Павлодар облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі және олардың құқықтарын қорғау бойынша комиссиялардың жұмысы туралы 2021 жылдың 1 тоқсаны бойынша ақпара

Кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссиялар құқық бұзушылықтардың, балалардың панасыз және қадағалаусыз қалуының, жасөспірімдер арасындағы суицидтің алдын алу, кәмелетке толмағандардың құқықтарын сақтау проблемаларын анықтау, олардың қалыпты дамуы мен оқуы үшін жағдайларды қамтамасыз ету, оларды жою жөнінде шаралар қабылдау міндеттерін іске асыру бойынша жұмысты жалғастыруда.

2021 жылдың 1 тоқсанында облыста барлығы 90 отырыс өткізілді (2 – облыстық комиссия, 23 – қалалық және 65 – Аудандық комиссия). Осы кезеңде отырыстарда Балалардың құқықтарын қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстың өзекті бағыттары бойынша 198 мәселе, сондай-ақ өмірде қиын жағдайға тап болған, құқық бұзушылық жасаған, оқудан жалтарған, балаларға қатысты өз міндеттерін тиісінше орындамайтын ата-аналар және басқа да жағдайлар бойынша 107 дербес мәселе қаралды.

2021 жылғы 3 ақпанда облыстық комиссия отырысында өмірлік қиын жағдайға тап болған балаларды қолдау жөніндегі 2 орталықтың қызметі, сондай-ақ кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың, қадағалаусыз және панасыз қалудың алдын алу бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы мәселелер қаралды.

2021 жылғы 17 наурызда "Дағдарысты еңсеру институты" ЖК директоры, медицина ғылымдарының докторы Ю.А. Россинскийдің қатысуымен кәмелетке толмағандар арасында суицидтік көріністердің алдын алу, проблеманы шешудің себептері мен жолдары мәселесі қарауға шығарылды.

Балалар интернаттық мекемелеріндегі бейнебақылау жүйелерінің тиімділігін арттыру мақсатында облыс прокуратурасының "бұлтты бейнебақылауды"енгізу туралы ұсынысы қаралды.

Сондай – ақ, комиссия мүшелерінің алдында М. Катаев атындағы Оқушылар сарайының базасында құрылған "Тәрбие алаңы" агенттігі жобалық кеңсесінің тұсаукесері өткізілді, оның қызметі кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алуға, өмірлік қиын жағдайда жүрген кәмелетке толмағандар мен отбасыларды уақтылы анықтауға, сондай-ақ оларды әлеуметтік-түзету оңалту және құқық бұзушылықтар жасауының алдын алу бойынша қызметті жүзеге асыруға бағытталған. 2021 жылғы 2 сәуірде оның ресми ашылуы өтті, оның барысында ведомствоаралық өзара іс-қимыл органдарымен меморандумдар және іс-шараның барлық қатысушыларымен диалог алаңы жасалды.

Бұдан басқа, 2021 жылғы 12 ақпанда облыс әкімінің орынбасары А.А. Құрманованың төрағалығымен кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сот өкілдерінің қатысуымен қолайсыз отбасылармен жұмыстың жай-күйі, ата-ана құқықтарынан айыру немесе оларды шектеу туралы мәселе бойынша кеңес өткізілді.

Бұдан басқа, әрбір отырыста облыстың қалалары мен аудандарында өмірлік қиын жағдайға тап болған отбасыларды анықтау, отбасылық қолайсыздықтың, балаларға қатысты зорлық-зомбылық пен қатыгез қараудың алдын алу жөніндегі жедел ден қою топтарының жұмысы туралы есептер тыңдалады. Мысалы, Ақсу қаласында 15 жедел әрекет ету тобы жұмыс істейді, рейдтік іс - шаралар барысында олар қолайсыз отбасыларға барды, бірнеше отбасына көмек көрсетілді, оның ішінде демеуші есебінен көп балалы отбасылардан шыққан 3 балаға ноутбук берілді, 1 - құжаттандыруға көмек көрсетілді, 3 отбасына консультациялық көмек, 4-азық-түлік себеті, өрттен зардап шеккендер отбасына қаржылық көмек, 4 ата-ананы жұмысқа орналастыруға көмек көрсетілді.

Дата публикации
01 апреля 2021