Павлодар облысындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссиялардың қызметі

Кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия (бұдан әрі-Комиссия) тұрақты жұмыс істейтін алқалы орган болып табылады.

Мақсаты: кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстардың, құқық бұзушылықтардың, қадағалаусыз және панасыз қалудың алдын алу, олардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау проблемаларын кешенді шешу.

Негізгі міндеттері: балалармен, жасөспірімдермен және олардың отбасыларымен жұмыс жүргізетін кәмелетке толмағандардың қадағалаусыз және құқық бұзушылығының алдын алу жүйесінің барлық органдары мен мекемелерінің қызметін бақылау, үйлестіру және өзара іс-қимылын қамтамасыз ету.

Нормативтік-құқықтық база: Қазақстан Республикасының «Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы және балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы», «Білім туралы», «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы», «Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы туралы» Заңдары, Қазақстан Республикасының «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Кодексі, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілген Кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия туралы үлгілік ереже және балалардың құқықтарын қорғауға бағытталған басқа да нормативтік құқықтық актілер.

Облыстық, қалалық, аудандық Комиссиялар тиісті жергілікті атқарушы орган (әкімдік) жанынан төраға, төрағаның орынбасары, Комиссия мүшелері және хатшы құрамында құрылады.

Комиссиялардың құрамына тиісті мәслихаттардың депутаттары, ішкі істер, білім беру, мәдениет, денсаулық сақтау, әділет органдарының, жұмыспен қамту, қамқоршылық және қорғаншылық мәселелері жөніндегі уәкілетті органның, кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың, қадағалаусыз және панасыз қалудың алдын алуға мүдделі қоғамдық және өзге де ұйымдардың өкілдері кіреді.

Облыста барлығы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі 14 комиссия жұмыс істейді.

№

Комиссиялар атауы

Комиссия төрағасының ТАӘ, лауазымы

Комиссия хатшылары-ның ТАӘ

Байланыс телефоны

1

Павлодар облысының кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссиясы

Құрманова Айзада Амангелдіқызы – Павлодар облысы әкімінің орынбасары

Сюендыкова Гүлсім Дюсембайқызы

8(7182)652033

2

Павлодар қ. кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссиясы

Гладышева Светлана Анатольевна  – Павлодар қ. әкімінің орынбасары

Амангелдіұлы Марат

8(7182)321455

3

Екібастұз қ. кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссиясы

Маликова Мариям Даулетбекқызы – Екібастұз қ. әкімінің орынбасары

Жылқыбаева Үміт Жарылғапқызы

8(7187)340240

4

Ақсу қ.  кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссиясы

Қаппасов Балтабай Маданиұлы -  Ақсу қ. әкімінің орынбасары

Даутбаева Анар Болосқызы

8(71837)50343

5

Ақтоғай ауданының  кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссиясы

Оспанова Бибігүл Қонқышқызы – Ақтоғай ауданы әкімінің орынбасары

Абесинов Арман Мейрамұлы

8(71841)21434

6

Аққулы ауданының  кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссиясы

Қасымова Алма Жантемірқызы – Аққулы ауданы әкімінің орынбасары

Хасенова Амина Гафиуллақызы

8(71839)21019

7

Баянауыл ауданының  кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссиясы

Баденова Анар Балтабекқызы  – Баянауыл ауданы әкімінің орынбасары

 

Радикова Ботагөз Радикқызы

8(71840)91379

8

Железин ауданының  кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссиясы

Мұқышева

Айгүл Абайқызы – Железин ауданы әкімінің орынбасары

Ускембай

Әлия Бәкібайқызы

8(71831)22459

9

Ертіс ауданының  кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссиясы

Жүсіпов Нығман Муталяпұлы – Ертіс ауданы әкімінің орынбасары

Ковальчук Любовь Геннадьевна

8(71832)21477

10

Май ауданының  кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссиясы

Қадырова Самал Қанатқызы – Май ауданы әкімінің орынбасары

Жакупова Айжан Жұмабекқызы

8(71838)91107

11

Павлодар ауданының  кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссиясы

Нұрмағамбетов Қайрат Қайыржанұлы – Павлодар ауданы әкімінің орынбасары

Сманова Диана Серікқызы

8(7182)321125

12

Тереңкөл ауданының  кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссиясы

Ибраева  Раушан Қайыртасқызы –Тереңкөл ауданы әкімінің орынбасары

Танмурзина Әсемгүл Елубайқызы

8(71833)22612                    

13

Успен ауданының  кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссиясы

Жүніспаева

Сауле Олжабайқызы – Успен ауданы әкімінің орынбасары

Зеленова Лариса Алексеевна

8(71834)91249

14

Шарбақты ауданының  кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссиясы

Негманова Ризагуль Алексеевна – Шарбақты ауданы әкімінің орынбасары

Полякова Мария Григорьевна

8(71836)21414

 

Комиссиялардың жұмыс жоспарларына сәйкес білім беру ұйымдарында кәмелетке толмағандардың тұрғылықты жері бойынша әңгімелер, дәрістер, рейдтік іс-шаралар өткізіледі, қолайсыз отбасыларға, ювеналдық полиция комиссияларының есептерінде және топтарында тұрған отбасыларға барады. Қадағалаусыз қалған кәмелетке толмағандарды анықтау бойынша әкімшілік учаскелерді пысықтау, кешкі уақытта учаскелерді және көңіл көтеру орындарын пысықтау жүзеге асырылады.

Қорғаншылық және қамқоршылық органдарымен бірлесіп өмірлік қиын жағдайда жүрген кәмелетке толмағандарды анықтау және әлеуметтік оңалту, кәмелетке толмағандарды тәрбиелеу, оқыту, бағып-күту жөніндегі өз міндеттерін орындамайтын ата-аналарды (заңды өкілдерді) анықтау бойынша жұмыс жүргізіледі.

Комиссиялар құқық қорғау органдары, білім беру, денсаулық сақтау органдары кәмелетке толмағандар жасаған және оларға қатысты құқық бұзушылықтар, балалар мен жасөспірімдер, жарақаттанған балалар арасындағы суицидтік көріністер туралы ұсынатын мәліметтерге мониторингті жүзеге асырады.

Жыл бойы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссиялардың отырыстарында кәмелетке толмағандармен жұмыс жүргізетін мүдделі органдар мен құрылымдардың есептері тыңдалады, кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың, құқық бұзушылықтың, қадағалаусыз қалудың жай-күйі, суицидтік көріністердің алдын алу, жергілікті атқарушы органдардың «қатер тобындағы» балаларды анықтау және оларға уақтылы көмек көрсету жөніндегі жұмысы, қолайсыз отбасылармен және кәмелетке толмағандармен білім беру ұйымдары психологтарының жұмысы және басқа да мәселелер қаралады.

Кәмелетке толмағандарға қатысты қауіпсіздікті қамтамасыз ету, құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында Бала құқықтарын қорғауды күшейту, тұрмыстық зорлық – зомбылыққа қарсы іс-қимыл жасау және жасөспірімдер арасында суицидтік мәселелерін шешу жөніндегі 2020-2023 жылдарға арналған жол картасы әзірленді және бірқатар мемлекеттік органдардың күшімен іске асырылуда.

2020 жылдың 12 айында облыс Комиссияларымен барлығы 336 отырыс өткізілді. Отырыстарда 675 жоспарлы мәселе және 351 қолайсыз отбасыдан шыққан, құқық бұзушылық жасаған, қаңғыбастыққа бейім, оқудан және басқа да жағдайлардан жалтарған балалар бойынша материалдар қаралды. Қарау нәтижелері бойынша арнаулы білім беру ұйымдарына 33 кәмелетке толмаған бала жіберілді, 17 жетім бала және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар орналастырылды, тәрбиелеуден жалтарған 172 ата - анаға қатысты шаралар қабылданды, оның ішінде 29-ы жұмысқа орналастырылды.

151 жедел әрекет ету тобының жұмысы ұйымдастырылды. Топ құрамына учаскелік полиция қызметкерлері, мектептердің әлеуметтік педагогтары мен психологтары, аумақтық емханалар мен ФАП-тың патронаждық әпкелері кірді.

Бір жыл ішінде 3 мыңнан астам рейдтік іс-шаралар өткізілді, көмекке мұқтаж 500-ден астам отбасы анықталды.

 

Балалардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша қайда хабарласуға болады?

 

Call-орталықтар, Сенім телефондары

 

Облыс білім беру басқармасы - 321242, 650060

Павлодар қ.:  8(7182) 321455,  8(7182)301491

Екібастұз қ.:  8(7187) 340240, 8(7187) 280341, 8(7187) 771328

Ақсу қ.:  8(71837)50343, 8(71837)51212, 8(71837)63617

Железин ауданы:  8 (71831) 21226, 8(71831)21531, 8(71831)21287

Май ауданы:  8(71838)91107,  8(71838)91336,  8 (71838) 91441

Аққулы ауданы:  8 (71839)21019,  8(71839)21907,  8(71839) 21506

Успен ауданы:  8(71834)91937,  8(71834)91753,  8 (71834)91454

Ертіс ауданы:   8(71832)22538, 8(71832)21477

Шарбақты ауданы:  8 (71836)21414, 87183621701, 8 (71836)23377

Баянауыл ауданы:   8(71840)91379,  8(71840)92053,  8(71840)91459

Ақтоғай ауданы:  8 (71841)21118,  8(71841)21136

Тереңкөл ауданы:  8(71833)22612,  8(71833)24809,  8 (71833)21205

Павлодар ауданы:  8 (7182)321125, 8 (7182) 619403, 8 (7182) 617409

 

 

Балалармен төтенше оқиғалар анықталған кездегі іс-қимылдар

алгоритмі

 

 

Балалармен және балаларға қатысты төтенше жағдайларға жедел ден қою мақсатында:

  1. - Ата-аналар және/немесе осындай фактілерді көрген немесе білген басқа адамдар:

- жедел шұғыл көмекті шақырғаннан кейін, полицияға хабарлағаннан және т.б. (жағдайға байланысты) оқу орнына (сынып жетекшісіне, мұғалімге, білім беру ұйымының басшысына), егер бұл ұйымдастырылмаған бала болса (мектепке дейінгі мекемеге немесе мектепке бармаса), онда қорғаншылық органдарына немесе полицияға хабарлау.

- Кәмелетке толмағанның (кәмелетке толмағандар тобының) қатысуымен болған төтенше оқиға фактісі туралы белгілі болған органдар мен мекемелердің лауазымды адамдары:

- шұғыл шаралар қабылданғаннан кейін белгілі болған төтенше оқиға фактісі туралы органның немесе мекеменің басшысына дереу хабарлау;

- зардап шегушіге қажетті көмек түрлерін көрсету бойынша жедел ден қою шараларын қабылдау;

- балалардың деректерін, оқиғаның болжамды себептерін, оқиғаның барлық кәмелетке толмаған қатысушыларына қандай көмек көрсетілгенін (психологиялық, материалдық, әлеуметтік) көрсете отырып ақпарат ұсыну. Оқиға білім беру органдары мамандары мен педагог қызметкерлердің өз міндеттерін адал орындамауы себебінен болған жағдайда қызметтік тергеу және тұтастай алғанда проблеманы жою үшін жоспарланған іс-шаралар туралы материалдарды қоса беру қажет.

  1. Білім беру ұйымының басшысы жоғары тұрған органдарға хабарлайды.

3. Балалардың құқықтарын қорғау және қорғау функциялары бар органдар мен мекемелердің лауазымды адамдары төтенше оқиғалардың салдарын еңсеру және жою шеңберінде кәмелетке толмағандарға, олардың заңды өкілдеріне, құқық қорғау органдарына көмек көрсету жөнінде шұғыл шаралар қабылдауы тиіс.

Дата публикации
06 января 2021