2025 жылы Павлодар облысының жергілікті атқарушы органдарына жеке және заңды тұлғалар өкілдерінен 54 345 өтініш түсті (2024 ж. – 47 480), оның ішінде жазбаша – 49 290, ауызша – 5 055:
-облыс әкімінің аппаратына – 4 681: оның ішінде жазбаша – 4 446, ауызша –235 (2024 ж. – 4 629, оның ішінде жазбаша – 4 329, ауызша – 300);
- облыс басқармаларына – 11 734: оның ішінде жазбаша – 11 481, ауызша – 253 (2024 ж. –10 961, оның ішінде жазбаша – 10 655, ауызша – 306);
- қалалар мен аудандардың әкімдіктеріне – 37 930: оның ішінде жазбаша – 33 363, ауызша – 4 657 (2024 ж. – 31 890, оның ішінде жазбаша – 27 806, ауызша – 4 084).
2025 жылы Павлодар облысының әкімі А.Қ. Байханов 32 қабылдау өткізді, оның барысында 89 азамат қабылданды.