
Қарлығаш Төлегенқызы, 1980 жылы туған, «Экономика» және «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандықтары бойынша екі жоғары білімі бар.
Ақсу қаласы және Павлодар қаласы әкімі аппараттарының әкімшілік-қаржы бөлімінің басшысы лауазымында жұмыс тәжірибесі бар.
2016 жылдан 2020 жылға дейін Павлодар облысы бойынша Ішкі аудит департаментінің мемлекеттік аудиторы болып жұмыс істеді.
Соңғы жұмыс орны – Павлодар қаласы қаржы бөлімінің сектор меңгерушісі.
Мемлекеттік қызмет өтілі 18 жыл құрайды.