|
№ |
Анықтаған жемқорық тәуекелдері |
Оларды жою бойынша ұсыныстар |
Орындау мерзімі |
Нақты орындау |
Жауапты тұлға |
Ескерту |
|
1. Рұқсат беру және келісу функцияларын іске асыруға байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау |
||||||
|
3 |
1) ҚР «Дене шынықтыру және спорт туралы» Заңының (бұдан әрі – Заң) 8-бабы, 1-тармағының 20-4)-тармақшасына сәйкес облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi атқарушы органы спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың) құрамына кіретін спортшыларға, олардың жаттықтырушыларына, сондай-ақ спорттың ойналатын түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (ұлттық құрама командалардың) құрамдарында қатысатын спортшыларға, олардың жаттықтырушыларына және клубтық командалардың жетекшілеріне ай сайынғы ақшалай жабдықталым төлемдерінің мөлшерін әзірлейді және бекітеді. Алайда, заң жүзінде ай сайынғы ақшалай үлесті төлеу, тоқтата тұру және тоқтату тәртібін реттейтін, Спортшыларға ай сайынғы ақшалай үлес төлеу қағидалары анықталмағандықтан, құқықтық ағаттық бар, бұл өз кезегінде біржақты шешім қабылдауды қиындатады және сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне әкеп соғуы мүмкін.
|
Спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың) құрамына кіретін спортшыларға, олардың жаттықтырушыларына, сондай-ақ спорттың ойналатын түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (ұлттық құрама командалардың) құрамдарында қатысатын спортшыларға, олардың жаттықтырушыларына және клубтық командалардың жетекшілеріне ай сайынғы ақшалай үлес төлеу қағидаларын әзірлеу және бекіту қажеттілігі туралы Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігіне хат жолдау. |
2023 жылғы 1 қыркүйек |
ҚР Туризм және спорт министрлігіне 2023 жылғы 8 қыркүйекте шығ. № 03-03/764 –хат жолданды.
2023 жылғы 30 қыркүйектегі кіріс №_14-12-26/22803- жауабы келіп түсті
|
Спорт бөімі |
Кольев О.В. |
|
2. Қаржы-шаруашылық қызметпен байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау |
||||||
|
5 |
Басқарманың қызметтердің түрлі ақылы түрлерін ұсынатын, КМҚК (коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорын) және КММ (коммуналдық мемлекеттік мекеме) ұйымдастыру-құқықтық нысанындағы ведомстволық бағынысты 30 кәсіпорны бар. Алайда, қолданыстағы нормативтік құқықтық актілер спорт саласындағы ұйымдардың ақылы қызметті ұсыну тәртібін реттемейді. Өз кезегінде бұл жағдайлар сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне әкелуі мүмкін.
|
Дене шынықтыру және спорт саласындағы мемлекеттік кәсіпорындар мен коммуналдық мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізу жөніндегі ақылы қызмет түрлерін көрсету және олардың тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түскен ақшаны жұмсау қағидаларын бекіту қажеттігі туралы Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігіне хат жолдау |
2023 жылғы 1 қыркүйек |
ҚР Туризм және спорт министрлігіне 2023 жылғы 8 қыркүйекте шығ. № 03-03/762 хат жолданды.
2023 жылғы 30 қазандағы кіріс Вх. №_15-04-12/1542-И жауабы келіп түсті |
Қаржылық-экономикалық бөлімі |
Омарбекова Ж.Д. |