Меню

Ұялы байланыс
Бекітілген байланыс
Пошта байланысы
Ұялы байланыс сапасын тексеру
Қазақстан Республикасының радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат беру
Байланыс саласындағы жаңа технологиялар мен инфрақұрылымды дамыту
Байланыс саласындағы мемлекеттік саясат
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері бойынша кейбір ведомстволық бағынысты бөлімдердің/білім беру ұйымдарының қызметінде жұмыс тобы мынадай сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтады

Қазақстан Республикасы

Оқу-ағарту министрлігі

 

Павлодар облысының білім беру басқармасы (бұдан әрі - Басқарма) хабарлайды.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері бойынша кейбір ведомстволық бағынысты бөлімдердің/білім беру ұйымдарының қызметінде жұмыс тобы мынадай сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтады:

1) облыстың мамандандырылған мектептерінде 2022-2023 оқу жылына арналған конкурстық іріктеуді Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 12 қазандағы «Бастауыш, негізгі орта, жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» № 564 бұйрығы негізінде «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы өткізді.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелі:

Сонымен қатар, мамандандырылған мектептер оқу жылы ішінде бос орындарға конкурстық іріктеу өткізген кезде сыбайлас жемқорлық тәуекелі бар.

Мәселен, Қағиданың 45-тармағы 2-тарауына сәйкес «Мамандандырылған білім беру ұйымы 8-11 сыныптарда орын босату кезінде конкурстық іріктеуді өз бетінше жүргізеді».

Осы сыбайлас жемқорлық тәуекелін жою мақсатында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 12 қазандағы «Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» № 564 бұйрығына өзгерістер енгізуді ұсынамыз.

Осылайша, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің ашықтығын қамтамасыз ету және барынша азайту мақсатында Қағидаларда білім беру ұйымының тәуелсіз комиссия құруын және оның құрамына білім беру басқармасының, үкіметтік емес ұйымдардың, ата-аналар жұртшылығының өкілдерін және мемлекеттік органдар мен ұйымдардың басқа да мүдделі емес өкілдерін қосуды белгілеу ұсынылады.

2) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 27 сәуірдегі № 165 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын, жетім балалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды өз отбасына тәрбиелеуге қабылдауға тілек білдірген Қазақстан Республикасының азаматтарын психологиялық даярлау бағдарламасының мазмұнына қойылатын талаптарды, оларды психологиялық даярлау бағдарламасының мазмұнына қойылатын талаптардың 2-тарауы 3-тармағына сәйкес «психологиялық даярлау жетім балалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды Қазақстан Республикасы азаматтарының отбасыларына орналастыруға жәрдемдесетін ұйымдармен, сондай-ақ жетім балалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарымен, аталған ұйымдардың қаражаты есебінен жүзеге асырылады».

Жоғарыда көрсетілген бұйрықтың 2-тарауы 9-тармағына сәйкес сертификат беруді есепке алу оларды қосымшаға сәйкес нысан бойынша сертификаттар беруді есепке алу журналына тіркеу арқылы ұйымдармен жүзеге асырылады.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелі:

Заңның бұл нормасы сыбайлас жемқорлыққа жатуы мүмкін, себебі бұл қызмет автоматтандырылмаған, сертификат беру кезінде патронаттық ата-аналарға кандидат пен осы психологиялық дайындықты жүзеге асыратын патронаттық ата-аналар мектебінің жаттықтырушысы тікелей байланыста болады.

Бұл факт жетім балаларды, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды субъективті себептер бойынша өз отбасына тәрбиелеуге қабылдағысы келетін Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын Қазақстан Республикасының азаматтарын психологиялық даярлаудан ресми түрде өтуіне әкеп соғуы мүмкін.

Осы сыбайлас жемқорлық тәуекелін жою мақсатында сертификат беруді есепке алуды автоматтандыруға қатысты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 27 сәуірдегі «Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын, жетім балалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды өз отбасына тәрбиелеуге қабылдауға тілек білдірген Қазақстан Республикасының азаматтарын психологиялық даярлау бағдарламасының мазмұнына қойылатын талаптарды, оларды психологиялық даярлау жөніндегі қызметті ұйымдастыру тәртібін және осындай даярлықтан өткені туралы сертификаттың нысанын бекіту туралы» № 165 бұйрығына өзгерістер енгізуді ұсынамыз.

3) Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 27 тамыздағы № 381 бұйрығымен бекітілген Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға, орта білім беруге, балаларға қосымша білім беруге және техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру қағидаларының 4-тарауы 59-тармағына сәйкес (бұдан әрі - Қағидалар) облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың, жергілікті атқарушы органдары балаларға қосымша білім берудің білім беру бағдарламаларын іске асыратын ұйымдарда балаларға қосымша білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастырады және бір баланы қамтамасыз ету орташа құнын айқындайды.

Қағидалардың 71-тармағына сәйкес комиссия құжаттарды қарау нәтижелері бойынша мынадай шешімдердің бірін қабылдайды:

1) Балаларға қосымша білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру жөніндегі ұйымдардың тізбесіне енгізу;

2) Егер ол осы Қағидалардың 66-тармағына сәйкес келмесе, Ұйымда балаларға қосымша білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру жөніндегі ұйымдардың тізіміне енгізуден бас тартуға құқығы бар.

Сонымен қатар, осы Қағидаларда қосымша білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын алуға арналған конкурсқа қатысатын ұйымдар арасында орындар санын бөлу тәртібі регламенттелмеген.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелі:

Заңның бұл нормасы сыбайлас жемқорлыққа жатуы мүмкін, себебі қолданыстағы құқықтық алшақтық негізінде белгілі бір ұйымдарға көбірек орын беру түрінде артықшылық берілуі мүмкін.

Осы сыбайлас жемқорлық тәуекелін жою мақсатында Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 27 тамыздағы № 381 бұйрығымен бекітілген «Еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру қағидаларына» өзгерістер енгізу.

4) «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы кодекстің» 62-бабына сәйкес бала отбасында өз мүдделерін қозғайтын кез келген мәселені шешу кезінде өзінің пікірін білдіруге, сондай-ақ кез келген сот немесе әкімшілік ісін қарау барысында тыңдалуға құқылы. Бұл өз мүдделеріне қайшы келетін жағдайларды қоспағанда, он жасқа толған баланың пікірі міндетті түрде ескерілуге тиіс. Осы Кодексте көзделген жағдайларда қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органдар немесе сот он жасқа толған баланың және заңды өкілдердің қатысуымен өзі берген келісімімен ғана шешімді қабылдай алады.

Баланың пікірі ата-анасының немесе баланың тұратын жері бойынша басқа да заңды өкілдерінің қатысуымен қабылданған қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органның шешімімен ресімделеді.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелі:

Бала кәмелетке толғаннан кейін мысалы оның мұрасын (үйді сату) сатуға берген келісіміне талап арыз бере алады, себебі ол сол кезде 10 жасында әлі кішкентай болған, ата-анасының (қамқоршыларының) қысымы да болуы мүмкін.

Осы сыбайлас жемқорлық тәуекелін жою мақсатында бала саналы түрде шешім қабылдайтын 14-16 жасқа дейінгі балалардың жасын ұлғайту бөлігінде «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы кодекске» өзгерістер енгізуді ұсынамыз.

«Он жасқа толған баланың пікірін есепке алу туралы қорғаншылық және қамқоршылық органының шешімін беру» мемлекеттік қызмет көрсету нысаны қағаздан электрондық (ішінара автоматтандырылған) болып өзгертілсін.

5) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 24 сәуірдегі № 158 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік білім беру мекемелерінің білім алушылары мен тәрбиеленушілерінің жекелеген санаттарына қала сыртындағы және мектеп жанындағы лагерьлерде демалыс беруге арналған құжаттарды қабылдау және жолдамалар беру» мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінің 8- тармағына сәйкес мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтер тізбесіндегі тармақтарының бірі: 6) мәртебесін растайтын құжаттың көшірмесі: отбасыларынан шыққан балалар үшін, білім беру ұйымының алқалы басқару органы айқындайтын төтенше жағдайлардың және білім алушылар мен тәрбиеленушілердің өзге де санаттарының нәтижесінде шұғыл көмекті талап ететін - отбасының материалдық-тұрмыстық жағдайын тексеру негізінде алқалы органның шешімі болып табылады.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелі:

 Жұмыс тобы білім беру ұйымының алқалы басқару органы айқындайтын білім алушылар мен тәрбиеленушілердің өзге де санаттарының нақты анықтамасы болмағандықтан, заң нормасы сыбайлас жемқорлық болуы мүмкін деп санайды.

 Осы сыбайлас жемқорлық тәуекелін жою мақсатында қағидаларға өзгерістер енгізуге бастамашылық жасауды ұсынамыз, атап айтқанда білім алушылар мен тәрбиеленушілердің өзге санаттары кімнің көзделгенін көрсетуді (нақтылауды) ұсынамыз.

 6) «Он жасқа толған баланың пікірін есепке алу туралы қорғаншылық және қамқоршылық органының шешімін беру» мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларына сәйкес өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.

 Сыбайлас жемқорлық тәуекелі:

 Өтініш берушінің мүдделерін қолдау мақсатында өтініштердің түсу хронологиясы бойынша қызмет көрсетпеуге болады. Осы сыбайлас жемқорлық тәуекелін жою мақсатында тәрбие және оқу орны бойынша білім беру ұйымдарында куәландырылған кәмелетке толмаған баланың жазбаша келісімін қоса бере отырып, қызметті электрондық форматқа ауыстыру бөлігінде мемлекеттік қызмет көрсету ережесіне өзгерістер енгізуге бастамашылық жасауды ұсынамыз.

Документы
Новости
Полезные материалы
Медиагалерея
События
Реализуемые проекты
Услуги
Организации
Часто задаваемые вопросы

Социальные медиа

Facebook
Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы