Павлодар облысы әкімдігінің басым міндеттерінің бірі халықпен өзара іс-қимыл жасау үшін мемлекеттік органдардың қолжетімділігі мен ашықтығын қамтамасыз ету болып табылады.
Азаматтардың өтініштерін қараудың 3 негізгі қағидасы анықталды: жүйелілік, тұрақты бақылау және талдау.
Жергілікті атқарушы органдардың жұмысы барлық азаматтардың өтініштеріне жедел және тиімді ден қоюға және халықтың пікірін барынша ескеруге бағытталған.
Павлодар облысында мемлекеттік органдардың ашықтығы мен қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін облыста халықпен өзара іс-қимылдың кешенді инфрақұрылымы қалыптастырылды.
Облыс әкімдігінің ғимаратында «Орепѕрасе» жаңа форматы құрылды. Келушілерді қабылдау үшін қолайлы аймақтар жабдықталған, Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес өтініштерді қарауды ұйымдастыру тұрақты негізде жүзеге асырылады.
Осылайша, азаматтарды қабылдаудың жаңа форматы шеңберінде мынадай жұмыстар жүргізіледі: қабылдауға жазылу, тиісті мүдделі органдармен өтініш берушінің көтеріліп отырған проблемаларын алдын ала өңдеу, қабылдауды, өтініш берушіні қабылдауды жүзеге асыратын адамдардың мәселелерімен және шешім жобаларымен танысу және көтеріліп отырған проблемалар бойынша толық жауап беру, шешімдерді іске асыру жөніндегі тапсырмалар хаттамасына қол қою және олардың орындалуын мониторингілеу.
Облыста бекітілген Жол картасына сәйкес Әкімшілік рәсімдік-процессуалдық кодекске негізделген «е-Оtinish» жаңа сервисінде жұмысқа көшу жүргізілді, онда жаңа жүйеге 162 мемлекеттік орган, барлық халыққа қызмет көрсету орталықтары және квазимемлекеттік және үкіметтік емес сектордың 629 ұйымы қосылған.
«е-Оtinish» жүйесінің сүзгілерін пайдалана отырып, азаматтардың өтініштерін қарауды бақылау бөлімі өтініштер санына жедел мониторинг жүргізеді.
Бұл ТОП өзекті мәселелерді анықтауға, ағымдағы және жүйелік проблемалар бойынша талдау жүргізуге, мемлекеттік органдардың жұмыс жоспарларын түзетуге, жаңа басым жобалар пулын қалыптастыруға мүмкіндік береді.
«Халық үніне құлас асатын мемлекет» тұжырымдамасы шеңберінде «Easy project» ақпараттық жүйесіне өтініштерді қарау бойынша екі жоба енгізілді.
Тәуекел картасын қалыптастыру алгоритміне сәйкес облыста жергілікті атқарушы органдарға келіп түскен өтініштердің массивін күнделікті өңдеу бойынша жұмыс жүргізіледі.
Өтініштердің саны мен тақырыбына жедел мониторинг жүргізіледі. Бұл ТОП өзекті мәселелерді анықтауға, ағымдағы және жүйелік мәселелер бойынша талдау жүргізуге мүмкіндік береді.
Өтініштерімен жұмысты жетілдіру және Халыққа қызмет көрсету орталықтары мен ашық әкімдіктерді біріктіру үшін ағымдағы жылғы 13 мамырдан бастап «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Павлодар облысы бойынша филиалы (бұдан әрі -Мемлекеттік корпорацияның филиалы) мен Павлодар облысының жергілікті атқарушы органының (бұдан әрі – ЖАО) фронт-офистерінің жұмысы бойынша бірыңғай стандартта пилоттық жоба іске қосылды (бұдан әрі -пилоттық жоба).
Бүгінгі күні Павлодар облысы бойынша 2 объект - Павлодар қаласы әкімдігінің «Open Akimat» фронт - офисі және «Азаматтарға арналған үкімет» МК КЕ АҚ Павлодар облысы бойынша филиалының халыққа қызмет көрсету бойынша Павлодар қаласының № 3 бөлімі іске қосылды.
Пилоттық жобаға 24 қызметкер жұмылдырылды:
- «Open Akimat» бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша ЖАО-ның 13 қызметкері, азаматтардың өтініштері бойынша ЖАО-ның 5 қызметкері, 4 - ХҚКО;
- Халыққа қызмет көрсету бойынша Павлодар қаласының № 3 бөлімі ЖАО 1 қызметкері және ХҚКО 1 қызметкері.
Есептер Мемлекеттік корпорацияның орталық офисінің қызметкерлеріне регламент нысандарына сәйкес мерзімде ұсынылады. «Open-Pavlodar» фронт-офиісінің қызметкерлері күн сайын дүйсенбіден жұмаға дейін азаматтарды қабылдайды.
Осылайша, барлық 13 өңірде «Openәкімдік» фронт-офистері жұмыс істейді.
Денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау және еңбек қатынастары мәселелері бойынша шағымдар мен өтініштерді қарау үшін облыс орталығында қосымша әлеуметтік фронт-офис жұмыс істейді.
ТҮКШ мәселелері бойынша өтініштердің үлкен легіне байланысты «109» бірыңғай байланыс орталығының жұмысы күшейтілді, онда шамамен 40 адам, оның ішінде 30-ы менеджер-операторларға тиесілі. Күн сайын облыс бойынша үш жүзден астам өтініш келіп түседі. Олардың 70%-дан астамы жедел шешілуде.
Мемлекеттік органның бірінші басшысы әлеуметтік желілерде «тікелей эфирлер» арқылы жұмысты жандандырды.
Сонымен қатар, әкімдердің халық алдында тоқсан сайын есеп беру тәжірибесі, сондай-ақ «Бірінші басшылардың бірыңғай қабылдау күні» енгізілді.
Халық пен мемлекеттік органдар арасындағы сындарлы диалогты қалыптастыру қоғамдық-саяси жағдайдың теңгерімін сақтауға, халық арасында наразылық көңіл-күйді төмендетуге мүмкіндік береді.
Қабылданған кері байланыс шаралары барлық тұрғындарға өз мәселелерімен тікелей байланысуға және олардың естілуіне кепілдік беруге мүмкіндік береді. Сұрақтардың басым бөлігі жазбаша өтінішсіз жергілікті жерлерде шешіледі.
Сонымен қатар, халықпен кері байланыс облыс әкімінің жеке блогы және «Ашық диалог» порталы, сондай-ақ «Instagramm», «Facebook», «WhatsApp» танымал әлеуметтік желілері арқылы жүзеге асырылады.
Блогқа келіп түсетін өтініштерді модерациялауды, бақылауды және мониторингілеуді Павлодар облысы әкімі аппаратының азаматтар өтініштерінің қаралуын бақылау бөлімі жүзеге асырады. 2022 жылдың 1 жартыжылдығында барлығы 105 өтініш немесе 1 айда орташа есеппен 17-24 өтініш келіп түсті.
Instagram, Facebook, Telegram, WhatsApp әлеуметтік желілері мен мессенджерлері арқылы келіп түсетін өтініштерді модерациялауды, бақылауды және мониторингілеуді Павлодар облысы әкімі аппаратының азаматтардың өтініштерін қарауды бақылау бөлімі жүзеге асырады.
Азаматтардың өтініштерін қабылдауға арналған WhatsApp-аккаунттары 21 облыстық басқармада, 13 қала мен аудан әкімдіктерінде жұмыс істейді, олармен өтініштермен жұмысты ұйымдастыруға жауапты қызметкерлер (мемлекеттік қызметші, азаматтық қызметші) жұмыс істейді.
Жыл басынан бері келіп түскен 7316 мәселенің 40%-дан астамы (2926-дан астамы) оң шешімін тапты. 4390 хабарламаға түсініктемелер беріліп, мәселелердің баламалы шешімдері ұсынылды.
Барлық негізгі бағыттар бойынша үйлестірілген жұмыс жергілікті атқарушы органдарға өтініштер пулын азайтуға мүмкіндік берді.
2022 жылдың 6 айында жергілікті атқарушы органдарға 15,1 мың өтініш келіп түсті, бұл өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 11,7% - ға аз (2021 жылдың 1 жартыжылдығы – 17, 1), оның ішінде:
- жазбаша өтініштер – 11,7 мың (2021 ж. - 14,2 мың),
- азаматтарды жеке қабылдау – 3,5 мың (2021 ж. - 2,9 мың).
Өтініштерді қарау нәтижелері бойынша: қолайлы акт қабылданды – 6,2 мың немесе 41,1%, ауыртпалықты акт – 402 немесе 2,7%.
Өтініштердің ең көп саны 31-40 жас аралығындағы азаматтарға келеді, жұмыспен қамтылғандардың (жұмыс істейтіндердің) үлес салмағы – 12,2%, зейнеткерлер – 3,3%, өзін-өзі жұмыспен қамтығандар – 2,7%, кәсіпкерлер – 1,8%, жұмыссыздар – 1,7% құрайды.
Көбінесе облыс тұрғындары үшін дәстүрлі мәселелер: тұрғын үй беру, әлеуметтік қамсыздандыру, денсаулық сақтау, тұрғын үй-коммуналдық мәселелер, жер қатынастары және т.б. маңызды болып қала береді.
- тұрғын үй-коммуналдық саласының проблемалық мәселелері (аула аумақтарын және шағын аудандарды абаттандыру, тұрғын үй беру, тұрғын үйге кезек, жекешелендіру, үй құрылысының сапасы, жолдарды жөндеу, жарықтандыру, жылумен және сумен жабдықтау);
- әлеуметтік сала және денсаулық сақтау (атаулы әлеуметтік көмек, жеңілдіктер беру, проблемалық кредиттерді қайта қаржыландыру, медициналық тексеру және емдеу, медициналық қызметтердің сапасы, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету, вакцинация, мүгедектік тобын айқындау);
- жер қатынастары (жер учаскелерін беру, жер заңнамасы саласында қабылданған шешімдердің заңдылығы, жерді қайтару, жалға алу және т.б.);
- білім беру жүйесі (қашықтықтан оқыту, балабақшалардың, қосымша білім беру және дене тәрбиесі ұйымдарының жұмысы, грант бөлу мәселелері).
- кәсіпкерлікті дамыту (сауда үйлерінің, ойын-сауық ұйымдары мен мекемелерінің жұмысы, бизнес бойынша мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру).
- ауыл шаруашылығын дамыту (ЖЖМ алу, АӨК бағдарламалары).