Қазақстанда АЭС салу мәселесі бойынша жария талқылаулар өткізу туралы
ХАБАРЛАНДЫРУ
Мемлекет басшысы 2023 жылғы 1 қыркүйектегі «Әділ Қазақстанның экономикалық бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында Қазақстанда атом электр станцияларын салу мәселесі бойынша жалпыұлттық референдум өткізуге бастамашы болды.
Референдум өткізу тәртібі 1995 жылғы 2 қарашадағы «Республикалық референдум туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңымен регламенттелген.
Қазақстанда АЭС салу мәселесін талқылау мақсатында референдум өткізілгенге дейін Павлодар обласында жария талқылаулар өткізу жоспарланып отыр.
Жария талқылауға атом саласының салалық сарапшылары қатысады. Жария талқылауларды өткізу барысында азаматтар өздерін қызықтыратын технологиялардың қауіпсіздігі бойынша да, АЭС құрылысының әлеуметтік-экономикалық аспектілері бойынша да кез келген сұрақтарын қоя алады.
Жария талқылау өткізілетін орны: Павлодар қ., Қ. Әбусеитов атындағы МСО, Катаев к-сі, 44.
Жария талқылауды өткізу күні мен уақыты: 2024 жылғы 9 тамыз сағат 16.00-де.
АЭС салу туралы толығырақ төмендегі сілтемелер бойынша таныса аласыз:
1. Қазақстанда АЭС салу туралы анықтамалық ақпарат
https://www.gov.kz/memleket/entities/pavlodar/documents/details/701356?lang=kk (қаз)
2. Бейне материалдар:
https://www.youtube.com/watch?v=1yROTsOPiDA&ab_channel=tokaiuly (қаз)
https://www.youtube.com/watch?v=iQUD2i8iLYQ&ab_channel=tokaiuly (рус)
https://www.youtube.com/watch?v=oRo4P3lJMxk&ab_channel=tokaiuly (қаз)
https://www.youtube.com/watch?v=-3yLXWhU6MM&ab_channel=tokaiuly (рус)
https://www.youtube.com/watch?v=UySZaeQDZr0&ab_channel=tokaiuly (рус)
https://www.youtube.com/watch?v=JyMoNJ5aXyY&ab_channel=tokaiuly (рус)
3. Біздің арамызда радиация» брошюрасы
https://www.gov.kz/memleket/entities/pavlodar/press/media/details/54676?lang=kk (қаз)