|
Сыбайлас жемқорлық тәуекелі |
Жою механизмі |
Мерзімі Орындалды/орындалмады |
|
Кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі 2015 жылғы 30 наурыздағы Тракторларды және олардың базасында дайындалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерін, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін, жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды техникалық байқау жүргізу кезінде жыл сайынғы мемлекеттік техникалық байқау № 4-3/269 қағидаларының 16-тармағына сәйкес агрегаттар мен механизмдер диагностикалық аспаптар мен бақылау құралдарын пайдалана отырып, бөлшектемей тексеріледі. Тіркемелердің техникалық жай-күйі трактор поезының құрамында тексеріледі (тартқыш-ілінісу құрылғысының жарамдылығын бақылау және тежегіштерді бұғаттау үшін). Алайда бөлімде диагностикалық аспаптар мен бақылау құралдары жоқ, сатып алуға арналған құралдар көзделмеген. Осы қызметті көрсету кезінде техниканы көзбен шолып тексеру жүргізіледі, сонымен қатар бөлім маманының арнайы білімі жоқ, бұл өз кезегінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін тудырады. Осыған байланысты қызметті бәсекелестік ортаға беру қажет |
Уәкілетті органға ұсыныс енгізу. |
Жыл соңына дейін. Жұмыста |
|
Жер қатынастары бөлімі «Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекеттік меншіктегі жер учаскелеріне құқықтарды сатып алу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі бойынша келісуші орган ретінде сәулет және қала құрылысы саласындағы уәкілетті органдарды «Е-лицензиялау» АЖ енгізу қажет. |
Уәкілетті органға ұсыныс енгізу. |
27 шілде. Орындалды. |
|
Көрсетілетін қызметті берушінің көрсетілетін қызметті алушымен байланысын болдырмау үшін Елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі бойынша бизнес-процестерді орнату, egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы қызмет көрсету үшін «Е-лицензиялау» АЖ автоматтандыру қажет. |
Уәкілетті органға ұсыныс енгізу. |
27 шілде. Орындалды. |
|
Жер кодексінің ережелерін екіұшты түсіндіруді болдырмау, сондай-ақ ауыл шаруашылығы жерлерін алу кезінде конкурстық ұсыныстарға қосымша балл беру түрінде кімге артықшылық берілетіні туралы бірыңғай түсінік қалыптастыру үшін Кодекске, атап айтқанда: 43-баптың 14-тармағының екінші абзацына мынадай мазмұнмен толықтыра отырып, өзгерістер енгізу орынды деп санаймыз – «Осы ауданда, ауылдық округте, ауылда, кентте, қалада кемінде 5 жыл тұратын немесе тіркелген адамдарға орталық уәкілетті орган айқындаған тәртіпке сәйкес жер учаскесін алған кезде олардың конкурстық ұсыныстарына қосымша балл беру түрінде артықшылық беріледі». |
Уәкілетті органға ұсыныс енгізу. |
27 шілде. Орындалды. |
|
Экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 6 қарашадағы № 72 бұйрығымен бекітілген «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну қағидаларының» 21-тармағының 1-тармақшасына сәйкес (бұдан әрі Қағидалар) көрсетілетін қызметті беруші көтерме жәрдемақы сомасын бір жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушылардың жеке дербес (ағымдағы шотына) шоттарына аударуға міндетті, бірақ Қағидалардың 10-тармағында бұл құжат көзделмеген, ал Қағидаларда көзделмеген басқа құжаттарды ұсыну талабына жол берілмейді. Осыған байланысты құжаттар тізбесін ағымдағы шот туралы хабарламамен толықтыру қажет. |
Уәкілетті органға ұсыныс енгізу. |
Жыл соңына дейін. Жұмыста |