Железин ауданының әкімдігінің елтаңбасы

Меню

Страницы

Статья

2020 жылғы Железин ауданының мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімінің мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызметі туралы есепті қоғамдық талқылау

Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі «Мемлекеттік қызметтер туралы» Заңының 23-бабына сәйкес, аудандардың жергілікті атқарушы органдары, ауылдық округ әкімдері жылына кемінде бір рет қызмет көрсетушілердің, мүдделі жеке және заңды тұлғалардың қатысуымен мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызмет туралы есептерді ашық талқылау өткізеді.

Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызмет туралы есептерді қоғамдық талқылауды өткізу, бақыланатын салада мемлекеттік қызметтерді көрсетуді реттейтін жергілікті атқарушы органдар қабылдаған және жоспарлаған шаралар туралы халықты ақпараттандыруға бағытталған. Қоғамдық пікірталастар сонымен қатар қызмет көрсетушілердің есептілігі мен ашықтығы, мемлекеттік қызметтердің сапасы мен қол жетімділігі, мемлекеттік қызметтерді көрсету үдерісін, оларды үнемдеу мен тиімділігін үнемі жақсарту қағидаттарын іске асыруды қамтамасыз етуге арналған.

Железин ауданының жергілікті атқарушы органдары Қазақстан Республикасының цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі минстрінің м.а. 2020 жылғы 31 қаңтардағы № 39/НҚ бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер Тізіліміне сәйкес Железин ауданының мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөліміне 2020 жылы мемлекеттік қызметтердің 2 түрін көрсету тапсырылды, оның 1-і тікелей бөлім және 1-і «Железин ауданының жасөспірімдер спорт мектебі» КММ-нің ведомстволық бағынысты мекемесі болды.

Есепті кезеңдегі ең сұранысқа ие қызметтер «Балалар мен жасөспірімдер спорт мектептеріне, мүгедектерге арналған спорт мектептеріне құжаттар қабылдау» болып табылады.

Есепті жылы көрсетілетін қызметті алушылардан көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасына шағымдар түскен жоқ.

Бөлім басшысы мемлекеттік қызметтерді көрсету мерзімдерін үнемі қадағалап отырады. Мемлекеттік қызмет көрсетуде ешқандай бұзушылық болған жоқ.

Ай сайын Железин ауданы әкімі аппаратына көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасына ішкі бақылау жұмысы туралы есеп беріледі. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің саны туралы ақпарат апта сайын беріледі.

Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы қызмет алушыларды ақпараттандыру мақсатында бұқаралық ақпарат құралдарында және Железин ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында мақалалар жариялау арқылы тұрғындармен түсіндіру жұмыстары жүргізіледі.

Бөлімде мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібі туралы барлық қажетті ақпараттар, сондай-ақ компьютермен, сканермен және принтермен жабдықталған өзіне-өзі қызмет көрсету секторы бар стенд бар.

Бөлім басшысы                                                         У. Ақанов

Дата публикации
05 марта 2021
Дата обновления
05 марта 2021
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

17 октября 2026
Инфографикалар
Ақпарат
15 октября 2026
Бұқаралық ақпарат құралдары мен онлайн-платформаларды пайдаланушылар үшін сайлау алдындағы үгіт материалдарын орналастыру шарттары мен төлем мөлшері туралы мәліметтерді жариялау туралы АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА
Ақпарат
13 октября 2026
Хабарландыру

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы