Железин ауданының әкімдігінің елтаңбасы

Меню

Страницы

Статья

Алакөл ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы қызметі туралы есебін жария талқылау қорытындысы

Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңының 23-бабына сәйкес аудандардың жергілікті атқарушы органдары, ауылдық округтердің әкімдері көрсетілетін қызметті берушілердің, мүдделі жеке және заңды тұлғалардың қатысуымен жылына кемінде бір рет мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызмет туралы есептерді жария талқылауды жүргізеді.

Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызмет туралы есептерді жария талқылауды өткізу жетекшілік ететін салада мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелерін реттейтін жергілікті атқарушы органдар қабылдаған және жоспарлаған іс-шаралар туралы халықты хабардар етуге бағытталған. Жария талқылаулар көрсетілетін қызметті берушілер қызметінің есептілігі мен ашықтығы, мемлекеттік қызметтердің сапасы мен қолжетімділігі, мемлекеттік қызметтер көрсету процесін тұрақты жетілдіру, оларды көрсетудің үнемділігі мен тиімділігі қағидаттарын іске асыруды қамтамасыз етуге де арналған.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қыркүйектегі № 983 қаулысымен бекітілген мемлекеттік көрсетілетін қызметтер Тізіліміне сәйкес, «Железин ауданы Алакөл ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ Енгізілген өзгерістер мен толықтыруларға сәйкес 2020 жылы мемлекеттік қызметтің 2 түрін көрсетті.

2020 жылы барлығы 8 мемлекеттік қызметке жүгінді, оның ішінде:

1) «Мектепке дейінгі балалар ұйымдарына жіберу үшін мектепке дейінгі (7 жасқа дейін) жастағы балаларды кезекке қою» - 0;

2) «Сауда - саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу» - 8.

Халықты мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мерзімдері туралы хабардар ету мақсатында бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мерзімдері туралы мақалаларды жариялау арқылы халықпен түсіндіру жұмыстары жүргізіледі.

«Ашық әкімдік» жобасын іске асыру мақсатында ауылдық округ әкімі аппаратының ғимаратында өзіне-өзі қызмет көрсету секторы бар, ол компьютермен, сканермен және принтермен жабдықталған. Есептік кезеңде 203 қызмет көрсетілді.

«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» ҚР Заңының 5-бабы 2-тармағына сәйкес көрсетілетін қызметті берушілер мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін қажетті жағдайлар жасауға міндетті.

Есепті кезеңде көрсетілген мемлекеттік қызметтердің сапасына шағымдар түскен жоқ. ҚР заңнамасында мемлекеттік қызметтер көрсету саласында құқықтық қайшылықтар, сондай-ақ олқылықтар анықталған жоқ.

Дата публикации
06 марта 2021
Дата обновления
06 марта 2021
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

17 октября 2026
Инфографикалар
Ақпарат
15 октября 2026
Бұқаралық ақпарат құралдары мен онлайн-платформаларды пайдаланушылар үшін сайлау алдындағы үгіт материалдарын орналастыру шарттары мен төлем мөлшері туралы мәліметтерді жариялау туралы АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА
Ақпарат
13 октября 2026
Хабарландыру

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы