Павлодар облысы әкімінің аппараты ағымдағы жылғы 27 қарашада облыс әкімінің экономика және бюджеттік саясат, қаржы секторын дамыту, қазыналық органдармен өзара іс-қимыл, мемлекеттік жоспарлау, мемлекеттік-жекешелік әріптестікті, инфляциялық және инфляцияға қарсы саясатты дамыту және іске асыру, облыстың мемлекеттік активтерін басқару, бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі бойынша облыс кәсіпорындарымен меморандумдар жасасу, мемлекеттік сатып алу, «7-20-25» мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасы (кредит беру бөлігінде), әлеуметтік қамсыздандыру, жұмыспен қамту, көші-қон мәселелеріне жетекшілік ететін орынбасары Ә.А. Арынованың азаматтарды онлайн қабылдауы өтетінін хабарлайды.
Қажет болған жағдайда Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі қызметкерлерінің қатысуы қамтамасыз етіледі.
Азаматтарды қабылдауға жазу Қазақстан Республикасының «egov.kz» «электрондық үкіметі» порталы, әлеуметтік аккаунттар (инстаграмм - @pavlodar_region, фейсбук – @pavlodarregion және WhatsApp нөмір - +77021661661), облыс әкімінің блог-тұғырнамасы, Open диалог, (87182) 65-10-50, 66-39-96, 65-10-46, 66-39-25 телефондары арқылы жүргізіледі. Сондай-ақ жазбаша жүгінуге болады.
Қабылдауға жазылу үшін өтініш берушінің толық мәліметтерін (аты-жөні, пошталық мекенжайы, байланыс телефондары) және мәселенің қысқаша мазмұнын көрсету қажет.