Железин ауданының әкімдігінің елтаңбасы

Меню

Страницы

Статья

Озерный ауылдық округі әкімінің 2020жылға арналған мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы қызметі туралы есепті көпшілік алдында талқылау өткізудің қорытындысы

Қазақстан Республикасының  2013 жылғы 15 сәуірдегі  «Мемлекеттік қызмет туралы»Заңының 23 бабына сәйкес,аудандардың жергілікті атқарушы  органдары,селолық округтің әкімдері жылына кемінде бір рет қызмет берушілер,мүдделі жеке және заңды тұлғалардың  қатысуымен мемлекеттік қызмет көрсету саласында есепті көпшілікте талқылауды өткізіп отырады.

Мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы қызмет туралы есептерді талқылауды жүргізу жетекшілік ететін салада мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелерін реттейтін жергілікті атқарушы органдар қабылдаған және жоспарлаған іс-шаралар туралы халықты хабардар етуге бағытталған.

Көпшілік талқылаулар сондай-ақ көрсетілетін қызметті берушілер қызметінің есептілігі мен ашықтығы, мемлекеттік қызметтердің сапасы мен қол жетімділігі, мемлекеттік қызметтер көрсету процесін үнемі жетілдіру, оларды көрсетудің үнемділігі мен тиімділігі қағидаттарын іске асыруды қамтамасыз етуге арналған.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қыркүйектегі № 983 қаулысымен бекітілген мемлекеттік қызметтер Тізіліміне сәйкес, "Озерный ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі  2020 жылы 2 мемлекеттік қызмет көрсетті.

 2020 жылы барлығы 10 мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның ішінде:

1) «Шалғайдағы ауылдық елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беру ұйымдарына және қайта үйлеріне тегін тасымалдауды ұсыну»- 1 қызмет;

2) «Сауда - саттық (конкурстар, аукциондар) өткізуді талап етпейтін мемлекеттік меншіктегі жер учаскелеріне құқықтарды сатып алу» - 9 қызмет.

Халықты мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі мен мерзімдері туралы хабардар ету мақсатында бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі мен мерзімдері туралы мақалаларды жариялау арқылы халыққа  түсіндіру жұмыстары жүргізіледі.

«Ашық әкімдік» жобасын іске асыру мақсатында селолық округ әкімі аппаратының ғимаратында компьютермен, сканермен және принтермен жабдықталған өзіне-өзі қызмет көрсету секторы бар.

Есепті кезеңде көрсетілген мемлекеттік қызметтердің сапасына шағым түскен жоқ. Мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы құқықтық қайшылықтар, сондай-ақ ҚР заңнамасында олқылықтар анықталған жоқ.

Дата публикации
18 марта 2021
Дата обновления
18 марта 2021
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

27 октября 2026
2026 жылғы 29 қарашаға тағайындалған қазақстан республикасы мәслихаттары депутаттарының кезектен тыс сайлауында аудандар мәслихаттарының депутаттығына Кандидаттың республикалық бюджет қаражатынан жабылатын шығыстарының мөлшерлерін белгілеу туралы
17 октября 2026
Инфографикалар
Ақпарат
15 октября 2026
Бұқаралық ақпарат құралдары мен онлайн-платформаларды пайдаланушылар үшін сайлау алдындағы үгіт материалдарын орналастыру шарттары мен төлем мөлшері туралы мәліметтерді жариялау туралы АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы