Қазақстан Республикасының 2007-2024 жылдарға арналған тұрақты дамуға көшу тұжырымдамасын, «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын, білім беруді цифрландыру жөніндегі Жол картасының іс-шаралар жоспарын іске асыру мақсатында облыста тиісті инфрақұрылым құрылды.
Облыстың барлық 357 (100 %) мектебі кең жолақты Интернет желісіне қол жеткізе алады, жылдамдығы 4 Мбит/сек және одан жоғары (оның ішінде: 33 мектеп интернетке 4 Мбит/сек-тан, 54 мектеп 8 Мбит/сек-тан, 138 мектеп 10 Мбит/сек-тан, 2 мектеп 12 Мбит/сек-тан, 1 мектеп 12,5 Мбит/с-тан, 1 мектеп 13 Мбит/с-тан, 14 мектеп 15 Мбит/сек-тан, 20 Мбит/сек-тан 40 Мбит/сек-тан 24 мектеп, 50 Мбит/сек-тан 31 мектеп, 55 Мбит/сек-тан 1 мектеп, 60 Мбит/сек-тан 15 мектеп, 80 Мбит/сек-тан 1 мектеп, 100 Мбит/сек-тан 7 мектеп). Павлодар облысы мектептерінің 100% Wi-Fi рұқсат нүктелерімен қамтамасыз етілген.
Облыстың білім беру ұйымдарының компьютерлік паркінде 20,3 мыңнан астам бірлік бар. Компьютерлермен қамтамасыз ету 100% құрайды. 2012-2019 жылдар аралығында компьютерлік техниканың 13,9 мың бірлігі жаңартылды. 2019 жылы 668 компьютер сатып алынды. 2020 жылы жоспарланған 890 компьютер техникасының 502 бірлігі сатып алынды. Ағымдағы жылдың соңына дейін 388 бірлік техника сатып алу бойынша конкурстық рәсімдер жүргізілетін болады. Сондай-ақ, мемлекеттік-жекешелік әріптестік механизмі арқылы заманауи компьютерлік техникамен жабдықтау мәселесі пысықталуда.
«Күнделік» жүйесіне облыстың барлық мектептері қосылған (100%). Облыстың педагогтары мен оқушылары «BilimLand» платформасының цифрлық білім беру ресурстарын белсенді пайдаланады, оған облыстың 356 мектебі (99,7%) (онлайн режимде - 328, офлайн – 28) қол жеткізе алады. Сонымен қатар, 2019 жылдың қазан айындаБ. Ахметов атындағы, педагогикалық колледж базасында «BilimMediaGroup» ЖШС-мен бірлесіп, BilimLAB ресурстық орталығы ашылды. Бұл заманауи компьютерлік кабинет, ол мұғалімдерге IT-форматта оқуға және жұмыс істеуге мүмкіндік береді.
Ағымдағы оқу жылының төртінші тоқсанынан бастап «Kundelik» ААЖ жобасына 7 арнайы жалпы білім беретін ұйым қосылды. Қазіргі уақытта мектептер осы жүйені толтыруда. Арнайы білім беру ұйымдарының электрондық журналға толық өтуі 2020 жылдың 1 қыркүйегінен бастап жүзеге асырылады.
Павлодар облысының мектепке дейінгі білім беру жүйесінде 393 мектепке дейінгі ұйым жұмыс істейді, оның ішінде 155 балабақша және 238 шағын орталық. Бүгінгі күні мектепке дейінгі ұйымдардың қызметін автоматтандыру 393 (100%) мектепке дейінгі ұйымға енгізілді. Мектепке электронды түрде жазылу облыстың 357 (100%) мектебіне енгізілді.
Облыстың 68 жалпы білім беретін және мамандандырылған мектептерінде коворкингтерге ұқсас мұғалімдерге арналған заманауи кабинет – «Teacher ' soffice» жобасы іске асырылуда. Осы жобаны облыстың басқа мектептерінде тираждау бойынша жұмыстар жүргізілуде.
«Нұр Отан» партиясымен бірлесіп, балаларға арналған бағдарламалау дағдыларына оқыту бойынша 48 ақылы IT-сыныптар ашылды, оның ішінде 22-і ауылдық мектептерде. 4000-нан астам оқушы қамтылды. Қазіргі уақытта IT-сыныптарда балаларды арнайы бағдарламалар бойынша бағдарламалау дағдыларына оқыту жүргізілуде.
STEM-оқыту енгізілуде. Бағдарлама төрт бағытты қамтиды: бағдарламалау, инженерия, робот техникасы, 3D модельдеу. 8 STEM зертханасы ашылды (дарынды балаларға арналған облыстық көпсалалы лицей-интернат, «Жас дарын» мектебі, дарынды балаларға арналған №8 лицей-мектебі, Ертіс ауданының №2 ЖОМ, Павлодар қаласының №4 ЖОМ, 34 ЖОМ, Екібастұз қаласының №24 МГ, Ақсу қаласының №4 ЖОМ).
Өзекті және перспективті бағытты дамытуға білім беру ұйымдарының оқу жоспарының вариативтік бөлімінен сағаттар бөлінген.
Ертіс ауданында ағымдағы жылы мектеп кітапханаларын цифрландыру жұмыстары басталды. Ауданның барлық 26 мектебі Е-Kitaphana ақпараттық-талдау жүйесіне қосылды. Бұл жүйе аймақтың кітапхана қоры бойынша ақпаратты жүйелеуге және жинақтауға, әр оқу жылына әдебиеттерді сатып алуға орталықтандырылған тапсырысты қалыптастыруға арналған.
Уақытты, қағаз құжат айналымын қысқарту, қаражатты үнемдеу, қолданылған ресурстардың тиімділік коэффициентінің өсуі, халықты қанағаттандыру дәрежесі, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмау мақсатында ағымдағы жылдың тамыз айына дейін Павлодар қаласының «Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарына денсаулығына байланысты ұзақ уақыт бойы бара алмайтын үйде жеке тегін оқытуды ұсыну», «Негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқуға рұқсат беру», «Негізгі орта, жалпы орта білім туралы құжаттардың телнұсқаларын беру», «Жалпы білім беретін мектептерде білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына тегін және жеңілдікпен тамақтандыруды ұсыну», «Аз қамтылған отбасы балаларының қала сыртындағы және мектеп жанындағы лагерьлерде демалуы үшін құжаттарды қабылдау және жолдама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді автоматтандыру жоспарланған.
Аталған жоба Павлодар қаласының білім беру саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді 100% автоматтандыруға мүмкіндік береді.
Бүгінгі күні облыстың 24 техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында "Platonus-college" автоматтандырылған жүйесін енгізу бойынша жұмыстар жүргізілуде. Платформа колледждің оқу-тәрбие процесі туралы ақпаратты жинау, сақтау және өңдеу, контингент қозғалысын автоматтандыру, студенттердің үлгеріміне мониторинг жүргізу, ата-аналар бақылауы, есеп беруді қалыптастыруға арналған.
«Цифрлық Қазақстан» бағдарламасын іске асыру аясында «Әкімшілік-шаруашылық қызметті есепке алу мен жоспарлаудың бұлтты ақпараттық жүйесі» жобасы енгізілуде. Жобаны қаланың 230 білім беру объектілеріне енгізу жоспарлануда (Павлодар қаласы - 55 мектеп, 70 балабақша, 10 мектептен тыс мекеме, Ақсу қаласы - 8 мектеп, 15 балабақша, Екібастұз қаласы-28 мектеп, 26 балабақша, басқа ұйымдар-18). Осы бағдарламалық өнімнің артықшылығы Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына, халықаралық қаржылық есеп стандарттарына және елдің ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкес келетін стандартты баптаулары бар бірыңғай бұлтты платформа құру болып табылады. Бағдарлама бухгалтерлік есепті, бюджеттік жоспарлауды және қаржыландыруды, контингент пен кадрлардың есебін, оқу-әдістемелік қорды, құжат айналымын, бірыңғай жүйедегі шаруашылық есебін жүргізуді қамтиды. Тиісті инфрақұрылымы бар: Павлодар қаласындағы «Қазақтелеком» АҚ байланыс орталығының сервистік қызмет көрсетуі, қолданушыларды оқыту.