Павлодар облыстық аумақтық сайлау комиссиясының хабарламасы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 14-бабының 2-3) тармақшасына, 101-бабының 1-тармағының 4) тармақшасына, 3-1 және 6-тармақтарына сәйкес және «Мәслихаттардың шығып қалған депутаттарының орнына сайлауды бір мезгілде өткізу күнін келісу туралы» Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2024 жылғы 6 қыркүйектегі №39/47 қаулысы негізінде Павлодар облыстық аумақтық сайлау комиссиясы 2024 жылғы 11 қазандағы № 25 қаулысымен Павлодар облыстық мәслихатының № 14 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша шығып қалған депутатының орнына 2024 жылғы 8 желтоқсанға сайлауды тағайындады.