Меню

Ұялы байланыс
Бекітілген байланыс
Пошта байланысы
Ұялы байланыс сапасын тексеру
Қазақстан Республикасының радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат беру
Байланыс саласындағы жаңа технологиялар мен инфрақұрылымды дамыту
Байланыс саласындағы мемлекеттік саясат
«Павлодар облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы» ММ сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің тізілімі

№

Анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелі

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою жөнінде ұсынымдар

Ұсынымды орындау нысаны

Уәкілетті органның ұстанымы

Орындау мерзімі

1.

Мемлекет басшысының Үкіметтің кеңейтілген отырысында сөйлеген сөзіне сәйкес, ЕРС-келісімшарттарды қолдану бөлігінде мемлекеттік сатып алу жүйесін, мемлекеттік-жекешелік әріптестікті, құрылыс саласын реттеуді реформалау туралы айтылды.

Сілтеме: https://www.akorda.kz/ru/vystuplenie-glavy-gosudarstva-kasym-zhomartatokaeva-na-rasshirennom-zasedanii-pravitelstva-71442.

Осыны негізге ала отырып, өңірлердің қала құрылысы құжаттамасына сәйкес ескі (авариялық) үйлерді бұзу және жаңа көппәтерлі тұрғын үйлер, кешендер мен шағын аудандар салу есебінен тұрғын үйді жаңартуды іске асыру жобаларына осы қолдануды енгізу ұсынылады.

Жеке инвестициялар есебінен ескірген (авариялық) тұрғын үйді бұзу және тұрғын үй салу кезінде туындайтын мәселелер:

1. Жаңа тұрғын үй салу үшін жер учаскесін (бұдан әрі – ЖУ) рәсімдеу кезінде кондоминиумды сәйкестендіру, ЖУ-нің нысаналы мақсатын өзгерту, абаттандыру және инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым (бұдан әрі – ИКИ) үшін қосымша жер учаскесін бірнеше рет қайта рәсімдеу.

Бұл рәсімдер жер учаскесін ресімдеу және жобалау-сметалық құжаттаманы (бұдан әрі – ЖСҚ) дайындау процессін кешіктіреді;

2. ИКИ үшін қуаттар болмаған жағдайда, жеке инвестор үшін айтарлықтай қымбаттауды қамтамасыз ететін тоқсанішілік, тоқсанаралық және магистральдық желілерді салу қажеттілігі туындайды.

 

Механизмді реттеу және сипаттау үшін құрылыс және тұрғын үй – коммуналдық шаруашылық істері комитетіне үлестік құрылыс және МЖӘ (мемлекеттік-жекешелік әріптестік) туралы заңдар сияқты заңды, не тұрғын үйді жаңарту туралы заңға тәуекелді актіні әзірлеу жөнінде ұсыныс енгізу.

 

Хат

Заңға тәуелді актіні әзірлеу мүмкіндігін қарастыру

2024 жылғы

1 қыркүйекке дейін

 

2.

«, «Ғимараттарды (құрылыстарды) ғибадат үйлеріне қайта бейіндеу (функционалдық мақсатын өзгерту) туралы шешім беру» - бұдан әрі Ереже.

птлҚазіргі уақытта, Ережеге сәйкес Павлодар облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы (бұдан әрі – Басқарма) ұсынылған құжаттарды қарайды, Мемлекеттік қызмет стандарттарының 5-тармағында көзделген жағдайда және негіздер бойынша келісуді не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты дайындайды.

 cfvАйта кету керек, Басқарма «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Заңды, сондай-ақ сәулет және қала құрылысы саласына кіретін ҚР ЕЖ және басқа да ережелерін басшылыққа алады.

Мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесінде елді мекеннің бас жоспарлары негізінде орындалған егжей-тегжейлі жоспарлау жобаларынан және (немесе) құрылыс салу жобаларынан көшірменің, сондай-ақ әзірленіп жатқан объект туралы, оны жер учаскесіне орналастыру туралы деректерді қамтитын эскиздің (эскиздік жобаның) жоқ екені анықталды, онда әзіленіп жатқан объект туралы, оның жер учаскесінде орналасуы туралы деректер, құрылыс, конструктивтік қателіктерді болдырмауға, объектіні бағалауға мүмкіндік беретін негізгі техникалық, сәулеттік шешімдер мен конструктивтік параметрлер болады.

Мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесінде көшірменің болмауы мемлекеттік қызметті келісу не көрсетуден бас тарту туралы жауапты уақытылы ұсынбау қаупін тудырады, осыған байланысты жоғарыда көрсетілген құжаттарсыз неғұрлым дәл негізгі техникалық, сәулеттік және конструктивтік параметрлерді белгілеу мүмкін емес болып табылады.

Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам Министрлігінің Дін істері комитетіне эскиз (эскиздік жоба) тармағын қажетті құжаттар тізбесіне енгізу туралы ұсыныс енгізу.

 

Хат

Құжаттар құрамына эскиздік жобаны енгізу мүмкіндігін қарастыру

2024 жылғы

1 қыркүйекке дейін

 

3.

«Қала құрылысы жобаларын әзірлеу, келісу және бекіту қағидаларын бекіту туралы» бұйрыққа толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің 2020 жылғы 30 қыркүйектегі №505 бұйрығына сәкес қоғамдық талқылаулар мынадай жағдайларда ашық жиналыс арқылы жүргізіледі: 1) ЕТЖЖ жобасын немесе құрылыс салу жобасын әзірлеу туралы шешім қабылдау.

Қолданыстағы Қағидалардың 3-тарауына сәйкес құрылыс салу жобаларын бекітудің регламенттелген мерзімдері жоқ.

Құрылыс жобаларын келісу және бекіту мерзімдерін айқындау бойынша құрылыс және тұрғын үй – коммуналдық шаруашылық істері комитетіне ұсыныс енгізу.

Хат

Мерзімдерді белгілеу

2024 жылғы

1 қыркүйекке дейін

 

Документы
Новости
Полезные материалы
Медиагалерея
События
Реализуемые проекты
Услуги
Организации
Часто задаваемые вопросы

Социальные медиа

Facebook
Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы