«Екібастұз» республикалық маңызы бар индустриялық аймақтың басқарушы компаниясын басқару үшін тұлғаларды іріктеу жөніндегі конкурс

Қазақстан Республикасы Павлодар облысының әкімдігі «Екібастұз» республикалық маңызы бар индустриялық аймағының басқарушы компаниясы - «Екібастұз «индустриялық аймағының басқарушы компаниясы» ЖШС басқару үшін тұлғаларды іріктеу бойынша конкурс жариялайды.

Конкурсқа қатысу үшін  Павлодар қаласы, Астана көшесі, 61-үй, Павлодар облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы мекенжайына, сондай-ақ электрондық мекенжайға құжаттарды ағымдағы жылғы 26 тамызға дейін ұсыну қажет: kense.upiir@pavlodar.gov.kz

1) арнайы экономикалық аймақтардың және мемлекеттік индустриялық аймақтардың басқарушы компанияларын басқару үшін адамдарды конкурстық іріктеуді жүргізу қағидаларын, сондай-ақ көрсетілген адамдарға қойылатын біліктілік талаптары (қоса беріледі) №1 қосымшасына сәйкес нысан бойынша конкурсқа қатысуға өтініш электрондық және қағаз жеткізгіштерде;

2) жеке куәліктің және/немесе паспорттың көшірмесі;

3) Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 35-бабына сәйкес конкурсқа қатысушының еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариат куәландырған көшірмесі;

4)жоғары оқу орнын бітіргені туралы дипломның, сондай-ақ магистрлік немесе докторлық бағдарламаны бітіргені туралы дипломның нотариат куәландырған көшірмесі (бар болса);

5) сертификаттар мен басқа да наградалардың көшірмелері (бар болса);

6) соттылығының болуы не болмауы туралы анықтама;

7)ұсыным хаттар (бар болса);

8) құжаттарды шет тілдерінде ұсынған кезде мемлекеттік немесе орыс тілдеріне нотариалды куәландырылған аудармасы қоса беріледі.

Сондай-ақ қатысушы мемлекеттік индустриялық аймақтардың басқарушы компанияларын басқару үшін тұлғаларға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттарды қоса бере алады.

Конкурстың екінші кезеңіне жіберілген конкурсқа қатысушылар облыстың жергілікті атқарушы органының ресми интернет-ресурсында конкурстың екінші кезеңіне өткен қатысушылар тізімі ресми жарияланған күннен бастап күнтізбелік бес күн ішінде кейіннен конкурстық комиссияның қарауына шығару үшін облыстың жергілікті атқарушы органына конкурстық ұсыныстарды еркін нысанда ұсынады:

1) мемлекеттік индустриялық аймақтар қызметінің бейінінің мамандануын ескере отырып, қолда бар жұмыс тәжірибесін баяндай отырып, анықтама;

2) мемлекеттік индустриялық аймақтарды дамыту стратегиясына пайымы;

3) мемлекеттік индустриялық аймақтарды дамыту тетіктері және/немесе схемасы;

4) мемлекеттік индустриялық аймақтарға инвесторларды тарту тәсілдері;

5) күтілетін нәтижелер (сапалық және сандық көрсеткіштер);

6) мемлекеттің, басқарушы компаниялардың және мемлекеттік индустриялық аймақтарға қатысушылардың мүдделерін ескере отырып, басқарушылық шешімдерді дайындау мен қабылдаудың қолдануға жоспарланатын әдістері.

Байланыс тұлғасы: Нуркимбаев Сагыныш Маратович, тел.: 8 (7172) 32-33-40, +77054829217.

 

Конкурсқа қатысуға өтініш - ЖҮКТЕУ

 

«Екібастұз» республикалық маңызы бар индустриялық аймақтың басқарушы компаниясын басқару үшін тұлғаларды іріктеу жөніндегі конкурс
Дата публикации
06 августа 2024