
Железин аудандық сотымен қаруды сақтаужәне алып жүру фактісі бойынша Ресей азаматы Х-қа қатысты әкімшілік іс қаралды.
Іс материалдарна сәйкес, ағымдағы жылдың 16 қазанында «Үрлітөбе» «Ұрлітөбе» шекара бақылау бөлімінде, Мемлекеттік шекараны кесіп өту барысында Х. азаматтың басқаруындағы «ISUZU» маркалы автокөліктің ішінде,«Police 1101» маркалы электрлік-фонарь табылып,тәркіленді.
«Жекелеген қару түрлерінің айналымына мемлекеттік бақылау жасау туралы» ҚР-сы Заңының 15-б. 2-б. сәйкес, Қазақстан Республикасы азаматы иемденіп алған электрлік-фонарь иемденіп алынған күннен бастап бір апта мерзімде тұрғылықты жеріндегі ішкі істер органдарында тіркелуге тиіс. Тіркелу кезінде оған 5 жыл мерзіміне оны сақтау және алып жүру үшін рұқсат беріледі.
Сот қаулысымен азамат Х. ӘҚБтК-нің 482-б. 1-б. көзделген құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, қаруді тәркілеуімен, 38 892 теңге айыппұл түрінде жаза тағайындалды.
Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.
Железин аудандық сотының
баспасөз қызметі