндігін айқындайтыны көрсетілген оны бір мезгілде барлық мүдделі мемлекеттік органдарға, тиісті қызметтерге келісуге жібереді.

Баптың 6-тармағына сәйкес келісуші органдар үш жұмыс күні ішінде мәлімделген нысаналы мақсаты бойынша жер учаскесін пайдалану мүмкіндігі туралы тиісті қорытындылар ұсынады. Алайда, нақты келісуші органдардың анықтамасы жоқ.

«Павлодар облысының жер қатынастары басқармасы» ММ хат дайындау

2023 жылғы 31 тамызға дейін

Орындалды

3

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Ережеде сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекеттік меншіктегі жер учаскелеріне құқықтарды сатып алу мемлекеттік көрсетілетін қызметі бойынша осы қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушы екінші кезеңде бекітілген жерге орналастыру жобасын бекітуі тиіс, ал «Е-лицензиялау» ақпараттық жүйесінде өтініш берген кезде көрсетілетін қызметті алушыға жер комиссиясының хаттамасын және жерге орналастыру жобасын бекіту туралы бұйрықты бекіту қажет, бұл өтініш берушіге құжаттарды дұрыс тапсыруды қиындатады.

«Тереңкөл ауданының

жер қатынастары бөлімі» ММ құжаттар тізбесіне қатысты «Е-лицензиялау» АЖ өзгерістер енгізу туралы «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ-мен жәрдемдесу туралы «Павлодар облысының жер қатынастары басқармасы» ММ хат дайындасын және жолдасын

2023 жылғы 31 тамызға дейін

Орындалды

4

«Елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (2 кезең) «Е-лицензиялау» ақпараттық жүйесінде автоматтандырылмаған, бизнес процестер орнатылмаған. Бұл қызмет қағаз форматта көрсетіледі, бұл көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алушымен байланысына әкеп соғады.

«Тереңкөл ауданының жер қатынастары бөлімі» ММ көрсетілетін қызметті берушінің көрсетілетін қызметті алушымен байланысын болдырмау үшін осы мемлекеттік қызмет бойынша бизнес-процестерді белгілеу, egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы қызмет көрсету үшін «Е-лицензиялау» АЖ автоматтандыру қажеттілігі туралы ұсыныс енгізу үшін «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ жәрдемдесу туралы «Павлодар облысының жер қатынастары басқармасы» ММ хат дайындап, жіберсін

 

2023 жылғы 31 тамызға дейін

Орындалды

«Тереңкөл ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ

 

1

Тракторларды және олардың базасында дайындалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерін, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін, өтімділігі жоғары арнайы машиналарды бастапқы және қайталама мемлекеттік тіркеу кезінде E-license порталы құжаттардың мынадай тізбесін бекітуді талап етеді:

Қазақстан Республикасының жаңа және жеке техникалық шығармашылығының нәтижесі болып табылатын немесе Қазақстан Республикасының аумағына әкелінген машиналарға сәйкестік сертификаты немесе олардың техникалық регламенттің 6-бабына сәйкестігін растайтын басқа құжат;

Тізбеге енгізілген машиналарды бастапқы тіркеу кезінде өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелерін орындағанын растайтын электрондық құжаттар;

Машинаға меншік құқығын растайтын құжаттар, оларға мыналар жатады: азаматтық заңнама талаптарына сәйкес жасалған шарттар, мәмілелер, куәліктер, мүлікке мұрагерлік құқығы туралы құжаттар; сот шешімінің, қаулысының, сот орындаушысының орындалуы тиіс мемлекеттік органның іс-әрекеттері туралы хабарламасының сот куәландырған көшірмесі қоса берілген атқару парағы; кедендік ресімдеуден өткенін растайтын құжаттар (кедендік декларация, ЕАЭО елдерінен әкелу жағдайларын қоспағанда, кедендік кіріс ордері, уақытша әкелу жағдайларында кері әкету туралы міндеттеме;

ЭҮТШ арқылы төлеу жағдайларын қоспағанда, салық кодексінің 553 және 615-баптарында белгіленген баждар мен алымдардың бюджетке төленгенін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі;

Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініш (электрондық түрде қалыптастырылады).

Алайда, Қазақстан Республикасының сәйкестік сертификаты түріндегі құжаттарды тіркеудің біліктілік талаптары және Тізбеге енгізілген өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелерін орындағанын растайтын электрондық құжаттар техниканы бастапқы тіркеу үшін ғана қолданылады, Қағидаларға сәйкес қайталама тіркеу үшін көзделмейді.

«Павлодар облысы әкімінің аппараты» ММ-не тракторларды және олардың базасында дайындалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерін, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін, жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды бастапқы және қайталама мемлекеттік тіркеу кезінде

E-license порталына жүктеу үшін қажетті құжаттар тізбесіне қатысты хатқа бастама жасау

 

2023 жылғы 31 тамызға дейін

Орындалды

2

Тракторларды және олардың базасында дайындалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерін, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін, жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды мемлекеттік тіркеу қағидаларының 7-тармағына сәйкес машина иелері келіп түскен сәттен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде олардың меншігіне (иеленуіне) машиналар, олардың меншігінен (иеленуінен) шығу не мән-жайлардың туындауы, машиналарды тіркеу (қайта тіркеу) немесе тіркеу есебінен шығару қажеттілігіне әкеп соғатын машиналарды тіркеу (қайта тіркеу) немесе тіркеуден шығару үшін осы Қағидаларда белгіленген әрекеттерді жасайды.

Алайда, көрсетілген мерзім кешіктірілген кезде мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі көрсетілмеген.

«Павлодар облысы әкімінің аппараты» ММ-не тракторларды және олардың базасында дайындалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерін, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін, жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды мемлекеттік тіркеу қағидаларына толықтыру енгізу туралы хатқа бастамашылық жасау

2023 жылғы 31 тамызға дейін

Орындалды

«Тереңкөл ауданының қаржы бөлімі» ММ

 

 

«Тереңкөл ауданының қаржы бөлімі» ММ-де «Парус-КАЗ». Бюджет» бағдарламалық өніміне қызмет көрсету бойынша мемлекеттік сатып алу кезінде сыбайлас жемқорлық тәуекелі бар. «Парус-КАЗ.Бюджет» бағдарламалық өнімі қазірдің өзінде аудан мекемелерінің теңгерімінде және бюджетті жоспарлау, атқару міндеттерінде және салалық бюджеттік процестерде күнделікті негізде деректер мен есептеулерді қамтамасыз ететін қолданыстағы жұмыс жүйесі болып табылады. Сондай-ақ, бұл бағдарлама Павлодар облысының қаржы басқармасымен біріктірілген (бюджет қаражатын игеру мониторингі бойынша деректерді күнделікті түсіру жүргізіледі). Зияткерлік меншік объектісіне айрықша құқықтар «Парус-КАЗ» ЖШС атынан мемлекеттік органға құқықтардың үшінші тұлғаларға берілмегені туралы ресми хабарламасы бар жалғыз өнім берушіге тиесілі. «Авторлық және сабақтас құқықтар туралы» Заңның «Мүліктік құқықтар» 16-бабына сәйкес тек айрықша құқықтардың иесі ғана «сатуға, өзгертуге, жалға (жалға) беруге, өзге де операцияларды, оның ішінде телекоммуникациялардың ашық желісінде (тарату құқығы) жасауға» құқылы

Сонымен қатар, Мемлекеттік сатып алу туралы Қазақстан Республикасының Заңына ағымдағы жылдың 1 қаңтарынан бастап 41-баптың 6-тармағына өзгерістер енгізілді.

«Осы баптың 1-тармағының талабы олар туралы мәліметтер Қазақстан Республикасының Мемлекеттік құпиялар туралы заңнамасына сәйкес мемлекеттік құпияларды құрайтын және (немесе) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған таратылуы шектелген қызметтік ақпаратты қамтитын мемлекеттік сатып алу туралы шартты тікелей жасасу арқылы бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сатып алу туралы Заңының 39-бабы 3-тармағының 4), 9), 17), 18), 20), 21), 23), 26), 31), 32), 35), 40), 41) және 46)  тармақшалары негізінде жүзеге асырылатын мемлекеттік сатып алуларға қолданылмайды.

Яғни, қолданыстағы заңнамаға сәйкес осы бағдарламалық өнімге конкурс жариялау немесе баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен сатып алу қажет. Жоғарыда аталған тәсілдермен мемлекеттік сатып алуды өткізу кезінде «Авторлық және сабақтас құқықтар туралы» Заңға сәйкес осы бағдарламалық өнімге қызмет көрсетуге құқығы жоқ жеткізушілер шығады.

Жоғарыда айтылғандардың негізінде сыбайлас жемқорлық тәуекелі бар, ол тиімді жұмыс істеу үшін мемлекеттік орган мемлекеттік сатып алу туралы 41-баптың 6-тармағын бұзу туралы біле тұра, «Тікелей шарт жасасу жолымен бір көзден» тәсілімен бағдарламаға қызмет көрсету шартын жасасуы қажет.

Павлодар облысының қаржы басқармасына «Парус-КАЗ.Бюджет» бағдарламалық өніміне қызмет көрсетуге қатысты түсініктеме беру және шаралар қабылдау туралы хат дайындау

2023 жылғы 31 тамызға дейін

Орындалды

Дата публикации
08 ноября 2023
Дата обновления
08 ноября 2023
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
21 октября 2026
Видеоролики
Ақпарат
21 октября 2026
Аудиоролики
Ақпарат
17 октября 2026
Электронды БАҚ

Социальные медиа

Facebook
Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы