Павлодар облысы әкімдігінің «Павлодар облысы жергілікті атқарушы органдарының мемлекеттік саяси қызметшілеріне, «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілеріне қызметтік куәлік беру қағидаларын және оның сипаттамасын бекіту туралы» қаулысының жобасына БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ.

Қаулы Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңының 30-бабы 4-тармағына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актiлер туралы» Заңының 46-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес әзірленген.

Қаулының қабылдау мақсаты Мемлекеттік қызметшілерге қызметтік куәлік беру қағидаларын қолданыстағы заңнамаға сәйкес келтіру.

Қаулы республикалық бюджеттен қосымша қаржы шығындарын талап етпейді және теріс әлеуметтік-экономикалық немесе құқықтық салдарға әкеп соқпайды.

2020 жылғы 22 қазанда «Ашық НҚА» порталында жарияланған.

https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=5226537

Дата публикации
22 октября 2020