
Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңының 23 бабына сәйкес, аудандардың жергілікті атқарушы органдары, ауылдық округтердің әкімдері жылына кемінде бір рет қызмет берушілер, мүдделі жеке және заңды тұлғалардың қатысуымен мемлекеттік қызмет көрсету саласында есепті көпшілікте талқылауды өткізіп отырады.
Мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы қызмет туралы есептерді талқылауды жүргізу жетекшілік ететін салада мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелерін реттейтін жергілікті атқарушы органдар қабылдаған және жоспарлаған іс-шаралар туралы халықты хабардар етуге бағытталған. Көпшілік талқылаулар сондай-ақ көрсетілетін қызметті берушілер қызметінің есептілігі мен ашықтығы, мемлекеттік қызметтердің сапасы мен қол жетімділігі, мемлекеттік қызметтер көрсету процесін үнемі жетілдіру, оларды көрсетудің үнемділігі мен тиімділігі қағидаттарын іске асыруды қамтамасыз етуге арналған.
Қазақстан Республикасы цифралау дамыту, инновация және аэрокосмостық кәсіпкер Үкіметінің Министідің м.а.2020 жылғы 31 қантардағы № 39/НҚ «Железин ауданының тізілімін бекіту туралы» қаулысымен бекітілген мемлекеттік қызметтер Тізіліміне сәйкес, "Қазақстан ауылдық округі әкімінің аппараты" мм-сі 2020 жылы 2 түрде мемлекеттік қызмет көрсетті.
2020 жылы барлығы 9 мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның ішінде:
1) «Мектепке дейінгі балалар ұйымдарына жіберу үшін мектепке дейінгі (7 жасқа дейін) жастағы балаларды кезекке қою» - 0 қызмет;
2) «Сауда - саттық (конкурстар, аукциондар) өткізуді талап етпейтін мемлекеттік меншіктегі жер телеміне құқық беру» - 7 қызмет.
«Ашық әкімдік» жобасын іске асыру мақсатында ауылдық округ әкімі аппаратының ғимаратында компьютермен, сканермен және принтермен жабдықталған өзіне-өзі қызмет көрсету секторы бар, осы жоба бойынша egov арқылы 30 астам мемлекеттік қызмет алалады (өткен есеп жылында азаматтарға 189 мемлекеттік қызмет көрсетілді)
ҚР «Мемлекеттік қызметтер туралы" Заңының 5-бабы, 2-тармағына сәйкес көрсетілетін қызметті берушілер мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін қажетті жағдайлар жасауға міндетті. «Железин ауданы Қазақстан ауылдық округінің әкім аппараты» ММ-де пандус және шақыру қонырау орналатырылған
Есептік кезеңде көрсетілген мемлекеттік қызметтердің сапасына шағым түскен жоқ және мемлекеттік қызмет көрсету мерзімінде бұзу қылықтар анықталған жоқ.
Тұрақты негізді ұжымда мемлекеттік қызмет көрсету заңдары туралы жалпыға бірдей құқықтық оқыту өткізіледі.