|
Р/с №
|
Ұсыным |
Іс-шара |
Іс-шараны аяқтау нысаны |
Орындаушылар |
Іс-шараны орындау мерзімі |
|
Мемлекеттік органдардың қызметіне қатысты қолданыстағы құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау |
|||||
|
1. |
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері Агенттігі Төрағасының 2021 жылғы 11 тамыздағы, 2022 жылғы 10 ақпандағы өзгерістермен № 138 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарын функционалдық блоктар бойынша бөлу әдістемесіне өзгерістер енгізу
|
Сыбайлас жемқорлық тәуекелін болдырмау мақсатында облыс әкімінің аппаратына көрсетілген Әдістемеге өзгеріс енгізу қажеттігі туралы хат жолдау, лауазымдарды блоктар бойынша бөлу кезінде мемлекеттік қызмет өтілін ескеру |
Хат |
Аққулы ауданы әкімінің аппараты персоналды басқару бөлімі
|
2023 жылғы қазан жұмыста
|
|
2. |
Жер кодексіне және жер комиссиясы туралы үлгілік ережеге жер комиссиясының төрағасын ауыстыру бөлігінде оның дәлелді себеппен болмаған жағдайда, сондай-ақ «жер комиссиясы төрағасының орынбасары» туралы жер комиссиясының үлгілік ережесіне толықтыру енгізу немесе мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларының дәлелді бас тарту бөлігінде «өтініш жер комиссиясы төрағасының болмауы немесе жер комиссиясы кворумының болмауы себебінен қаралуы мүмкін емес» деген тұжырыммен толықтыру бойынша ұсыныстар енгізу |
Облыстың жетекшілік ететін басқармасына қарастыруға және одан әрі Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігіне жіберу бойынша хат жолдау
|
Хат |
Аққулы ауданының жер қатынастары бөлімі |
2023 жылғы қазан жұмыста
|
|
3. |
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 19-5/293 бұйрығымен бекітілген Су шаруашылығы құрылыстарын жалға беру және сенімгерлік басқару қағидаларына толықтырулар енгізу. Сыбайлас жемқорлық тәуекелін болдырмау мақсатында әзірлеуші органға көрсетілген қағидаларға, атап айтқанда жалға алуды есептеу кезінде белгілі бір коэффициенттерді белгілеу қажет бойынша өзгеріс енгізу туралы ұсыныс хат жолдау қажет |
Облыстың жетекшілік ететін басқармасына қарастыруға және одан әрі осы Қағидалардың әзірлеуші органға жіберу бойынша хат жолдансын
|
Хат |
Аққулы ауданының қаржы бөлімі |
2023 жылғы қазан жұмыста
|
|
Ішкі құжаттарда сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау |
|||||
|
4. |
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне жасырын көрсетілетін қызметтерді енгізу жөніндегі іс-шараларды жүргізу: 1) «Әкімшілік аумақтық бірліктің атын өзгерту туралы анықтама»; 2) «Меншік иесінің өзі салған объектіні пайдалануға қабылдау актісін беру»; 3) «Әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі кәмелетке толған адамға қорғаншылық немесе қамқоршылық белгілеу»; 4) «Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына коммуналдық қызметтерге ақы төлеу және бюджет қаражаты есебінен отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау».
|
Облыс әкімінің аппаратына анықталған жасырын қызметтерді мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне енгізу жөнінде ұсыныстарды қарастыруға және одан әрі тиісті министрліктерге жіберу бойынша хат жолдау
|
Хат |
Аққулы ауданының экономиканың нақты сектор бөлімімен, Аққулы ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімімен бірлесіп, Аққулы ауданы әкімінің аппараты мемлекеттік-құқықтық бөлімі
|
2023 жылғы қыркүйек жұмыста
|
|
Мемлекеттік қызмет көрсетумен байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау |
|||||
|
5. |
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 6 қарашадағы № 72 бұйрығымен бекітілген Ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтiк қолдау шараларын ұсыну қағидаларына өзгерістер енгізу: 1) ұсынылатын құжаттардың тізбесіне ағымдағы шот туралы хабарлама енгізу; 2) тұрғын үй сатып алуға бюджеттік кредит алу жөніндегі құжаттардың тізбесіне ерлі-зайыптылардың екеуінің де кредиттік бюросынан есеп енгізу (некеде тұрған көрсетілетін қызметті алушылар үшін). |
1) Облыстың жетекшілік ететін басқармасына қарастыруға және одан әрі Қазақстан Республикасының тиісті министрлігіне құжаттар тізбесіне енгізу бойынша ағымдағы шот туралы хабарлама немесе жоғарыда көрсетілген қағидалардың 2-қосымшасында өтініш қанағаттандырылған жағдайда ағымдағы шоттың мәліметтері туралы баған енгізу бойынша хат жолдау. 2) Облыстың жетекшілік ететін басқармасына қарастыруға және одан әрі Қазақстан Республикасының тиісті министрлігіне тұрғын үй сатып алуға бюджеттік кредит алу жөніндегі құжаттар тізбесіне ерлі-зайыптылардың екеуінің де кредиттік бюросынан есеп енгізу бойынша (некеде тұрған көрсетілетін қызметті алушылар үшін) хат жолдау.
|
Хат |
Аққулы ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі |
2023 жылғы қазан жұмыста
|
|
6. |
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің м.а. 2017 жылғы 25 қазандағы № 360 бұйрығымен бекітілген халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту ұйымдарының басшылары, мамандары және басқа да қызметшілері лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларына толықтыру енгізу: - халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту ұйымдарының басшылары, мамандары және басқа да қызметшілері лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларына, мансап орталығының (халықты жұмыспен қамту орталығы) ассистентіне қойылатын біліктілік талаптарын енгізу. |
Облыстың жетекшілік ететін басқармасына қарастыруға және одан әрі Қазақстан Республикасының тиісті министрлігіне жіберу бойынша хат жолдау
|
Хат |
Аққулы ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі |
2023 жылғы қазан жұмыста
|
|
7. |
«Тракторлардың және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдердің, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерінің, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерінің, жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналардың кепілін мемлекеттік тіркеу (тіркеуден алу), өзгерiстер мен толықтыруларды (оның iшiнде, меншiк құқығының басқа адамға ауысуы, талап ету құқығын басқаға беру, кейіннен кепілге (қайталама кепілге) салу) тіркеу және тіркелген кепілдің қолданысын тоқтату, сондай-ақ кепілді мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті немесе телнұсқаны беру» мемлекеттік қызмет бойынша ақпараттық жүйені интеграциялау бойынша ұсыныстар енгізу
|
Көрсетілетін қызметті берушінің көрсетілетін қызметті алушымен тікелей байланысын болдырмау мақсатында облыс әкімінің аппаратына «электрондық үкімет» веб-порталын және мемлекеттік органдағы ақпараттық жүйені интеграциялау жөніндегі мәселені қарау қажеттілігі туралы хат жолдау |
Хат |
Аққулы ауданы әкімінің аппараты мемлекеттік-құқықтық бөлімімен бірлесіп Аққулы ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі
|
2023 жылғы қыркүйек жұмыста
|
|
8. |
«Тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдердi, монтаждалған арнаулы жабдығы бар тiркемелердi қоса алғанда, олардың тiркемелерiн, өздiгiнен жүретiн ауыл шаруашылығы, мелиорациялық және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерiн, жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды жыл сайынғы мемлекеттiк техникалық қарап-тексеруден өткiзу қағидалары» мемлекеттік қызмет бойынша шаралар өткізу: 1) бәсекелестік ортаға беру бойынша ұсыныстар енгізу; 2) осы мемлекеттік қызмет бойынша қағидаларға толықтыру енгізу, яғни машиналарды техникалық қарап тексеру бойынша мерзімі өткен жағдайда мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін әзірлеу
|
1) Облыстың экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасына бәсекелестік ортаға беру жөнінде ұсыныс хат жолдау
2) Облыс әкімі аппаратына қарастыруға және одан әрі Қазақстан Республикасының тиісті министрлігіне жіберу бойынша хат жолдау
|
Хат
Хат |
Аққулы ауданы әкімінің аппараты мемлекеттік-құқықтық бөлімімен бірлесіп Аққулы ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі
|
2023 жылғы қыркүйек жұмыста
|
|
Ақпараттық жүйелерді әзірлеуге және пайдалануға байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау |
|||||
|
9. |
«Ауыл шаруашылығы алқаптарын бір түрден екінші түрге ауыстыруға түпкілікті шешім беру» мемлекеттік қызмет көрсету бойынша «Е-лицензиялау» ақпараттық жүйеде бизнес процесті сәйкестендіру бойынша ұсыныс енгізу
|
Облыс әкімі аппаратына қарастыруға және одан әрі Қазақстан Республикасының тиісті министрлігіне жіберу бойынша хат жолдау |
Хат |
Аққулы ауданы әкімінің мемлекеттік-құқықтық бөлімі |
2023 жылғы қыркүйек жұмыста
|
|
Ұйымдастырушылық-басқару қызметтен туындайтын өзге де мәселелерді іске асыруға байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау |
|||||
|
10. |
«Аққулы ауданының экономиканың нақты секторы бөлімі» ММ-ні тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары, сәулет және қала құрылысы бөліміне және құрылыс бөліміне бөлу жөнінде ұсыныстар енгізу.
|
Мүдделер қақтығысын болдырмау мақсатында облыс әкімінің аппаратына Аққулы ауданының экономиканың нақты секторы бөлімін бөлу жөнінде ұсыныс-хат жолдау |
Хат |
Аққулы ауданының экономиканың нақты сектор бөлімі |
2023 жылғы қазан жұмыста
|