«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасының негізі азаматтардың барлық сындарлы сұраныстарына жедел және тиімді жауап беру болып табылады.
Мәселен, 2021 жылғы 1 шілдеден бастап Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі (бұдан әрі – Кодекс) қолданысқа енгізілді, сол күннен бастап «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» және «Әкімшілік рәсімдер туралы» заңдардың күші жойылды.
Кодекс әкімшілік рәсімдерді жүзеге асыруға, оның ішінде мемлекеттік органдардың ведомствоішілік қызметін ұйымдастыруға, сондай-ақ мемлекеттік басқару (әкімшілік әділет) саласындағы дауларды шешу жөніндегі әкімшілік сот ісін жүргізуге байланысты қоғамдық қатынастарды реттеуге бағытталған.
Жаңа Кодекс аясында өтінішті беру және қарау тәртібі де өзгерді. 2021 жылдың 1 шілдесінен бастап
«е–Өтініш» электронды өтініштер жүйесі енгізілді. «е-Өтініш»-ің арқасында өтініш берушілер үшін өтініштерді қарау барысы туралы ақпарат алу және бағалау мүмкіндігіне ие болды, мемлекеттік орган ішіндегі өтініштерді қарау мерзімдері мен сапасын орталықтан ауылдық деңгейге дейін қадағалауға мүмкіндік беретін «өтпелі бақылау» функционалы жұмыс істейді.
Ақпараттық жүйеге барлық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар қосылған, мемлекеттік мекемелер мен ұйымдардың 155 мыңнан астам қызметкері тіркелген.
Бұдан бөлее, жүйеде аналитикалық есептер (өтініштердің түрлері, сипаты,оларды беру өңірлері және т.б. бойынша) қалыптастырылады, бұл лауазымды тұлғалар өтініштердің ағымдағы жағдайын жедел бағалауға, уақтылы басқарушылық шешімдер қабылдау үшін қоғамның неғұрлым проблемалық мәселелерін көруге ықпал етеді.
Әрбір өтініш міндетті түрде қабылдануға, тіркелуге, есепке алынуға және қаралуға жатады. Өтінішті қабылдаудан бас тартуға тыйым салынады, бұл кодекстің талабы.
Алайда, жекелеген ерекше жағдайлар қарастырылған, олар бойынша Кодекстің қолданылуы белгілі бір құқықтық қатынастарға қолданылмайды.
Ағымдағы жылы Павлодар облысының мемлекеттік органдарының атына «е–Өтініш» электрондық өтініштер жүйесі арқылы 73 028 өтініш келіп түсті, оның ішінде 27 180 өтініш, 2 470 шағым, 3 736 хабарлама, 8 215 сұрау салу, 1 427 ұсыныс және пікірлер бар.
Мемлекеттік органдарға, жергілікті өзін–өзі басқару органдарына, мемлекет жүз пайыз қатысатын заңды тұлғаларға келіп түсетін өтініштерді тіркеу, есепке алу, сондай-ақ, «е-Өтініш» электрондық өтініштер жүйесін жүргізу өз құзыреті шегінде құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы статистикалық қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік орган белгілеген тәртіппен жүзеге асырылады.
Осыған байланысты, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу Комитетінің Павлодар облысы бойынша департаменті азаматтардың өтініштері бойынша мәліметтердің дұрыстығы мен толықтығын қамтамасыз ету бойынша бақылау-қадағалау қызметін тұрақты негізде жүзеге асырады, оның нәтижелері бойынша 200-ден астам өтініш есепке қойылды.
2023 жылдың өткен кезеңінде 54 лауазымды тұлға жауапқа тартылды, оның ішінде 44 адам тәртіптік жауапкершілікке, 10 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Сонымен қатар, азаматтардың «е–Өтініш» барлық өтініштерді қабылдау мен өңдеудің бірыңғай платформасына мемлекеттік қызметтер көрсету бойынша халықтан өтініштер түсетін жағдайлар жиіледі.
«е-Өтініш» платформасының функционалы өңір халқына мемлекеттік қызметтерді тіркеу мен көрсетудің бизнес-процестерін жүргізуді көздемейді.
Бүгінгі күні көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің басым бөлігі «Электрондық Үкімет» порталы, онлайн сервистер және «eGov mobile» мобильді қосымшасы арқылы алуға болатын электрондық форматта беріледі.
Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының құқықтық статистика және арнайы
есепке алу комитетінің Павлодар облысы бойынша департаментінің басшысы Е. Е. Дүйсекенов