Қашықтықтан оқыту

Қала және аудан әкімдерімен келісілген, мектептерде қашықтықтан оқытуды ұйымдастыру жөніндегі жұмыстар алгоритмі

Іс-шаралар атауы

Білім беру басқармасының жанынан қашықтықтан оқыту мәселелері бойынша жобалау кеңсесін құру

Қашықтықтан оқытуды ұйымдастыру мәселелері бойынша білім беру басқармасы мен қалалық және аудандық білім беру бөлімдерінің жанындағы колл- орталықтардың жұмысын ұйымдастыру

Интернетке шығу мүмкіндігі жоқ және қашықтықтан оқытуды ұйымдастыру үшін қаражаты (компьютер, ноутбук, смартфон) жоқ оқушылар мен мұғалімдердің деректер базасын құру және бекіту)

«Балапан», «Ел Арна» ұлттық телеарналарына қолжетімділігі жоқ отбасылардың дерек қорын құру және бекіту

Қашықтықтан оқытуды ұйымдастыру үшін мұғалімдерге, оқушыларға, ата-аналарға көмек ретінде бейнесабақтар, бейнедәрістер, ақпараттық-білім беру платформаларының базасын құру

Қашықтық технологияларды қолдану деңгейін арттыру үшін мұғалімдерге, оқушыларға, ата-аналарға көмек ретінде бейнекурстар мен оқытатын бейнероликтер базасын құру

ЖАО, демеушілердің қаражатынан оқушыларды (бірінші кезекте халықтың әлеуметтік осал топтарының балаларын) қашықтықтан оқыту үшін құралдармен (компьютер, ноутбук, смартфон) қамтамасыз ету.

ЖАО, демеушілердің қаражатынан мұғалімдерді қашықтықтан оқыту құралдарымен (компьютер, ноутбук, смартфон) қамтамасыз ету.

Отбасыларды (бірінші кезекте көп балалы, аз қамтылған отбасылар) Отау - ТВ ұлттық телеарна жабдықтарымен және қызметтерімен қамтамасыз ету

Қашықтықтан оқытуды ұйымдастыру бойынша ата-аналар мен педагогикалық жұртшылық арасында кеңінен түсіндіру жұмыстарын жүргізу

Дата публикации
20 апреля 2021