
Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңының 23 бабына сәйкес, аудандардың жергілікті атқарушы органдары,селолық округтің әкімдері жылына кемінде бір рет қызмет берушілер, мүдделі жеке және заңды тұлғалардың қатысуымен мемлекеттік қызмет көрсету саласында есепті көпшілікте талқылауды өткізіп отырады.
Мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы қызмет туралы есептерді талқылауды жүргізу жетекшілік ететін салада мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелерін реттейтін жергілікті атқарушы органдар қабылдаған және жоспарлаған іс-шаралар туралы халықты хабардар етуге бағытталған.
Көпшілік талқылаулар сондай-ақ көрсетілетін қызметті берушілер қызметінің есептілігі мен ашықтығы, мемлекеттік қызметтердің сапасы мен қол жетімділігі, мемлекеттік қызметтер көрсету процесін үнемі жетілдіру, оларды көрсетудің үнемділігі мен тиімділігі қағидаттарын іске асыруды қамтамасыз етуге арналған.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қыркүйектегі № 983 қаулысымен бекітілген мемлекеттік қызметтер Тізіліміне сәйкес, "Башмачин ауылдық округі әкімінің аппараты" мм 2020 жылы 3 мемлекеттік қызмет көрсетті.
2020 жылы барлығы 92 мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның ішінде:
1) «Мектепке дейінгі балалар ұйымдарына жіберу үшін мектепке дейінгі (7 жасқа дейін) жастағы балаларды кезекке қою» ;
2) «Сауда - саттық (конкурстар, аукциондар) өткізуді талап етпейтін мемлекеттік меншіктегі жер учаскелеріне құқықтарды сатып алу» .
3) «Шалғай елді мекенде тұратын балаларға жалпы білім беру ұйымдарына және кері үйге тегін тасымалдауды ұсыну»
Халықты мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі мен мерзімдері туралы хабардар ету мақсатында бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі мен мерзімдері туралы мақалаларды жариялау арқылы халыққа түсіндіру жұмыстары жүргізіледі.
«Ашық әкімдік» жобасын іске асыру мақсатында ауылдық округ әкімі аппаратының ғимаратында компьютермен, сканермен және принтермен жабдықталған өзіне-өзі қызмет көрсету секторы бар.
ҚР «Мемлекеттік қызметтер туралы" Заңының 5-бабы, 2-тармағына сәйкес көрсетілетін қызметті берушілер мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін қажетті жағдайлар жасауға міндетті. Көрсетілетің қызметті берушілер ауылдық округінің әкімі әркашан мерзімді бақалау жүргізуледі.
Железин ауданының әкімінің аппаратына айсайын жұмыс есеп ішке бақылау сапалы көрсетілетін берушілер береді.
Есепті кезеңде көрсетілген мемлекеттіқ қызметтердің сапасына шағым түскен жоқ. Мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы құқықтық қайшылықтар, сондай-ақ ҚР заңнамасында толқылықтар анықталған жоқ.