Железин ауданының әкімдігінің елтаңбасы

Меню

Страницы

Статья

Жеке кәсіпкерге лицензияның қолданысын тоқтатуымен айыппұл салынды

Железин аудандық сотымен Қазақстан Республикасы заңнамасының алкоголь өнімін өткізу жөніндегі талаптарын бұзу фактісі бойынша жеке кәсіпкер Т.-ға қатысты, әкімшілік құқықбұзушылық туралы ісі қаралды.

Іс бойынша, азаматшы Т. жеке кәсіпкер бола тұра және Железин ауылында «Бейбарыс» дүкенінде кәсіпкерлік қызмет көрсете отыра,  ағымдағы жылдың 25 қарашасында күндізгі  11:50 сағатта  сатушы Н., этил спиртінің көлемді үлесі отыз пайыздан асатын, арақты сатқан.

Сот отырысында жеке кәсіпкер кінәсін толық мойындап, жеке кәсіпкер екенін және алкогольдік өнімді сатуға лицензиясы бар екенін көрсетіп, істеген іс-әрекетіне өкінді.

Сот, жасаған әкімшілік құқықбұзушылықтың ерекшілігін, кiнәлiнiң жеке басы, жауаптылықты жеңілдететін мән-жайды  ескере отыра, ӘҚБтК-нің 2 б. 829-11 бабына сәйкес әкімшілік айппұлдің көлемі отыз пайызға төмендетті.

Сот қаулысымен жеке кәсіпкер Т. ӘҚБтК-нің 200 бабы 3 бөлігімен көзделген әкімшілік құқықбұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып,   оған жаза ретінде 1 ай мерзімде алкоголь өнімдерін сатуға лицензияның қолданысын тоқтатуымен қоса, 30 пайызға төмендетуімен 77 784 теңге әкімшілік айыппұл  тағайындалды.                                                                       

Қаулы заң күшіне енген жоқ.

 

 Железин аудандық сотының

баспасөз қызметі

Дата публикации
28 января 2021
Дата обновления
28 января 2021
Тип

Сейчас читают

17 октября 2026
Инфографикалар
Ақпарат
15 октября 2026
Бұқаралық ақпарат құралдары мен онлайн-платформаларды пайдаланушылар үшін сайлау алдындағы үгіт материалдарын орналастыру шарттары мен төлем мөлшері туралы мәліметтерді жариялау туралы АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА
Ақпарат
13 октября 2026
Хабарландыру

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы