«Павлодар облысының (қаласының, ауданының) Құрметті азаматы» атағын беру қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы 1-тармағының 12-2) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Заңының 46-бабы 2-тармағына сәйкес облыстық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Қоса берілген «Павлодар облысының (қаласының, ауданының) Құрметті азаматы» атағын беру қағидалары бекітілсін.
  2. Павлодар облыстық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
  3. Осы шешімнің орындалуын бақылау облыстық мәслихаттың азаматтардың құқығы мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
  4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

Сессия төрағасы

А. Терентьев

Облыстық мәслихаттың хатшысы

Б. Бексейітова

Дата публикации
23 ноября 2020