Инклюзивті, арнаулы білім беру

Бүгінгі күні облыста жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған 7 білім беру ұйымы және өмірлік қиын жағдайда жүрген балаларды қолдау жөніндегі 2 орталық жұмыс істейді.

     2010 жылдан бастап жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарын қайта ұйымдастыру, ірілендіру және жабу жұмыстары жүргізілуде. Мысалы, егер 2010 жылы жоғарыда аталған 19 ұйым жұмыс істесе, жалпы саны 810 бала болса, 2020 жылы – 7, жалпы құрамы 322 тәрбиеленуші. Контингенттің азаюы және осы санаттағы мекемелер желісінің қысқаруы балаларды азаматтардың отбасыларына беру есебінен жүргізіледі.

    Жетім балаларды отбасылық орналастыру нысандарын насихаттау мақсатында жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында тұрақты негізде «Қуан, сәби» республикалық акциясы, «Ризашылық», «Қамқоршы күні», «Алғыс күні», «Отбасына барғым келеді» дәстүрлі мерекелері өткізіледі.

    Сондай-ақ, тұрақты негізде тәрбиеленушілердің туған отбасыларына бару жүзеге асырылады, онда микроклимат, әлеуметтік-тұрмыстық жағдайлар зерделенеді, құжаттарды ресімдеу мәселелері бойынша түсініктемелер беріледі.

     Асырап алушы ата-аналарды алып жүруді ұйымдастыру, оларға консультативтік көмек көрсету мақсатында қалалар мен аудандардың 13 білім бөлімінің жанында асырап алушы ата-аналар мектебі, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған 7 білім беру ұйымында отбасын қолдау қызметі, өмірде қиын жағдайға тап болған балаларды қолдаудың 2 орталығының жанында тәрбиеленушілерді отбасылық орналастыруға жәрдемдесу қызметі жұмыс істейді. Сонымен қатар, облыс әкімі мен «Ана үйі» ҚҚ атқарушы директоры арасында 2019 жылғы 23 қазанда жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды Қазақстан Республикасы азаматтарының отбасыларына орналастыру мәселелерінде өзара іс-қимыл туралы келісімге қол қойылды.

    347 жалпы білім беретін мектеп пен 8 мектеп-интернатта 108,2 мың оқушы қамтылған (99,3%) ыстық тамақ ұйымдастырылған. Санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкес ыстық тамақтануды ұйымдастыру үшін қажетті жағдайлардың болмауына байланысты бейімделген үй-жайларда орналасқан 2 (0,6%) ауылдық шағын жинақталған бастауыш мектепте (Ақтоғай ауданының Жалаулы НМ, Шарбақты ауданының Алға НМ)16 оқушыға буфеттік тамақтану ұйымдастырылды.

   63,3 мыңнан аса оқушы (оқушылардың жалпы контингентінің 59,6%) тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етілді, оның ішінде 18,3 мың оқушы әлеуметтік қорғалмаған және аз қамтылған отбасынан, жалпыға бірдей оқу қорының қаражаты есебінен тамақтанады және 1-4 сынып оқушылары (51351). Сонымен қатар, демеушілер қаражаты, жалпы білім беру қоры, «Келешек» бағдарламасы есебінен Аққулы ауданында 1-11 сынып оқушыларын тегін ыстық тамақпен 100% қамту қамтамасыз етілді.

    Соңғы 5 жыл бойы жалпы білім беру қорына аударымдар жалпы білім беретін мектептерді ағымдағы ұстауға арналған шығыстар сомасының кемінде 3%-ын құрайды, бұл әлеуметтік қорғалмаған және аз қамтылған отбасыларының барлық оқушыларын тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді (қажеттіліктің 100%-ы). Бұл мақсатқа жалпы оқыту қоры қаражатының 78% жұмсалады. 2020 жылға жалпы білім беру қорына аударымдардың жалпы сомасы 1479,6 млн.теңгені құрады, оның ішінде тамақтануға 1138,0 млн. теңге (2019 жылы - 1 млрд. 163 млн. теңге, оның ішінде ыстық тамақты ұйымдастыруға 909,2 млн. теңге).

   Мектеп оқушыларының тамақтануын қамтамасыз етуді мектеп әкімшілігі мен жалға алушы арасында жасалған келісім-шарттар аясында өткізілген конкурстық рәсімдер қорытындысы бойынша мектеп асханаларын жалға алушылар жүзеге асырады. Ыстық тамақ ұйымдастырылған 347 жалпы білім беретін мектептің 130 - ында (37,5%) - оқушылардың тамақтануын өнімді жеткізетін, Үй-жайлар мен жабдықтарды тиісті санитарлық жағдайда ұстауды қамтамасыз ететін жалға алушылар жүзеге асырады. 206 (59,3%) ауылдық шағын жинақталған мектептерде штаттық аспаздар ұйымдастырылады. 11 мектепте (3,2%) мемлекеттік-жеке меншік әріптестік механизмі арқылы жүзеге асырылады.

    Облыстың барлық жалпы білім беретін ұйымдарында Қазақ тағамтану академиясы мен ұлттық дұрыс тамақтану орталығы әзірлеген «Оқушылардың тамақтану рационы бойынша бірыңғай стандарттары» әдістемелік нұсқауларына сәйкес маусымдылықты (жаз - күз, қыс - көктем) ескере отырып, оқушылардың үш жас тобына (7-10 жас, 11-14 жас және 15-18 жас) 4 апталық перспективалық ас мәзірі жасалды.

     Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2015 жылғы 13 сәуірдегі №198 бұйрығымен бекітілген «Шалғайдағы ауылдық елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беру ұйымдарына және кері қарай үйлеріне тегін тасымалдауды ұсыну» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес (25.12.2017 ж. өзг. № 650), аталған қызметті кент, ауыл, ауылдық округ әкімі көрсетеді.

   2019-2020 оқу жылында тиісті білім беру ұйымдары жоқ елді мекендерден 3551 оқушы тасымалдау ұйымдастырылды.

Барлығы 106 автокөлік жұмылдырылды, оның ішінде ауылдық әкімдіктердің қарауындағы – 94, мектептерге тиесілі – 5, басқа меншік иелеріне-7 (жалға алу). 106 автокөліктің ішінде 56 автобус, 43 шағын автобус, 7 жеңіл автокөлік бар. Автокөлік уақтылы техникалық тексеруден өтеді. Автобустардың жағдайы қанағаттанарлық. Мектеп автобустарының жүргізушілерімен Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету және ЖҚЕ бұзушылыққа жол бермеу, сондай-ақ балаларды көлік құралына отырғызу және түсіру кезінде міндетті түрде авариялық сигнал беруді қолдану тақырыбына жүйелі түрде нұсқамалар өткізіледі. Қысқы кезеңде жолдарды тазалау әкімдіктер мен ТКШ бөлімдерінің тұрақты бақылауында.

2019 жылы Баянауыл ауданында 13,1 млн. теңге сомасына 1 автокөлік сатып алынды. 2020 жылдың бюджетінде 30 автобус сатып алуға 366,0 млн. теңге мөлшерінде қаражат бөлу көзделген.

Білім беру ұйымдарының интернет-ресурстарында «Қауіпсіз мектеп автобусы» айдары құрылған.

Дата публикации
20 апреля 2021