Железин ауданының әкімдігінің елтаңбасы

Меню

Страницы

Статья

«Железин ауданының экономиканың нақты секторы бөлімі» ММ-нің 2020 жылғы мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы қызметі туралы есебін ашық талқылау

"Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңының 23-бабына сәйкес аудандардың жергілікті атқарушы органдары, ауылдық округтердің әкімдері жылына кемінде бір рет көрсетілетін қызметті берушілердің, мүдделі жеке және заңды тұлғалардың қатысуымен Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызмет туралы есептерге ашық талқылаулар өткізеді.

Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызмет туралы есептерді ашық талқылауды жүргізу жетекшілік ететін салада мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелерін реттейтін жергілікті атқарушы органдар қабылдаған және жоспарлаған іс-шаралар туралы халықты хабардар етуге бағытталған. Ашық талқылаулар, сондай-ақ көрсетілетін қызметті берушілер қызметінің есептілігі мен ашықтығы, мемлекеттік қызметтердің сапасы мен қол жетімділігі, мемлекеттік қызметтер көрсету процесін үнемі жетілдіру, оларды көрсетудің үнемділігі мен тиімділігі қағидаттарын іске асыруды қамтамасыз етуге арналған.

Мемлекеттік қызмет көрсету тізіліміне сәйкес ауданның экономиканың нақты секторы бөліміне 2020 жылы 7 мемлекеттік қызмет түрі бекітілді.

2020 жылдың кезеңінде 307 мемлекеттік қызмет көрсетілді. Көрсетілген қызметтердің 307 жалпы санынан  қызмет берушінің ақпараттық жүйелері арқылы электрондық түрде 112 қызмет көрсетілді, бұл 37% құрайды және  "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы арқылы  195 қызмет көрсетілді - 63 %.

Есепті кезеңде ең сұранысқа ие қызметтер:

- Қазақстан Республикасының аумағында мекен-жай нақтылау бойынша анықтама беру – 186 қызмет;

- Мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үй беру туралы – 84 қызмет.

Есепті жылы қызмет алушылардан көрсетілген мемлекеттік қызметтердің сапасына шағымдармен өтініштер түскен жоқ.

2020 жылдың қараша айында «Жобалау әзірлеу кезінде материалдарды ұсыну» қызмет «Е-лицензирование» жүйесі жарамсыз болғанымен уақытында орындалған жоқ. Нәтижесінде бөлім басшысына әкімшілік айыппұл салынды және жауапты бас маманға ескерту түрінде тәртіптік жаза қолданды.

Ай сайын және апта сайын Железин ауданы әкімінің аппаратына көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын ішкі бақылау бойынша жұмыс туралы және көрсетілген қызмет бойынша есеп ұсынылады.

Көрсетілетін қызметті алушыларды мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы хабардар ету мақсатында бұқаралық ақпарат құралдарында және Железин ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында мақалалар жариялау жолымен халықпен түсіндіру жұмыстары жүргізіледі.

Бөлімде мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы барлық қажетті ақпарат орналастырылған стенд бар, сондай-ақ компьютермен, сканермен, принтермен және картридермен жабдықталған өзіне-өзі қызмет көрсету секторы ұйымдастырылған.

 

Бөлім басшысы                                                         Е.Серикбаев

Дата публикации
05 марта 2021
Дата обновления
05 марта 2021
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

17 октября 2026
Инфографикалар
Ақпарат
15 октября 2026
Бұқаралық ақпарат құралдары мен онлайн-платформаларды пайдаланушылар үшін сайлау алдындағы үгіт материалдарын орналастыру шарттары мен төлем мөлшері туралы мәліметтерді жариялау туралы АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА
Ақпарат
13 октября 2026
Хабарландыру

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы