
Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі «Мемлекеттік қызмет туралы»Заңының 23 бабына сәйкес,аудандардың жергілікті атқарушы органдары,ауылдық округтің әкімдері жылына кемінде бір рет қызмет берушілер,мүдделі жеке және заңды тұлғалардың қатысуымен мемлекеттік қызмет көрсету саласында есепті көпшілікте талқылауды өткізіп отырады.
Мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы қызмет туралы есептерді талқылауды жүргізу жетекшілік ететін салада мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелерін реттейтін жергілікті атқарушы органдар қабылдаған және жоспарлаған іс-шаралар туралы халықты хабардар етуге бағытталған.
Көпшілік талқылаулар сондай-ақ көрсетілетін қызметті берушілер қызметінің есептілігі мен ашықтығы, мемлекеттік қызметтердің сапасы мен қол жетімділігі, мемлекеттік қызметтер көрсету процесін үнемі жетілдіру, оларды көрсетудің үнемділігі мен тиімділігі қағидаттарын іске асыруды қамтамасыз етуге арналған.
«Железин ауданының Веселорощин ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ Қазақстан Репуликасының цифрлық даму,инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің м.а. 2020 жылғы 31 қаңтардағы № 39 /НҚ бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер Тізіліміне сәйкес мемлекеттік көрсетіліетін қызметтердің 3 түрін көрсетеді.
2020 жылы барлығы 17 мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның ішінде:
1) «Мектепке дейінгі балалар ұйымдарына жіберу үшін мектепке дейінгі (7 жасқа дейін) жастағы балаларды кезекке қою» - 0 қызмет;
2) «Сауда - саттық (конкурстар, аукциондар) өткізуді талап етпейтін мемлекеттік меншіктегі жер учаскелеріне құқықтарды сатып алу» - 12 қызмет;
3) «Шалғай елді мекенде тұратын балаларға жалпы білім беру ұйымдарына және кері үйге тегін тасымалдауды ұсыну»-5 қызмет.
2020 жылы 08 желтоқсанда Веселорощин ауылдық округі әкімдігінде ZOOM режимінде халыққа мемлекеттік көрсету мәселесі бойынша азаматтарды онлайн қабылдау жүргізілді.
«Ашық әкімдік» жобасын іске асыру мақсатында ауылдық округ әкімі аппаратының ғимаратында компьютермен, сканермен және принтермен жабдықталған өзіне-өзі қызмет көрсету секторы бар,онда egov арқылы 30 дан аса мемлекеттік қызмет алуға болады (есепті кезеңде азаматтар 157 қызмет алды).
Ауылдық округ тұрғындары мынадай мәселелермен сұрақ қойды:
Барлық сұрақтарға түсініктеме берілді.
Тұрақты түрде, Железин ауданы әкімдігінің кестесіне сәйкес бұқаралық ақпарат құралдарында «Железин ауданының Веселорощин ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде көрсетілетін мемлекеттік қызметтер туралы мақалалар жарияланып тұрады.
ҚР «Мемлекеттік қызметтер туралы» Заңының 5-бабы, 2-тармағына сәйкес көрсетілетін қызметті берушілер мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін қажетті жағдайлар жасауға міндетті. «Веселорощин ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ шақырту батырмасы және пандус орнатылған.
Есепті кезеңде көрсетілген мемлекеттік қызметтердің сапасына шағым түскен жоқ. Мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы құқықтық қайшылықтар, сондай-ақ ҚР заңнамасында олқылықтар анықталған жоқ.