2024 жылы Павлодар облысының жергілікті атқарушы органдарына жеке тұлғалар және заңды тұлғалар өкілдерінен 47 480 өтініш түсті (2023 ж. - 42 426), оның ішінде:
- облыс әкімінің аппаратына – 4 629: оның ішінде жазбаша – 4 329, ауызша – 300 (2023 ж. - 4 171, оның ішінде жазбаша – 3 838, ауызша – 333);
- облыс басқармаларына – 10 961: оның ішінде жазбаша – 10 655, ауызша – 306 (2023 ж. – 8 637, оның ішінде жазбаша – 8 237, ауызша – 400);
- қалалар мен аудандардың әкімдіктеріне – 31 890: оның ішінде жазбаша – 27 806, ауызша – 4 084 (2023 ж. – 29 618, оның ішінде жазбаша – 24 086, ауызша – 5 532).
2024 жылдың 12 айында Павлодар облысының әкімі А.Қ. Байханов 34 қабылдау өткізді, оның барысында 82 азамат қабылданды.
Қабылдаулар барысында аталған өтініш берушілер 120 сұрақ көтерді:
Халықты анағұрлым толғандыратын сұрақтар:
- тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласы (тұрғын үймен қамтамасыз ету және жекешелендіру, тозығы жеткен үйлерді бұзу және жолдарды күтіп ұстау және қызмет көрсету, жылумен, электрмен жабдықтау мәселелері, «Шахтёр» қалалық саябағын қайта құру, киелі жерлерді абаттандыру мәселелері және т. б.);
- әлеуметтік және денсаулық сақтау (мүгедектер үшін әлеуметтік мекемелердің қолжетімділігі, емханаларға тіркелу, мүгедектікті тағайындау, әлеуметтік жәрдемақылар, зейнетақының төмендігі, медициналық көмектің сапасыздығы, қоныс аударғандардың мәселелері);
- білім беру саласы (мектепте, колледжде жұмысты ұйымдастыру, кәмелетке толмағандармен жұмыс жасау, балалардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша, жәрдемақы төлеу және қосымша жұмысқа орналастыру туралы);
- мәдениет және спорт саласы (жарыстар өткізу, велокоманда ашу, мәнерлеп сырғанау федерациясының қызметі, спортпен шұғылдануға арналған үй-жайлардың қажеттілігі, Көркем гимнастика орталығының құрылысы, Әскери даңқ мұражайын жаңғырту, Павлодар облысының азаматтарын тарихи ескерткіштер тізіміне енгізу туралы қайраткерлері, тіл саясаты мәселелері бойынша);
- ауыл шаруашылығы және жер қатынастары саласында (жер учаскелерін беру, егіс науқанын табысты өткізудің және одан әрі жұмыстың ықимал тетіктері, жалпы пайдаланымдағы жерлер мен жайылымдарды абаттандыру, мал басын есепке алу, микрочиптеу, бақылаусыз жайылым және т.б.);
- басқа сұрақтар: «Майқайың-алтын» АҚ опырылған жердегі жағдай, несиені ұзарту, ауылдағы ұялы байланыс сапасы, ит панажайының жұмысы, экология мәселелері, материалдық және демеушілік көмек көрсету және т.б.
Осы қабылдаулардың қорытындысы бойынша 68 мәселеге түсініктеме берілді, 20 мәселе оң шешілді (қанағаттандырылды), 27 белгілі бір жұмыс жүргізілді, 5- толық орындалғанға дейін орындауда және бақылауда.
Облыс әкімінің орынбасарлары, аппарат басшысы, әдеп жөніндегі уәкіл 117 қабылдау өткізді, оның барысында 218 адам қабылданды. Қабылдау барысында өтініш берушілер әлеуметтік қамсыздандыру, тұрғын үй, жер беру, ТҮКШ, ауыл шаруашылығы, білім және т.б. мәселелерді көтерді. Осы қабылдаулардың қорытындысы бойынша 32 өтініш берушінің мәселесі оң шешілді, 169 - түсініктеме берілді, 17 – бақылауда.
Қалалар мен аудандардың әкімдері 4 084 адамды қабылдады (орындау нәтижелері бойынша: түсініктемелер берілді – 2 119, қанағаттандырылды – 1 894, бақылауда - 71).
Облыстық басқармалардың басшылары 306 азаматты қабылдады (орындау нәтижелері бойынша: түсініктемелер берілді -188, қанағаттандырылды –117, бақылауда -1).
Тұрғындармен бірыңғай жұмыс стандартын қамтамасыз ету мақсатында облыс әкімдігінің ғимаратында 2023 жылғы 15 желтоқсаннан бастап «опен әкімдік» жұмысы Азаматтарды қабылдау бірыңғай орталығы (бұдан әрі – АҚО) болып өзгертілді.
2024 жылы АҚО-ға келген азаматтар саны - 4 480:
- консультациялар алынды - 1 430;
- мемлекеттік органдар басшыларының жеке қабылдаулары өткізілді - 1 733, онда 1 849 азамат қабылданды;
- операциялық залға өтініштер түсті - 1 201.
Азаматтар мен заңды тұлғалардың өкілдерінен өтініштер жазбаша өтініштермен қатар әлеуметтік желілер арқылы да келіп түседі. 2024 жылы әлеуметтік желілер мен мессенджерлерге: Instagram, WhatsApp 4 166 сұрақ келіп түсті (өтініш берушілердің 1 744 сұрағы шешілді, 2 422 хабарламаға түсініктемелер берілді және мәселелердің балама шешімдері ұсынылды).
Мемлекеттік органдардың бірінші басшыларының «тікелей эфирлер» өткізуі арқылы әлеуметтік желілерде жұмыс жандандырылды. Ай сайын облыс әкімі өзінің Instagram парақшасында тікелей эфир өткізеді, онда әрбір тұрғын өз сұрағын қойып, оған жауап ала алады.
Азаматтардың өтініштерін қабылдауға арналған WhatsApp-аккаунттар 18 облыстық басқармада, 13 қала және аудан әкімдіктерінде жұмыс істейді. Мәртебелерде азаматтарға арналған өтініштерді қазақ және орыс тілдерінде жіберу ережесі туралы ақпарат жарияланды.
Сондай-ақ, халықпен өзара іс-қимыл жасау және кері байланыс орнату үшін барлық қалалар мен аудандардың әкімдерінің, мемлекеттік органдардың бірінші басшыларының әлеуметтік желілерде жеке аккаунттары бар.
Жедел ден қою мақсатында «109» бірыңғай байланыс орталығы жұмыс істейді. «109» қызметіне 107 421 өтініш келіп түсті, оның ішінде: сумен жабдықтау (21 860), электрмен жабдықтау (21 171), ақпараттық сипаттағы мәселелер (17 984), денсаулық сақтау (8 944), санитарлық тазарту (5 044), ҚТҚ (4 925), жылумен жабдықтау (3 886), жол инфрақұрылымы (3 406), көшелерді жарықтандыру (3 139) және т.б.
Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі мен ҚР Үкіметі Аппаратынан түскен азаматтардың өтініштері облыс әкімдігінің ерекше бақылауында.
2024 жылы барлығы 722 өтініш келіп түсті (2023 ж. – 623):
ҚР ПӘ арқылы - 536 (бұл 2023 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 67-ге жоғары – 469),
ҚР Үкіметі Аппараты арқылы – 186 (бұл 2023 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 32-ге жоғары – 154).
Павлодар облысының халқы көтеретін ең өзекті мәселелер: еңбек мәселелері және әлеуметтік қамсыздандыру, құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық сала, мемлекеттік органдардың қызметі бойынша, білім беру, тұрғын үй беру, кәсіпкерлік, жер қатынастары мәселелері, денсаулық сақтау.
Өтініштерді объективті қарау мақсатында жергілікті атқарушы органдардың басшылары өтініш берушілермен кездесулер өткізді, барлық өтініштерге заңнамада белгіленген тәртіппен түсініктемелер берілді және проблемалық мәселелерді реттеу бойынша шаралар қабылданды.
Қаралу барысы, сондай-ақ тапсырмалардың уақтылы және сапалы орындалуы облыс әкімі аппаратында тұрақты бақылауда.