2023 жылғы 1-тоқсанда жеке және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдауды ұйымдастыру туралы ақпарат

2023 жылғы 1-тоқсанда Павлодар облысы әкімінің аппаратына жеке және заңды тұлғалар өкілдерінен 904 өтініш келіп түсті (2022 жылғы 1-тоқсанда – 980), оның ішінде:

- жазбаша өтініштер – 817 (2022 ж. – 886),

- азаматтарды жеке қабылдау – 87 (2021 ж. – 94).

Облыс әкімімен жеке қабылдауларда 36 адам қабылданды, оның ішінде Ақтоғай ауданында - 4 халықпен көшпелі кездесулер өткізілді (қабылдаудан түскен тапсырмаларды орындау нәтижелері бойынша: түсіндірілді – 23, орындалды – 9, бақылауда – 4).

Облыс әкімінің орынбасарларымен және әкім аппаратының басшысымен 51 адам қабылданды (қабылдаудан түскен тапсырмаларды орындау нәтижелері бойынша: түсіндірілді – 37, орындалды – 11, бақылауда – 3).

Азаматтар қабылдауға жүгінген негізгі мәселелер: тұрғын үй беру - 28, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау – 13, ауыл шаруашылығы – 7, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық – 6, денсаулық сақтау – 5, мәдениет – 5, жер пайдалану – 4, білім беру – 4, спорт – 4 және басқалар.

2023 жылғы 1-тоқсанда жеке және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдауды ұйымдастыру туралы ақпарат
Дата публикации
26 июня 2023