|
ПАВЛОДАР ОБЛЫСТЫҚ АУМАҚТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫ |
ПАВЛОДАРСКАЯ ОБЛАСТНАЯ ТЕРРИТОРИАЛЬНАЯ ИЗБИРАТЕЛЬНАЯ КОМИССИЯ |
|
ҚАУЛЫ |
|
ПОСТАНОВЛЕНИЕ
|
. 29.06.2021 №. 91 .
Павлодар қаласы город Павлодар
2021 жылғы 25 шілдеге
тағайындалған аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің әкімдерін сайлауға республикалық бюджеттен жалпы сипаттағы трансферттер есебінен өтелетін аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің әкімдеріне кандидаттардың шығыстар мөлшерін белгілеу туралы
Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 28-бабының 3-тармағына, 33-бабының 2-1-тармағының 2-бөлігіне сәйкес Павлодар облыстық аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1) теледидар, радио арқылы бағдарламамен сөз сөйлеу және мерзімді баспа басылымдарында 0,1 баспа парақтан аспайтын 2 мақала жариялау -110 000 (бір жүз он мың) теңге сомасында;
2) сайлау алдындағы жария іс – шараларды өткізу және үгіт материалдарын шығару-50 000 (елу мың) теңге сомасында;
3) көлік шығыстары-50 000 (елу мың) теңге сомасында;
4) сайлаушылармен кездесу үшін үй – жайды жалға алу-10 000 (он мың) теңге сомасында.
|
Облыстық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы |
|
Г. Аманжолова |
|
|
|
|
|
Облыстық аумақтық сайлау комиссиясының хатшысы |
|
Д. Әбдімомынова |