Қазақстанда АЭС салу мәселесі бойынша анықтамалық ақпарат

Қазақстанда АЭС салу мәселесі бойынша

анықтамалық ақпарат

 

Электр энергия тұтынудың артуын ескере отырып, Қазақстан елді тұрақты энергиямен жабдықтауды қамтамасыз ету үшін электр энергиясын өндірудің жаңа негізгі көзін енгізуді қажет етеді. Алайда, көміртегі бейтараптығына қол жеткізуге бағытталған жаһандық күш-жігерді ескере отырып, көмір энергетикасын негізгі көз ретінде пайдалану мүмкіндігі халықаралық қаржы ұйымдарының көмір электр станцияларын салу жобаларын қаржыландырудан бас тартуына байланысты шектеулі. Сондай-ақ, елдегі табиғи газдың қоры  шектеулі болуына  байланысты газ энергетикасының ауқымды дамуы қиындап отыр.

Жаңартылатын энергия көздері, барлық артықшылықтарға қарамастан, жел мен күннің мерзімді түрде болмауы ебепті жұмыстың болжамсыздығына байланысты тұрақты және негізгі генерация көзі бола алмайды. Энергетика секторындағы технологияларды дамытудың ағымдағы деңгейінде атом энергетикасы шығатын қуаттарды ауыстыру үшін неғұрлым перспективалы шешім болып көрінеді.

Осылайша, 2023 жылы БҰҰ тараптарының климаттың өзгеруі жөніндегі  өткен 28-ші конференциясы (COP28) барлық тараптар бірауыздан келіскен және қазба отындарынан бас тартуға және атом энергетикасын қоса алғанда, шығарындылары нөлдік және төмен технологияларды енгізуді жеделдетуге үндейтін Жаһандық есепті қабылдау бойынша өткізілді. COP28 барысында 24 ел 2050 жылға қарай ядролық энергияның жаһандық әлеуетін үш есе арттыруға үндейтін министрлік декларацияны қолдады. Болгария, Канада, Чехия, Финляндия, Франция, Гана, Венгрия, Жапония, Оңтүстік Корея, Молдова, Моңғолия, Марокко, Нидерланды, Польша, Румыния, Словакия, Словения, Швеция, Украина, БАӘ, Ұлыбритания және АҚШ басшылары немесе жоғары лауазымды тұлғалары декларацияға 2023 жылдың 2 желтоқсанында қол қойды, ал Армения және Хорватия  оған саммит кезінде қол қойды.

2050 жылға қарай ядролық қуаттың кем дегенде үш есе өсуін көздейтін «Net Zero Nuclear Industry Pledge» міндеттемесі COP28 шеңберіндегі іс-шарада ұсынылды. Осы міндеттемеге қол қойған компаниялар 140-тан астам елде жұмыс істейді және 2050 жылға арналған министрлік декларациясын қолдаған үкіметтер сияқты атом энергетикасын кең көлемде кеңейтуді қолдауға міндеттеме алды.

МАГАТЭ деректері бойынша қазіргі уақытта әлемнің 31 елінде жалпы қуаты 374,6 ГВт(эл.)  болатын 416 ядролық энергоблок пайдаланылуда  және 15 елде 59 реактор салынуда

Ядролық энергетикалық қуаты едәуір елдер: АҚШ (94 реактор), Франция (56 реактор), Қытай (56 реактор), Ресей (36 реактор), Оңтүстік Корея (26 реактор), Жапония (12 реактор).

Әлемде жұмыс істеп тұрған реакторлар

Әлемде  құрылысы  салынып жатқан реакторлар

 

МАГАТЭ-нің жаңа шолуында ұсынылған оптимистік сценарий аясында 2050 жылға қарай әлемдік атомдық генерациялау қуаты 2020 жылы тіркелген 393 ГВт көрсеткішімен салыстырғанда екі есеге артып, 792 гигаватт болады деп күтілуде.

Мемлекет Басшысының Қазақстанда атом энергетикасын дамыту мүмкіндігін зерделеу жөніндегі тапсырмасын орындау мақсатында реакторлық технологияларды таңдау бойынша бұрын жүргізілген зерттеулерді өзектендіру, атом электр станциясының қуаты мен құрылыс ауданын анықтау бойынша жұмыстар жүргізілді.

Жүргізілген зерттеулердің қорытындысы бойынша станцияның қуаттылығы 2800 МВт дейінгі АЭС құрылысының ең қолайлы ауданы ретінде Алматы облысы Жамбыл ауданы Үлкен ауылының аумағы таңдалды.

2019 жылы ядролық технологиялардың негізгі әлемдік өнім берушілерінен техникалық-коммерциялық ұсыныстар алу бойынша маркетингтік рәсім жүргізілді. Нәтижесінде 5 шетелден (Оңтүстік Корея, Қытай, Ресей, АҚШ, Франция) 6 танымал компаниядан ұсыныстар алынды, олар әртүрлі қуаттылығы, орналасуы және т. б. бар реакторлардың 13 түрлі нұсқаларын қарауға ұсынды.

Осы ұсыныстарды қарау және зерделеу барысында 20 критерий бойынша ең перспективалы нұсқалар іріктеліп алынды және алдын ала 4 жобаны қамтитын қысқа тізім жасалды.

Әлеуетті өнім берушілер ретінде «CNNC» (ҚХР, HPR-1000 реакторы), ГК «Росатом» (РФ,  ВВЭР-1200, ВВЭР-1000 реакторлары), «KHNP» (Южная Корея, APR-1400 реакторы) және  «EDF» (Франция, EPR1200 реакторы).компаниялары қарастырылуда. Қазіргі уақытта ядролық технологиялардың өнім берушілерімен  АЭС салу жобасын іске асыру бойынша ұсынылып отырған шарттарды талқылау бойынша келіссөздер жүргізілуде.

Бұл ретте Мемлекет басшысы 2023 жылғы 1 қыркүйектегі «Әділ Қазақстанның экономикалық бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында осы мәселені халықпен алдын ала жария талқылауды жүргізе отырып, Қазақстанда АЭС салу мәселесі бойынша жалпыұлттық референдум өткізуге бастамашылық еткенін атап өту маңызды. Қазақстан Республикасының Президенті өз Жолдауында референдум өткізу мерзімдері кейінірек белгіленетінін айтты. Референдум өткізу тәртібі 1995 жылғы 2 қарашадағы «Республикалық референдум туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңымен регламенттелген.

АЭС қауіпсіздігі

Қазақстанда қауіпсіздіктің барлық талаптарына жауап беретін жаңа жетістіктер мен әзірлемелерді пайдалана отырып, жаңа буын III немесе III + атом электр станциясының құрылысы қарастырылуда, бұл апат қаупін азайтады. Жаңа буын реакторларының басты ерекшелігі-станцияны сыртқы және ішкі әсерлерге барынша төзімді ететін белсенді және пассивті қауіпсіздік жүйелерінің бірегей үйлесімі. Қазіргі заманғы үшінші буын станцияларында ауыр апат ықтималдығы жылына 10-7 оқиғадан аз- 10 миллион жыл ішінде бір ғана апат болуы мүмкін. Станциялар құнының 40% дейін қауіпсіздік жүйелеріне кетеді. Бұл ретте атйқан жөн,  Чернобыль атом электр станциясы 1977 жылы, ал Фукусима атом электр станциясы 1971 жылы салынды және қауіпсіздігі әлдеқайда төмен ескі буын реакторлары болды, сондықтан қазіргі атом электр станцияларымен салыстырғанда апат қаупі жоғары болды.

 

АЭС-ға арналған  су ресурстары

Қазақстанда құрылыс үшін қарастырылатын барлық реакторлар екі тізбекті болып табылады, онда бірінші тізбекте су айналып, белсенді аймаққа тікелей тиіп тұрады. Бірінші контурдағы судың жылуы екінші контурдағы суға жанаспай беріледі. Бұл жағдайда турбина реактордың екінші тізбегінде өндірілген буларды басқарады.

Жалпы, атом электр станциясында су жабық жүйеде айналады, онда пайдаланылған бу конденсацияланып, қайтадан пайдаланылады.

АЭС Балқаш көлінің жағасында орналастырылған жағдайда, АЭС пайдалану кезінде судың қайтарымсыз шығыны көл бетінен судың табиғи булануынан болатын шығынмен салыстырғанда әлдеқайда төмен болатынын атап өту маңызды. Мысалы, 2021 жылы Балқаш көлінің су балансының шығыс бөлігі су бетінен булану – 18,9 18,9 км3 көлемінде  ұсынылған.

Ядролық технологиялардың өнім берушілері  ұсынған деректерге сәйкес екі блокты атом электр станциясын пайдаланудан судың қайтарымсыз шығыны (булануы) жылына шамамен 63 млн. м3 құрайды, бұл. Балқаш көлінің  барлық булануының 0,32% - ына тең. Балқаш көлінің  жалпы су көлемі шамамен 108,3 млрд. м3 құрайтынын екенін ескеру маңызды. Бұл атом электр станциясын салқындату үшін қажетті көлемнен едәуір көп, сондықтан атом электр станциясы көлдің көлеміне айтарлықтай әсер етпейді.

 

Шағын модульдік реакторлар технологияларын дамыту перспективалары

Қазақстан шағын модульдік реакторлар (бұдан әрі – ШМР) технологиясын және олардың электр энергиясын өндіруде қолданылуын елдегі атом энергетикасын одан әрі дамытудың перспективалық бағыты ретінде қарастырады.

ШМР энергияға қажеттілікке, қажетті ресурстардың (мысалы, салқындату үшін судың), инфрақұрылымның және т.б. қолжетімділігіне қарай Қазақстанның әртүрлі өңірлерінде орналастырылуы мүмкін.

 Бұл ретте, ШМР аудандық ауқымдағы орталықтандырылған жылумен жабдықтауда да пайдаланылуы мүмкін көмір генерациясының шығатын көздеріне балама болып табылады.

Сонымен қатар, жүктемені қадағалаудың ШМР-ға тән сипаттамалары ШМР-ды ауыспалы қалдық жүктемесі бар энергия жүйелерінде, мысалы, жаңартылатын энергия көздерінің (бұдан әрі-ЖЭК) үлесі жоғары өңірлерде икемді пайдалануға жарамды етеді. Осыған байланысты жаңартылатын энергиямен  бірге ШМР-ді қолдану интеграцияланған «гибридті»  энергетикалық жүйелер шеңберінде қарастырылуы мүмкін.

Айта кету керек, қазіргі уақытта төмен қуатты реакторлар референтті болып табылмайды,  яғни, оларды  пайдалану тәжірибесі жоқ. Үлкен қуатты реакторлардан айырмашылығы, перспективалы аз қуатты реакторлардың көпшілігі құрылысқа рұқсат алу үшін реттеуші органдардың мақұлдауын алу сатысында немесе лицензиялау процесінде. Бұл ретте алғашқы осындай реакторларды пайдалануға беру  2030 жылдан ерте күтілмейді.

 

Кірістіру

стр 2. *уақытша тоқтатылған реакторлар

стр 3 Қытай, Үндістан, Түркия, Ресей, Оңтүстік Корея,Ұлыбритания,Жапония

Қазақстанда АЭС салу мәселесі бойынша анықтамалық ақпарат
Дата публикации
05 августа 2024