«Павлодар облысы әкімдігі Павлодар облысы білім беру басқармасының «Облыстық мамандандырылған әскери мектеп-интернаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Қабанбай батырдың есімін беру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасына ТҮСІНДІРМЕ ЖАЗБА

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

А.Ұ. Маминге

 

«Павлодар облысы әкімдігі Павлодар облысы білім беру басқармасының «Облыстық мамандандырылған әскери мектеп-интернаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Қабанбай батырдың есімін беру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасына

ТҮСІНДІРМЕ ЖАЗБА

 

  1. Жобаны әзірлеуші мемлекеттік органның атауы.

Павлодар облысының әкімдігі.

  1. Тиісті нормативтік құқықтық актілерге, Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттардың нормаларына, Қазақстан Республикасы қатысушы болып табылатын халықаралық ұйымдардың шешімдеріне, Үкімет пен Кеңсе басшылығының хаттамалық және өзге де тапсырмаларына жасалған сілтемесі бар жобаны қабылдаудың негіздемелері және/немесе оны қабылдау қажеттілігінің басқа да негіздемелері.

         Жобаны қабылдаудың негіздемесі - «Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының             1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 10-бабы 4-1) тармақшасын, «Қазақстан Республикасының аумағындағы әуежайларға, порттарға, теміржол вокзалдарына, теміржол стансаларына, метрополитен стансаларына, автовокзалдарға, автостансаларға, физикалық-географиялық және мемлекет меншігіндегі басқа да объектілерге атау беру, сондай-ақ оларды қайта атау, олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту және мемлекеттік заңды тұлғаларға, мемлекет қатысатын заңды тұлғаларға жеке адамдардың есімін беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 5 наурыздағы
№ 281 Қаулысы және Қазақстан Республикасы Үкiметi жанындағы Республикалық ономастика комиссиясының 2020 жылғы
4 желтоқсандағы қорытындысы.

  1. Жоба бойынша қаржылық шығындардың қажеттілігі және оның қаржылық қамтамасыз етілуі, оның ішінде қаржыландыру көзі, сондай-ақ қажет болған жағдайда Республикалық бюджет комиссиясының шешімі (тиісті есептемелер, қаржыландыру көзіне сілтеме, Республикалық бюджет комиссиясы шешімінің көшірмесі міндетті түрде түсіндірме жазбаға қоса беріледі).

         Жобаны жүзеге асыру республикалық және жергілікті бюджеттер есебінен қосымша қаржыны талап етпейді. Қаржыландыру демеуші есебінен жүргізіледі.

  1. Жоба қабылданған жағдайда болжанатын салдар.

Жобаны қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық және (немесе) құқықтық салдарларға алып келмейді. Жоба қабылданған жағдайда мекеменің атауы өзгереді және тарихи тұлғаның есімі ұлықталады.

  1. Нақты мақсаттар мен күтілетін нәтижелердің мерзімі.

Жобаны дайындаудың мақсаты - «Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының            1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 10-бабы 4-1) тармақшасын,    «Қазақстан Республикасының аумағындағы әуежайларға, порттарға, теміржол вокзалдарына, теміржол стансаларына, метрополитен стансаларына, автовокзалдарға, автостансаларға, физикалық-географиялық және мемлекет меншігіндегі басқа да объектілерге атау беру, сондай-ақ оларды қайта атау, олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту және мемлекеттік заңды тұлғаларға, мемлекет қатысатын заңды тұлғаларға жеке адамдардың есімін беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 5 наурыздағы № 281 Қаулысын орындау.

Жоба қабылданған жағдайда мекеменің атауы өзгереді және тарихи тұлғаның есімі ұлықталады.

  1. Жобада қаралатын мәселелер және оларды іске асыру нәтижелері бойынша Президенттің және/немесе Үкіметтің бұрын қабылданған актілері туралы мәліметтер.

Қабылданбаған.

  1. Енгізілетін жоба қабылданған жағдайда, заңнаманы оған сәйкес келтіру қажеттігі (басқа нормативтік құқықтық актілерді қабылдау немесе қолданыстағы актілерге өзгерістер және/немесе толықтырулар енгізу талап етілетінін-етілмейтінін көрсету) не мұндай қажеттіліктің болмауы.

         Қажет етілмейді.

  1. Ұсынылған халықаралық шарттың жобасын кейіннен ратификациялау қажеттігі туралы ақпарат.

         Халықаралық шарт болып табылмайды.

  1. Мемлекеттік құпияларды және (немесе) қызметтік ақпаратты қамтитын жобаларды қоспағанда, Кеңсе Басшысы мен Байланыс және ақпарат министрлігінің 2011 жылғы 20 мамырдағы №25-1-32қбпү/22П-қбпү бірлескен бұйрығымен бекітілген "Қазақстан Республикасы Үкіметінің мобильдік кеңсесі" ақпараттық жүйесінде беруге рұқсат етілген қызметтік ақпарат тізбесіне сәйкес жобаларды және оларға материалдарды "Қазақстан Республикасы Үкіметінің мобильдік кеңсесі" ақпараттық жүйесі арқылы Үкімет мүшелерінің мобильдік құрылғыларына беру мүмкіндігі.

         Рұқсат етіледі.

  1. Қаулы жобасының мемлекеттік органның интернет-ресурсында, сондай-ақ ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында орналастырылғаны туралы ақпарат (күні, байт саны).

         Жоба облыс әкімдігінің pavlodar.gov.kz интернет-ресурсында және ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында 2020 жылдың                              22 желтоқсанында орналастырылды.

  1. Тауарлардың, көрсетілетін қызметтердің саудасына немесе зияткерлік меншік құқықтарына қатысты жобаның, сондай-ақ әлеуметтік мәні бар қаулы жобасына баспасөз релизінің уәкілетті мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарында орналастырылғаны туралы ақпарат.

         Талап етілмейді.

  1. Қаулы жобасының Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға және Қазақстан Республикасы қатысушы болып табылатын халықаралық ұйымдардың шешімдеріне сәйкестігі.

         Талап етілмейді.

  1. Үкімет актісін қолданысқа енгізуге байланысты жеке кәсіпкерлік субъектілері шығындарының азаюын және (немесе) ұлғаюын растайтын есептемелердің нәтижелері.

         Талап етілмейді.

  

         Павлодар облысының әкімі                                             Ә. Сқақов

 

Дата публикации
22 декабря 2020