Павлодар облысының кейбір білім беру ұйымдарына атау беру және қайта атау туралы

«Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының
10-бабы 4-1) тармақшасына, «Қазақстан Республикасының аумағындағы әуежайларға, порттарға, теміржол вокзалдарына, теміржол стансаларына, метрополитен стансаларына, автовокзалдарға, автостансаларға, физикалық-географиялық және мемлекет меншігіндегі басқа да объектілерге атау беру, сондай-ақ оларды қайта атау, олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту және мемлекеттік заңды тұлғаларға, мемлекет қатысатын заңды тұлғаларға жеке адамдардың есімін беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 5 наурыздағы                             № 281 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі                        ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Келесі білім беру ұйымдарына:

1) «Баянауыл ауданы білім беру бөлімінің № 2 жалпы орта білім беру мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Шапық Шөкиннің есімі;

2) «Железин ауданы әкімдігінің білім бөлімінің № 3 жалпы білім беру орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Міржақып Дулатұлының есімі берілсін.

  1. Келесі білім беру ұйымдары:

1) «Баянауыл ауданы білім беру бөлімінің № 1 Майқайың жалпы орта білім беру мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі - «Баянауыл ауданы білім беру бөлімінің Мұхтар Әуезов атындағы жалпы орта білім беру мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

2) Ертіс ауданы әкімдігінің «Ертіс ауданының Северный жалпы орта білім беру мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі - Ертіс ауданы әкімдігінің «Ертіс ауданының Шоқан Уәлиханов атындағы жалпы орта білім беру мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі болып қайта аталсын.

  1. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі                                                                   А. Мамин

Дата публикации
28 июля 2020