Жол картасы

Сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алу бойынша жол картасы

 

2021 жылғы 16 маусымда барлық қалалық және аудандық әкімдіктер мен облыстық басқармаларға облыс әкімі және Павлодар облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің басшысы бекіткен Павлодар облысының жергілікті атқарушы органдарындағы сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алу жөніндегі жол картасы орындау үшін жіберілді.

Жол картасы сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендетуге, оны тудыратын себептер мен жағдайларды жоюға елеулі әсер ететін алдын алу сипатындағы кешенді шараларды қабылдау мақсатында әзірленді, яғни бірінші кезекте сыбайлас жемқорлықтың алғышарттарын жоюға баса назар аударылды.

Жол картасы бірқатар ұйымдастыру іс-шараларын, ақпараттық-ағартушылық және түсіндіру жұмыстарын, қоғамдық бақылауды күшейту жөніндегі іс-шараларды, білім беру және бизнесті қорғау желісі бойынша жекелеген іс-шараларды өткізуді көздейді.

Жол картасымен қозғалатын мемлекет қызметі мен қоғам өмірі салаларының кең ауқымын ескере отырып, оның негізгі ережелерін түсіндіру және туындаған практикалық сұрақтарға жауап беру үшін ағымдағы жылғы 23 маусымда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің облыс бойынша департаментінің басшылығы мен қызметкерлерінің, қалалар мен аудандар әкімдерінің, облыс басқармалары басшыларының қатысуымен семинар-кеңес өткізу жоспарлануда.

Дата публикации
03 июля 2021