
Гүлнәр Тегінбайқызы 1966 жылы Павлодар облысы Қашыр кентінде дүниеге келген. 1990 жылы Алматы шетел тілдері педагогикалық институтын «француз және неміс тілдері» мамандығы бойынша аяқтаған.
Еңбек жолын 1987 жылы Екібастұз қаласының № 39 балабақшасының тәрбиешісі болып бастап, одан кейін Екібастұз қаласының №18 орта мектебінің шет тілі мұғалімі, №10 орта мектебінің француз тілі мұғалімі болып жұмыс істеді.
2000 жылдан 2002 жылдар аралығында «Қайсар» ЖШС хатшысы, «Қызмет-сервис» МКҚК кезекші әкімшісі болып қызмет етті.
2002 жылдан 2003 жылға дейін - Павлодар облысы әкімі аппаратының кезекші әкімшісі, курьер, хатшы-машинисі.
2003 жылдан 2004 жылға дейін - Павлодар облысы әкімі аппараты бақылау бөлімінің бас маманы.
2004 жылдан 2005 жылға дейін - Павлодар облысы әкімі аппараты құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің қызметтік құжаттама секторының жетекші маманы.
2005 жылдан 2009 жылға дейін - Павлодар облысы әкімі аппараты құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің жетекші маманы, бас маманы.
2009 жылдан 2014 жылға дейін - Павлодар облысы әкімінің бас инспекторы.
2014 жылдан 2020 жылға дейін - Павлодар облысы әкімінің аппараты құжаттамалық қамтамасыз ету және бақылау бөлімі қызметтік хат-хабарлар секторының облыс әкімінің бас инспекторы.
2020 жылы шілде айында Павлодар облысы әкімінің аппараты құжаттамалық қамтамасыз ету және бақылау бөлімінің басшысы болып тағайындалды.